Бес көліктен артық рұқсат жоқ

552Соңғы жылдары қырғыз бауырлар той өткізу рәсіміне бай­ла­нысты көп әңгіме қозғап жүр. Әсіресе, қыз алып қашу тө­ңірегіндегі заңдарын қатайтқаны есте. Сонымен қатар той өткізу барысындағы дарақылықтарға жол бермеуді де қатаң қолға алуда. Енді, міне, той шеруіне қатысатын көліктердің санын бесеуден асырмау жөнінде Қырғыз Республикасы Жогорку кенешінің парламенттік комиссиясының отырысында «Ар-намыс» фракциясы­ның депутаты Анарбек Қалматов ұсыныс жасады. Сондай-ақ, бұл тәртіпті орындамаған жағдайда кең көлемде әкімшілік жазаға тартылып, айыппұл төлеуді ұсынды.

Несие алып той жасайтын біздің қазақтар үшін ескеретін-ақ жағдай екен.

А. ТАСС.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *