«Бетперде жоқ» деп қолдан дүрбелең жасамаңыздар!

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында Алматы қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің 2019 жылдық қорытынды есебі мен бүгінгі таңда өзекті мәселе болып отырғын коронавирус мәселесіне арналған брифинг болып өтті.

Құралай ИМАНБЕКҚЫЗЫ

Баспасөз мәслихатында Алматы қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіп­сіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова мен Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әсел Бисенбаева қатысты.

Басқосуда алғашқы мәселе әлемді алаңдатып отырған жұқпалы дертке байланысты болды. Департамент басшысы халықаралық стандарттар мен Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының (БДСҰ) мәліметтеріне сүйене отырып, бірқатар деректерге тоқталды. Сондай-ақ, қаламызда қауіпті жұқпаның алдын алу шаралары мен оны болдырмау бойынша нақты шаралар қолда­нылып жатқанын тілге тиек етті. Айзат Балтағұлқызының айтуынша, қала тұрғындарына қауіпті дертке байланысты қандай да бір жалған ақпараттарға сеніп, ел арасында дабыра тудырудың қажеті жоқ. Қала дәріханалары дәрі-дәрмектер мен бетперделермен толық қамтылған, барлығы жеткілікті. Бүгінде денсаулық сақтау мекемелерінде бір ретке тағатын 2 миллионнан астам бетперде (маска) бар, ал резервте 1,3 млн. данасы арты­ғымен тұр. Сондықтан ел арасында «бетперде жоқ» деп қолдан дүрбелең жасауға болмайды. Кейбіреулер қала дәріханаларынан №95 деген арнайы бетперде (маска) сатып алуды іздеп жүр екен. Естеріңізге сала кетейік, ол масканы негізінен, науқастармен тікелей байланыста жұмыс істейтін дәрі­герлер мен медицина қызметкер­лері, санитар­калар ғана қолданады. Ендеше, қала дәріханаларындағы бетперделерді жаппай сатып алып немесе көшелерде бетперде тағып жүруге еш негіз жоқ. Ал егер сіз тұмау немесе басқа да тыныс жол­дарына байланысты ауру жұқтыр­саңыз, ең дұрысы үйде жатып ем қабылда­ғаныңыз жөн. Өйткені, дәл қазіргі уақытта барлық жерлерде, әсіресе, халықаралық әуежай­лардағы санитар­лық бақылау пунктінде жолаушы­лардың дене қызуын тепловизор арқылы тексеріп, сақтық шараларын күшейтіп отыр. Сондай-ақ, ол көпшілік­ке мүм­кіндігінше халық көп шоғыр­ланатын орындарға жиі бармауға, қытай тағамдарымен байланысты мей­рамханалардан тамақ­танбауға кеңес берді. Ал өз кезегінде сөз алған Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшы­сының орын­басары Әсел Аман­жолқызы: «Іргеміз­дегі елде таралған бұл індетке ден­саулық сақтау саласы бей-жай қарап отырған жоқ. Қала­мыздағы барлық мекемелерде сани­тарлық-профи­лакти­калық шаралар күшейтілді. Бүгінгі таңда аурудың таралуына жол бермеу­дің және оның алдын алудың шаралары жүргізілуде. Десек те, біз қала тұрғындарына жеке бас гигиенасын қатаң сақтап, әрбір адамның тазалыққа көңіл бөлуін, тұмау тигізіп алудан сақтануын, сондай-ақ, жоғарыдағы вирус таралған елдерге саяхаттап баруды да әзірше доғара тұр­ғанын қалар едік. Шама келгенше сала­уатты өмір салтын ұстаны­ңыздар», – деп кеңес айтты.

Басқосуда осы мәселелерге байла­нысты түрлі сауалдар қойы­лып, барлығына сала басшылары тарапынан қанағаттанарлық жа­уаптар қайтарылды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *