БЕДЕУЛІК ПЕН БЕЛСІЗДІК АУРУЫНА ШИПА БАР

Соңғы кездегі ресми мәліметтер бойынша еліміздегі отбасылардың 15 пайызы бала сүйе алмай жүрген көрінеді. Бір жағдайда үлкен кесел келіннен болса, енді бірде ер-азаматтан шығып жатады дейді мамандар. Бұл дертке бала кезден суықтан сақтанбау, аяқты жылы ұстамау және табаннан өткен суық та бірден-бір себепші көрінеді.

Әсел ДАҒЖАН

Себебі, ең маңызды органдардың нүктелері екі табанда орналасқан. Ал алматылықтар болса «бізде қыс жұмсақ» деп қыстың күнінде етік емес, жеңіл кроссовки сүйрете салып, жұқа киіммен жүруге құмар, – дейді «Рашмед» медици­налық орталығының директоры, бірінші санатты дәрігер Рашхан Сыдайқызы. Күннің көзі шығып, дала жылы сияқты көрінгенмен, ызғар білінбей аяқтан өтіп кетеді. Себебі, бізде ылғалдылық жоғары. Сондықтан қазір ерлерде простатит ауруы жиілеген. Яғни қуық асты безінің қабынуы асқынып тұр дейді дәрігер.  Оған бала кезден білінбей өткен суық та себепші. – Біздің бала кезіміздегідей куртка секілді қалың шалбар киіп, мектепке баратын бала көрмейсіз қазір. Ұят болады, кимеймін деп жатады. Мектепте оқып жүрген ұл да, қыз да суықтан қорғанбайды. Далада сақыл­даған аяз болса да, жұқа колготки мен юбка киіп, қыздарымыз құлпырып жүреді. Өз-өзін орға итеріп жатқанын түсінбейді. Мектеп оқушыларының формасына қара­сақ, жұқа ақ колготки киіп, жұқа юбкамен жүреді. Суық осы кезден бастап өтіп жатыр. Қазіргі ұлдар, тіпті, шалбардың ішінен қалың гамаж кию дегенді білмейді. Студент кезде жастар сәннен қалыспай киінуге тырысады. Тағы сол жеңіл-желбегей, жұқа жүреді. Бірақ ар жағында болашақ өміріне балта шауып жатқанын біліп тұрған жоқ. Студенттер таңертең сабаққа аш кетеді. Таңғы асын түсте, түскі асын кешке ішеді. Осыдан иммунитет түсіп, ауруға қарсылық қуаты кемиді. Өстіп жүріп шаңырақ көтеріп, той жасаған жастардың жұбайлық өмірінде проблема басталады. Қазақ бекерге «ауру батпандап кіріп, мысқалдап шығады» демеген. Жыл­дар бойы өткен суық оңайшылықпен шыға қоймайды. Дегенмен, әрбір аурудың өз емі, шипасы бар. Менің айтып отырған аяқтан өткен суық, қыс пен күз кездерінде жеңіл-желбегей жүру көп алматылыққа тән ортақ мәселе. Өйткені, суық өту, суық тию көп ауруға себепші болады. Жақында бір адам «басым ауырады» деп келді. Бастың дәрісі көмектеспейтін болған. Басын МРТ-ға да түсірген, қан алдырып, УЗИ-де жасатқан. Бірақ ештеңе табылмаған соң дәрігерлер диагноз қоя алмапты. Тамырын ұстап отырып, жұлыннан суық өткенін айттым. Қазір жастар ғана емес, ересектердің өзі таңертең бастарын жуа салып, шашын шала-пұла шаш кептіргішпен кептіріп, жұмысқа қарай жүгіреді. Содан жұлыннан шаншу ұстайды. Мұндай суықты бүгінгі мықты аппараттардың өзі көрсете алмайды дейді, – Рашхан Сыдайқызы.

–       Біздің орталыққа келген адамдарға біз алдымен тамыр ұстап диагноз қоямыз. Өйткені, тамыр ұстап отырып 100 пайыз диагноз қоюға болады. Байырғы қазақ медицинасында бұл әдіс өте кең қолданыл­ған.  Мәселен, серпіме тамыр, қақпа тамыр, сырғыма тамыр, керілме тамыр деген сияқты оннан астам тамыр соғысының түрі бар. Осы тамыр соғысына қарай ағзалар­дың жұмыс істеуін байқап көремін. Тіпті, бүйректегі құмды да тамыр арқылы анық­тауға болады. Кейде алдыма келген науқас­тарда «тамыр ұстап отырып, қалай білді екен» деген іштей сауал болады. Ондай кездері оларды УЗИ не МРТ жасауға жібе­реміз. Ақыр аяғында біздің қойған диаг­нозымыз дәл келіп, арбаға таңылған адамдардың өзі жүріп кеткен кездер көп. Ал енді бала сүйе алмай жүрген отбасы­лардан біздің орталықтан ем алып, шипа қонып, екі-үш балалы болған отбасылар қаншама, – дейді Рашхан Сыдайқызы.

Дәл осы орталыққа бала сүю бақытына ем іздеп, еліміздің әр қаласынан келіп, ем алып жатқан адамдар көп екен. Дәл қазір орталықта әйелдердің гормондарының жұмысын қалыпқа келтіретін массаж түрі де бар. Оны осы саланың мықты масса­жист маманы жасайды. Тіпті, массаж арқылы мұнда қыз-келіншектер арасында жасарып кеткен ауру түрі – мастопатияға да 100 пайыз шипа бар дейді дәрігер.

–       Әйелдердегі сүт безі ауруын, яғни мастопатияны арнайы нүктелерді уқалау арқылы кетіретін массаж бар. Шөп те тартамыз. Ең алдымен, мастопатияны УЗИ-ге түсіріп, көлемін анықтаймыз. Ана­лиздердің нәтижесі тым асқынған деңгейді көрсетпесе, 100 пайыз емдей аламыз. Массаж­бен түйіліп қалған бездердің жұмысын жақсартып, түйінді ыдыратсақ, шөп қабынуды қайтарады, – дейді Рашхан Сыдайқызы.

Айта кетейік, орталық келесі айдан бастап массаж курсын ашуды жоспарлап отыр. Бітіріп шыққан маманға орталықтың арнайы сертификаты да беріледі. Ол сертификат маманның кез-келген медици­налық мекемеде сұранысқа ие маман бола алуына жақсы мүмкіндік бермекші. Себебі, мұнда әрбір аурудың арнайы нүктесі қайда орналасқанына дейін оқытып, инені қалай салуды, диагнозға қарай қандай нүктеге салатынын үйретеді.

Мұнда шөп дәрілер мен хайуанат­тардың емдік ағзасын қолданып, ине және 7-8 түрлі массаж, қан алу, құяң үзу, түрлі шөпке булауға салу, құмбылау, тұзбұлау және сүлік салу сияқты ем түрлерін жүргі­зеді. Жоғарыда аталған аурумен қатар, асқазан-ішек жолы аурулары, эндокриндік жүйе, тірек-қимыл аппараты аурулары, мойын-бел омыртқадағы грыжа, тері аурулары, орталық жүйке жүйесі, гинеко­логиялық және урологиялық ауруларды да емдейді.

«Біз тек аурудың себеп-салдарын емдейміз, шипа беруші тек Алла» деген ұстанымдағы Рашхан Сыдайқызы басқа­рып отырған орталықта мүгедектер мен соғыс ардагерлеріне 30–40 пайыз жеңілдік те қарастырылған. Ал жұма күндері Бас дәрігер тегін қабылдайды. Алдағы уақытта үкіметтен арнайы квота бөлінер болса, әлеуметтік аз қамтылған, бала сүйе алмай жүрген отбасылардың бұл орталықтан ем алуына мүмкіндік көбірек жасалмақшы.

Орталықтың мекен-жайы:

«Ақбұлақ» шағынауданы, 1 көше, 29-үй (Б.Момышұлы көшесі, Универсиадная қиылысы).

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *