ӘБЕКЕҢ ТЕК ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҒАНА ЕМЕС, АЛТЫ АЛАШТЫҢ ӘЛЕМ АЛДЫНДАҒЫ БЕТКЕ ҰСТАР ІРІ ТҰЛҒАЛАРЫНЫҢ БІРІ ЕДІ

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

ӘБЕКЕҢ ТЕК ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҒАНА ЕМЕС, АЛТЫ АЛАШТЫҢ ӘЛЕМ АЛДЫНДАҒЫ БЕТКЕ ҰСТАР ІРІ ТҰЛҒАЛАРЫНЫҢ БІРІ ЕДІ

 

Қали СӘРСЕНБАЙ

Ақселеу Сейдімбек «Біз бесжылдықтар тарихымен өстік. Тарихты тұлға жасайды ғой, құдайым-ау» деп өзегі өртеніп, өкініп отырушы еді. Айтқандай, еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін тарихымызды, сол тарихты жасаған тұлғаларымызды түгендеп, тарихты тұлға арқылы зерттеу, тұлға арқылы тану басталды. Елбасының Жарлығымен «Тарих жылы» жарияланып, «Мәдени мұра» бағдарламасы қолға алынып, 100 жылда атқарылатын іс небәрі он жыл ішінде жасалды.

24Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Әбіш Кекілбаев өмірден озғанда «Көрнекті жазушы, терең білімді, жаны таза азамат Әбекең тек қазақ халқының ғана емес, алты Алаштың әлем алдында бетке ұстар ірі тұлғаларының бірі еді… Ата-бабамыз армандап өткен ұлы күнге – Азаттық пен Еркіндікке қол жеткізген тарихи кезеңде тізе қосып, Тәуелсіз күндердің жарқын жылнамасын жазуға атсалысқан жандардың ішінен мен Әбіш Кекілбайұлы есімін әркез риза көңіл, риясыз сезіммен айта жүремін… Біз қиын-қыстау жылдарда ел игілігі үшін қатар жүріп қызмет атқардық. Оның талай-талай орынды ақыл-кеңестерінің куәсі болдым, жанашырлық көмегін сезіндім», – деуі де тұлғаның тұғырын одан әрі биіктетіп тұрған жоқ па!

Алаш қайраткерлері қызметкерлерді «бірі – ұлтқа жаны ашитындар да, бірі – бас шұлғи беретін жәй шенеуніктер» деп екіге бөліп қараған. Бұл пікір күні бүгінге дейін маңызын жоғалтқан емес. Демек, Тұлға – елге, ұлтына жан-тәнімен қызмет етуші. Ахмет Байтұрсынұлы айтпақшы, бүгіншіл емес, ертеңшіл. Елдің келешегін ойлау, сол жолға бар ғұмырын арнау – Тұлғаға тән қасиет. Тарихты тобыр емес, тұлға жасайды. Ал енді сол биікке шығып алып, басқаша өмір сүретіндер де бар. Бұл енді басқа әңгіме.

Ең бастысы, қазақ тұлғасыз емес.

Тұлға дегеннен шығады, Құдай шебер ғой. Қисынын келтіріп тұрғанын қараңызшы. «Алматы ақшамының» бүгінгі нөмірінде еліміздің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан  тұлғалар туралы жарияланымдар топтаса қалыпты.

Тұлғаға құрмет – елге құрмет.

Рухы шат болсын!

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *