Білекті қоғам – салауатты қоғам

 

«Атакент» кешенінде күш қолданылатын спорт түрлерінен «Спорттық лига» фести­валі өтті. Осымен үшінші рет өтіп жатқан жарыс қаламыздың игі дәстүріне айналып үлгерді.  Жарыстар спортты дамытуға және қала тұрғындарын жаңа спорттық бағыт­тармен таныстыруға бағытталған. Фести­валь  Алматы қаласы әкімдігінің тікелей қолдауымен өтті.

Фестиваль барлық спорт түрлерін бірік­тіріп, кез-келген адамға чемпион атануға мүмкіндік береді.

Салауаттылықты серік еткен қатысу­шылар 3500 шаршы метр аумақта барлық армрестлинг, кроссфит, воркаут, стронг мэн және басқа да күш қолданылатын спорт түрлерінен бақ сынасып, өзара мықтыны анықтады.

Спорттық шара ұйымдастыру­шылары­ның бірі — «Мен алматылықпын»  қоғамдық  бірлестігі. Ал бұл ұйымның жетекшісі Кон­стантин Авершин «ұлттық спорт түрлерін де ұлықтауға тырысудамыз, келесі жылы асық атудан да жарыс өткізу жоспарда бар» деген болатын.

– Осы жылы қала әкімдігі бізге барынша қолдау көрсетті, оларға деген алғысымыз шексіз. Бұл жолғы біздің ұран «Өзіңнен баста» болды. Біз кәсіпқой спортқа көп көңіл бөлмей, тілек білдергендердің барлы­ғын қатыстыруды шештік. Яғни кез-келген адам келіп, сайысқа түсуге  мүмкіндік алды. Қай спорт түрі екені маңызды емес, кроссфит, армрестлинг немесе би болсын, ең бастысы, спортпен шұғылданып, дұрыс, дені сау қауыммен бірге болу. Әр жыл сайын қатысушылар саны өсіп келеді, келесі жылы бұдан да көп болады деген сенімдемін, – дейді  Константин Авершин.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, өзге мемлекеттердің әлемге әйгілі спорт­шылары мұндай шараларға қолдау көрсе­тіп, жыл сайын қонаққа келеді. Осы жылы Ресейден әлемнің үздік бестігіне кіретін ең мықты адам Михаил Шивляков және армрестлингтен Ресей чемпионы Василий Кузнецов фестивальге қатысты. Өткен жылы құрметті қонақ қатарында Михаил Кокляев, ал 2016 жылы әлем чемпионы, халықаралық дәрежедегі спортшы, боди­билдер Рамзес Тлякодугов келген болатын.

Айта кетер жәйт, фестиваль аясында армрестлингтен кәсіпқойлар арасындағы Қазақстан чемпионаты өтті, оның барлық салмақ санаттарындағы жеңімпаздары  Әлем чемпионатында ел намысын қорғай­ды.

 

Айдана ӘДІЛБЕКОВА,

Алматы ДШжС басқармасы баспасөз қызметі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *