БЕЙІМБЕТ МАЙЛИННІҢ

2701120 жылдығына жарық көрген кітап

Алматыдағы «Тоғанай Т» баспасынан «Жалған жаланың құр­бандары» атты кітап жарық көрді. Оның ав­торы – белгілі жазу­шы, ғалым, марқұм Тоқтар Бейісқұлов еді. 

Өздеріңізге белгілі, бұл кісі көзі тірісінде ұзақ жылдар бойы ұлы классик жазушы Бейім­бет Май­линнің өмірі мен шығарма­шылығын терең зерттеп, «Бейімбет Май­лин – публицист», «Қанатты қа­лам­гер», «Дарын даралығы», «Бейімбетті атқан кім?» деген еңбектер жазып, «Би-аға» атты естеліктер жинағын құрастырып шығарған болатын. Оларда Би-ағаның балалық шағынан бастап, жазықсыз атылғанға дейінгі трагедиялық ғұмыры молынан қамтылды.

Ал енді баспадан жаңа жарық көрген, әлі де сиясы кебе қоймаған «Жалған жаланың құрбандары» атты соңғы кітапта Бейімбет Майлин өмірінің әлі ашылмаған құпия жақтары баяндалады. Бұл ретте кітап авторы «Бейімбет Майлиннің МҚК-ндегі ісімен танысуды тағы жолға қойдым. Нәтижесінде, біраз құжаттарын оқуыма мүмкіншілік туды. Көп сұрақтарға жауап табылды, себептері анықталды» деп алғысөзде айтып кетіпті. Шынымен де, Бейімбет Майлиннің бүкіл өмір жолы, атқарған қызметтері, шығармашылықтары жаңаша баян етіліп, 15 тақырып қойылған жинаққа айналған. Ал бұл еңбек аманатына адалдық танытқан кітап авторының немересі Берік Ермекұлы Бейіс­құловтың демеушілігімен жарық көріп отыр.

«АҚШАМ-АҚПАРАТ». 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *