Бегалиевке берілген құрмет

20171117_123859

Нұрислам ҚҰСПАНҒАЛИ

Алматы қаласының әкімдігі, ҚР Бас проку­ратурасы, әл-Фараби атын­дағы Қазақ Ұлттық уни­верситеті және Бас прокурату­раның жанын­дағы құқыққорғау­шыларға арналған академияның ұйымдастыруымен заң ғылымының докторы, профессор, ІІІ сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Қалауша Бегалиевке арнап, өзі тұрған үйге ескерткіш-тақта орнатылды.

Әділет саласына еңбегі сіңген азаматты елдің есіне сақтау мақсатында қолға алынған шараға алыс-жақындары мен қызметтес іні-қарындастары қатысып, естеліктерімен бөлісті.

Қалауша Әділханұлы 1949 жылы Алматы мемлекеттік Заң институтын тәмамдап, бірнеше өңірлік прокуратурада белді-белді қызметтер атқарған.  1979 жылы заң ғылымының докторы атанған ол ҚазҰУ-да кафедра меңгеру­шісі болып, 60 шақты ғылыми еңбегін жарыққа шығарған. «Құрмет белгісі» ордені және «Еңбектегі ерлігі үшін» медалінің иегері. Оның атына Алматыдан 2008 жылы көше де берілген еді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *