Бейімбеттің Шұғасына шипасы тиіп еді

Айналамызда қайырымды да жақсы жандардың көп екендігін қарбаласқа толы өмірде байқай бермейтініміз рас. Жақсылығын бұлдамайтын жақсы адамдар тағдыр тәлкегіне ұшыраған жандарға қолұшын беріп, ауыр дертке шалдыққан уақытта жанынан табыла білетін азаматтар мұндай көмектерін өздерінің азаматтық парызы санайды.

Айықпас дертке шалдығып, 2018 жылы 54 жасында дүние салған асылдың сынығы, тектінің тұяғы Шұға апайымыз XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілдерінің бірегейі, жазушы, ақын, саяси қуғын-сүргін құрбаны  Бейімбет Майлин­нің туған немересі. Осы Шұға апайымыз науқастанып, ауыр халде жатқанда жанашыр азаматтар барынша көмек беріп, отбасына қолдау көрсеткен болатын. Олар Шұға апайдың жақын құрбылары әрі курстастары, жерлестері Жәмила Сапа­рова, Гүлнәр Бердина, Айжан Ілиясова, Гүлмира Әлімжанова, Алмас Сұлтанғазин, Сәкен Сейфуллин, Ботагөз Смағұлова, Әбуәлі Татығұлов және Наталья Әшірова сынды жаны жомарт жандар болатын.

Олардың адамгершілік, кісілік қасиеттеріне Шұғаның ең жақын құрбысы ретінде алғысым шексіз. Жанымызда жүретін осындай жақсы адамдар көп болса игі. Ал Шұға дүниеге келгеннен кейін өмірдің қиын қыстауын кешіп, сұрапыл жолды кешіп өскен Бейімбет Майлиннің кенже қызы Гүлсімнен туған жалғыз қызы еді. Архитектура саласында қызмет атқарып, үш бала тәрбиелеп өсірді. Өмірдің қызығын енді көрер шағында ауыр дертке шалдығып, дүниеден қайтты. Жаратқанның жазғанына қарсы келер күш жоқ екені белгілі. Амал қанша, артында қалған балаларының қайғысына ортақпыз. Ендігі ретте сол ұрпақтарына амандық, саулық тілейміз. Бүгінгі күні еліміздің әр өңір­лерінде Бейімбет Май­линнің ұрпақтары өсіп-өніп жатқандығын айта отырып, болашақтары жарқын болғай деп тілейміз.

 

Гүлмира ӘБІШОВА,

марқұм Шұғаның құрбысы.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close