Бесiншi бағытқа өкпемiз қара қазандай

Медеу ауданына қарасты «Думан» ықшамауданы тұрғындарына қала орталығына жету әжептеуiр мұң. Әрине, автобустар жоқ емес, бар. Бiрақ, солардың жүруi жұрт күткендей болмай тұр. Мысалы, 20-бағыттағы жолаушылар тасымалдайтын автобус №5 емхана мен «Думан» ықшамауданы аралығында қатынайды. 

Мiне, осы бағыттағы автобустардың жұмысына деген бiздiң өкпемiз қара қазандай. Бiрiншiден – бұл бағытта үнемi шағын автобустар жүредi. Ал жол жүретiн жолаушылар көп. Сондықтан да, таңертеңгiлiк және кешкiлiк қарбаласта олар қалаған жерiне әбден қорлықпен жетедi. Ал сыймай қалғандары амалсыздан келесiсiн күтедi. Екiншiден – 20-бағыттағы автобустардың жүру аралықтары алшақ. Кейде халық сағаттап күтiп қалады. Әсiресе, сенбi, жексенбi күндерi автобустардың жүру уақыттарының арасы, тым ұзақ. Көптеген мекемелер жұмыс iстемейтiн болғандықтан, жүргiзушiлер әбден еркiнсiп алған. Сондай-ақ бұл бағыттағы автобустар жұмыстарын өте ерте аяқтайды.

Аталған жағдайлардың бәрi ықшамаудан тұрғындарына үлкен қиындықтар туғызуда. Әсiресе, мектеп оқушыларына қиын-ақ тиiп жүр. Өйткенi, бұл бағыттың бойында №172, 99, 53, 29, 33, 168 мектептер, медициналық колледж орналасқан. Сондықтан да тиiстi орындар осы мәселенi оң шешсе, онда ықшамаудан тұрғындарының ақ батасына ие болар едi.

Мырзахан ҚАБАСОВ,

ардагер-ұстаз.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *