ӘБДЕН ШЕГІНЕ ЖЕТКЕН АВТОТҰРАҚТАР ЖҮЙЕСІН АЛДАҒЫ УАҚЫТТА ЕЛЕУЛІ ӨЗГЕРІСТЕР КҮТІП ТҰР

7Бұрнағы күні қалалық әкімдіктің мәжіліс залында шаһар басшысы Бауыржан Байбектің төрағалық етуімен мегаполистің көлік тұрағы инфрақұрылымын дамыту мәселесіне қатысты жиын өтті.

Жиынға аудан әкімдері,  «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңесінің мүшелері,  қала прокуратурасы қатысып, қазіргі автотұрақ жүйесін өзгерту туралы мәселені сөз етті. Өйткені, мегаполистегі автотұрақ мәселесі әлі өткір күйінде тұр. Қала әкімдігі бөлген 351 жер теліміне салынған 77 автотұрақтың жартысынан астамы шығынға белшеден батып, жабылып қалған. Оның үстіне, заңсыз жұмыс істеп жатқандары жетіп-артылады.

«Нұр Отан» партиясының жемқорлыққа қарсы күрес қоғамдық кеңесі жанынан құрылған арнайы комиссия қалада кемінде 300 автотұрақ бар екендігін анықтаған. Алайда, дені арнайы органдарда тіркелмегендіктен, салық төлемейді екен. Бұдан былай автотұрақтардың жұмысын бір жүйеге келтіріп, орталықтан басқару мәселесі пысықталуда.

Осыған орай, келер жылдың басына дейін автотұрақ инфрақұрылымының бірыңғай жобасы жасалып, оның құрамына тұрақ аймағы көрсетілген карта, стационарлы, аула ішіндегі автотұрақтар мен гараж кооперативтері енетін болады. Жеке инвесторларды тарта отырып, ақылы автотұрақтар құру жобасы қолға алынады. Ақылы автотұрақтар жүйесі 2016 жылдың мамыр айында жұмыс істейді деп жоспарлануда.

Автотұрақтарға өзгеріс енгізуге тұрғындардың көптеген шағымдары себеп болды. Мысалы, қадағалаушы органдар өкілдері «Алматы спецтехпаркингсервисті» тексерген кезде кәсіпорында барлық бағыттар бойынша көптеген былықтардың орын алғандығы анықталды.

«Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңесі төрағасының орынбасары Борис Джапаров: «Автотұрақтар мәселесі ойлантады, олар көлік қозғалысына кедергі келтіріп, көлік апатына себепкер болуда әрі ешқандай чек бермейді, жауапкершілікті мойындарына алмайды», – деді.

Автокөлік тұрақтарының мәселесін дұрыс шешу, мегаполисте жол көлік қозғалысын жақсарту, мұндағы көлеңкелі қаржы көздерін анықтау үшін бірқатар нақтылы шаралар жүзеге асатын болады. Сонымен қатар, жалға берілген жерлердің мерзімі біткендіктен әрі бұл жер учаскелері мақсатты түрде пайдаланылмағандықтан қайтарып алынбақ. Жол белгілері қойылатын аймақтар кеңейтіліп, автокөлікті тасымалдаудың арнайы техника­сының саны артатын болады.

Келер жылдың аяғына дейін 109 кезекшілік-диспетчерлік бірыңғай базада байланыс орталығы құрылып, оған қала тұрғындары заңсыз алынған ақша туралы хабарлай алмақ.

Жиын соңында шаһар басшысы Б.Байбек әкімдіктің осы іске тікелей қатысы бар қызмет көрсету ұйымдарына қайтарып алынған жер учаскелеріне көп деңгейлі паркингтер салу мәселесін жете зерттеуді тапсырды.

 

«Ақшам-ақпарат».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *