БИІКТІК. КЕҢДІК. ТЕРЕҢДІК

Шөмішбай САРИЕВ,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын:

— Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына ризашылығымды білдіргім келеді.  Бірнеше мәрте оқып шықтым. Мақалаға ризамын. Елбасының бұған дейінгі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарлы еңбегінде де көптеген сали­қалы ойлар айтылып, бағыт-бағдар берілген еді. Қазақ жері­нің, Ұлы даланың қасиеті мен киелілігі жөнінде әркім айтуы, жазуы мүмкін. Бірақ бұл жөнінде Елбасының айтуы біз үшін үлкен ұлағатты дүние болды. 80-жылдары «Ұлылық» деген поэма жазған едім. Бұл еңбегімде таудай биіктік, дала­мыздай кеңдік және теңізіміздей терең­дік деген ұлылықтың үш өлшемі туралы айтқан едім. Бұл ретте «Ұлы дала­ның жеті қыры» туралы Елбасының халыққа өзі жеткізіп айтуы тегін емес. Мақалада тарих ғылымы дамуындағы кем­шін тұстары­мыз нұсқалып, нақты міндеттер айқындалды. Ұлы дала­мыздың тарихы бар. Бірақ сол тарих ұқыптап қаттал­мады, басқа өркениетті елдер­дегідей архивтерде қаз-қатар сақталмады. Соны түгендейтін кез жетті.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *