БЕРЕРІ МОЛ БАЙҚАУ БОЛДЫ

Қаламыздағы Оқушылар сарайында күніне бірнеше іс-шара өтеді. «Менің сүйікті шығармам» деп аталатын жас музыканттар байқауына қатысып, өз шеберліктерін шыңдау үшін өнерпаз балалар биыл да Алматыға жиналды.

Рая ЕСКЕНДІР

 

Үрдіске айналған байқаудың өзіндік ерекшеліктерімен қатар, мақсат-мүддесі де белгілі. Ұйымдастырушылар осынау байқау арқылы мектеп оқушыларының музыкалық шығармашылығын арттырып, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға толы, ой-өрісі кеңейген, жеке тұлға тәрбиелеп шығуға болады дейді.

Сонымен қатар, байқауға қатысушы­лар арасында алғаш рет үлкен сахнаға жолдама алып, өнер көрсеткендер де болды. Байқау талай таланттың көзін ашты. Талантты балаларды тәрбиелеген педагог­тардың да еңбектері ескерусіз қалмады.

Осы байқау арқылы танылған талай жастық елімізге белгілі өнер жұлдызына айналғаны мәлім. Ендеше, «Менің сүйікті шығармам» байқауы тағы да талай таланттың тұсауын кесті деңіз.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *