Бейнебақылау – уақыт талабы

Алматы мен Талдықорған қаласының 200-ден астам көппәтерлі үйлері «Бұлтты бейнебақылау» қызметін қосу мүмкіндігіне ие болды

«Алматытелеком» өңірлік теле­коммуни­кация дирекциясы «Бұлтты бейнебақылау» қызметін Алматы мен Талдықорған қала­сының көп­пәтерлі үйлеріне орналастыру жұмыстарын жалғастыруда.

Бүгінгі таңда филиал «Бұлтты бейнебақылау» қызметін қосу Алматы қаласы бойынша Достық даңғылы, Әл-Фараби даңғ., Науаи даңғ., Н.Назарбаев даңғ., 301-үй, Торайғыров көш., Қабанбай батыр көш., 88-үй, Панфилов көш.,, Пушкин көш., 50-үй, Төле би (28,30), Брусиловский көш., 70-үй, Щепкин көш., Жамбыл көшелерінде және 9,10 «а»-ықш./ауд., Орбита- 1,2,3,4-ықш./ауд,, Самал-2-ықш./аудандарында жүргізілді. Сондай-ақ, Талдықорған қаласы бойынша: Қаратал, Восточный ықш./ауд. (29,42,43) және  9-ықш./ауд., 8а-үй мекен-жайларында  жүзеге асуда.

Еске салсақ, тұрғындардың жайлы және қауіпсіз өмірін қамтамасыз ететін «Кіреберістерге арналған бұлтты бейне­бақылау» қызметі  тұрғындарға 2017 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қолжетімді болды. Бұл қызмет түрі арқылы тұтыну­шылар өз пәтерінде болып жатқан жәйт­терді қашықтан қадағалап, сақталған жазбаларды арнайы сілтеме арқылы кез-келген ұялы телефоннан бақылай алады. Мобильдік сілтеме жүктеу үшін App Store и Google Play сайттарында тегін.

Қызметтің құны небәрі 300 теңгеден басталады және де жеті күндік мұрағатта сақталады. Бизнес клиенттер үшін 30 күнге дейін бейне жазбаларды мұрағатта сақтау және клиенттердің өз камераларымен қосу мүмкіндігі қарастырылған.

Акциялар мен жаңа қызмет түрлері жайлы толық ақпаратты «Алматытелеком» ӨТД сату бөлімшелерінен және де 160 ақпараттық қызметіне қоңырау шалу немесе  telecom.kz арнайы сайтынан білуге болады.

 

Әймерек  САЙЛАУ,

«Қазақтелеком» АҚ қоғаммен байланыс қызметі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *