БЕЙҚАМ БОЛМАЙЫҚ

Алматы қалалық Әлеуметтік бейімдеу орталығында Түрксіб аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары өрт болған жағдайда қандай сақтық әрекеттерін жасау керектігі туралы жиын өткізді.

 Бұл іс-шараға орталық директорының міндетін атқарушы Б.Айтмұрзаев, Түрксіб аудандық ТЖБ бас маманы, азаматтық қорғаныс майоры А.Дулатов, аға инженер, азаматтық қорғаныс капитаны Б.Омаров, Түрксіб аудандық ІІБ полиция аға лейтенанты Д.Түркебаев және орталық мамандары мен әлеуметтік қызмет алушы тұрғындар да қатысты.

Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқар­масы­на қарасты Әлеуметтік бейімдеу орталығы 2000 жылы құрылған. Орталық көше кезіп жүрген, тұрақты баспанасы жоқ жандарға, олардың уақытша паналай тұруына арналған.

Орталықта әлеуметтік-патрульдік қызмет жұмыс істейді. Бұл қызмет түрінің өкілдері үй-күйсіз, жағдайсыз жүрген, ішімдікке жақын адамдарды осында аязды күндері үсіп қалмауы үшін көше-көше, бұрыш-бұрыштан жинап әкеледі.

– Қазір дала суық. Сіздер үнемі осы жердесіз, сондықтан өзіңіз тұратын орта туралы мұқият болып, жан-жағыңызға зер салып жүргеніңіз  абзал. Статистика бойынша, өкінішке орай, Түрксіб ауда­нында өрт жиі болады. Сондықтан біз осын­дай кездесулерді жиі өткізіп тұруға мәжбүрміз. Өрт болған жағдайда неғұрлым сабырлы болып, тыныштық сақтаған дұрыс. Сосын мойындарыңыздағы шарф­пен, бастағы қалпақпен мұрынды жауып сыртқа шығу керек. Өрт кезінде адамдар­дың бейқамсыздығынан көбісі қайтыс болып жатады. Сондықтан бірінші кезеңде өзіңіз жатқан бөлменің  жабдықтарына назар аударыңыз. Сондай-ақ, эвакуа­циядан шығу жолдарымен алға қарай жылжып сыртқа ұмтылыңыз. Сосын дереу орталықтың басшысына немесе күзетшісіне хабарлаңыз, олар өртті сөндіру жолдарын қарастырады. Жер сілкінісі кезінде де осындай нұсқаулықтарды қатаң сақтаңыз. Сонда өзіңіздің де, өзгенің де өмірін сақтап қаласыз, – деді  Түрксіб аудандық ТЖБ бас маманы, азаматтық қорғаныс майоры А.Дулатов.

Кездесуде төтенше жағдайлар қызме­тінің мамандары өрт қауіпсіздігі туралы парақшалар таратты. Залдан түскен сауал­дарға жауап берді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *