Белсенді өмір сүруге ұмтылдыратын орталық

Наурызбай ауданындағы «Қалқаман» ықшамауданында «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы ашылды. Ауданда тұратын зейнет­керлердің бос уақытын тиімді өткізумен қатар, белсенді ұзақ өмір сүруге құлшындыратын бұл орталықтың ашылуына аудан басшысы Санжар Тоғай қатысып, зейнеткерлерді өздері көптен күткен орталықтың ашылуымен құттықтап, «Nur Otan» партия­сының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында қарттар мен зейнеткерлерге мүмкіндігінше жағдай жасап, оларға қамқорлық көрсету жұмыстарының жыл өткен сайын жақсарып келе жатқандығын айтты.

Нұржамал БАЙСАҚАЛ

Қазіргі таңда бұл ауданда сегіз мыңнан астам зейнеткер тұрады. Орталықта зейнеткерлердің бос уақыттарын тиімді де қызықты өткізулеріне қажетті жағдай­лардың барлығы жасалған. Әр адам өзінің қалаған ісімен айналысып, сурет салып, хорға қатысып, ағылшын тілін үйреніп, компьютерлік сауаттылығын арттыра алады. Фитнес клуб, йога, емдеу-сауық­тыру гимнастикасы бар. Орталықтың жабдықталуына 14 миллион теңге көле­мінде инвестиция салыныпты. Келешекте дәл осындай орталықтар басқа аудандарда ашылатын болады. Орталықта заңгер, психолог мамандар зейнеткерлерге тегін кеңес беріп, олардың көңіл-күйлерінің жақсарып, өмір сүруге деген белсен­ділік­терін арттыратын мотивациялық семи­нарлар ұйымдастырылып тұрады.

Орталыққа келген аудан зейнет­керлерінің қуанышында шек жоқ. Оларға әсіресе,  йога «Айкуне» қатты ұнайды екен.  Орталыққа 215 зейнеткер белсенді түрде келіп жүрсе, аудан басшысы наурызбайлық қарттарды орталыққа жиі келіп тұруға шақырды. Жастары келсе де, жастық шақтарын қайта естеріне алып, дем алып, ем алып, бір-бірімен әңгімелесіп, денсаулықтарын жақсартуға септігін тигізер бар мүмкіндікті сыйға тартқан аудан басшылығына, шет ау­данда тұратын халықтың әлеуметтік қана емес, мәдени, рухани өміріне де айрықша көңіл бөліп, оның жүзеге асырылуын өзі тікелей қадағалап отыр­ған қала әкіміне алғыстарын жаудырды.

«Қалқаман» ықшамауданы Талжанов көшесіндегі 40-үйде орналасқан «Бел­сенді ұзақ өмір сүру» орталығының есігі келем деушілерге қашан да ашық. «Бел­сенді ұзақ өмір сүру» бағдар­ламасының үйлестіру­шілерінің айтуына қарағанда, дәл осындай орталық Алатау және Бостандық аудан­дарында да ашылатын болады.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *