Бес оқушы Назарбаев Университетінен шақырту алды

Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Ілияс Кеңесхан, Арнұр Тазабеков, Сұлу Ынтымақ, Данабек Құрмет, Рукмини Байболова Назарбаев Университетінің студенті атанбақ. Данабек Құрмет мектепте екінші шет тілі ретінде француз тілін оқып, болашақ мамандығын осы бағытпен байланыстыруды көздеген.
– Бірақ менің бастапқы арманым –Назарбаев университетінде оқу болатын. Жаздан бері бас алмай дайындалдым. Зияткерлік мектебіме алғысым шексіз. Осы білім шаңырағында алған жан-жақты білімім, басқа да көп мүмкіндіктер, SAT емтиханына берілген дайындық мені осы күнге жетеледі, – деп ағынан жарылды Құрмет.
Р.Байболова да Рукминиде еліміздің үздік жоғары оқу орынына түсу бойынша өз пікірімен бөлісті.
«10 сыныпта оқып жүріп, алдыма Назарбаев Университетіне түсемін деген мақсат қойдым. Және оған жетелейтін нақты іс-әрекет алгоритымын жасадым. SAT және ILETS емтихандарына дайындала бастадым. Ал 11 сыныптан бастап дайындықты күшейттім. Себебі олар бойынша талаптар өте жоғары болды. Оқу мен дайындықты біріктіру оңайға түскен жоқ. Қазір сол еңбегімнің бекер болмағанына көз жеткіздім. Еңбектенген адам өз шыңына жетеді. Мен оған кәміл сенемін» деді ол.
Рукмини әлеуметтік ғылымдар мен халықаралық қатынастарды таңдап отыр. Бұл ретте Назарбаев Университеті жаңа мүмкіндіктер ашатынына, баға жетпес тәжірибе беретініне сенімді.
«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *