Бесінші велошеру өтті

Алматыда ішек ауруларына шалдыққан адамдарды қолдау мақсатында бұқаралық  велошеру  өтті

«Спорттық Алматы» бағдарламасы аясын­дағы велошеру   «Я ЖИВУ С ВЗК» деп аталып, ішек ауруларымен күрес халықаралық күніне арналды. Бұл күн жыл сайын мамырдың 19-ы күні әлемнің 38 елінде аталып  өтіледі.  Бұл шара қала тұрғындары мен қонақтарын дер кезінде тексеріліп, ауруды алдын алу туралы хабардар етуге, сонымен қатар, халықтың денсаулығын нығайтуға бағытталған.

600-ден астам қала тұрғындары мен қонақтары 9 шақырым қашықтықты бағындырып, ҚР Тұңғыш  Президенті  саябағында  мәреге  жетті.

Мәреде қатысушылар  арасында  бағалы  сыйлықтар, велосипедтер ойна­тыл­ды. Бағы жанғандардың  біреуі  велошерулердің белсенді қатысушысы Анастасия Ефременко  болды.

– Осындай велошерулер  қала­мызда өтетініне мен шын қуанамын. Өзіме спорт ұнайды. Біз жұбайымыз  екеуіміз велосипедте  үнемі  қыды­ра­мыз. Бүгін  сыйлық ұтып алғаныма ерекше қуаныш­тымын. Ұйымдасты­рушыларға үлкен рахмет, – дейді Анастасия.

Денсаулық мәселесіне арналған  спорттық шара Алматы қаласының әкімдігі, «Ішек ауруларымен ауырған азаматтарға қолдау және көмек көрсе­ту» әлеуметтік қоры, «Такеда Қазақ­стан» және «Альпен Фарма» компа­нияларының қолдауымен  ұйымдас­тырылды.

Велошеру «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасы аясында 2018 жылға жоспарланған 21 велошерудің бесіншісі.

 

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *