«Баю-байдың» НЕ КЕРЕМЕТІ БАР?..

Немерелеріміз  осы арнаның түнгі ұйқы алдындағы бесік жырын – «Әлдиін» де мұқият көріп отырып, зейін қоя тыңдайды. Телеарна ашылғалы бірнеше рет ауыстырылған «Ана әлдиі» мен бейнебаянын күнде қайталап көргенмен, сол әнді жаттап айта қоюға сәбилер құлықсыздық танытты. Ал Ресейдің «Карусель» телеканалынан берілетін «Спокойной ночи, малыши!» атты хабарды да жібермеуге дағдыланған олар «Спят усталые игрушки, книжки спят, Одеяло и подушки ждут ребят» деп келетін «Баю-бай» әні дәстүрлі түрде бастала бергеннен бар «ісін» «тоқтатып», лезде тынышталып, осы әнге тілі келсін-келмесін, ыңылдай қосыла кетеді. Аяқталғанша тапжылмай тыңдап, бірге былдырлап айтып шығады. Біздің «Әлдиіміздің» «Баю-бай» әнінен қай жері осал екенін он ойланып, мың толғанып таба алмай таңданып, үлкендер отырамыз…

 Адамды бойкүйездік, самарқаулық, немқұрайдылықтардан арылту үшін қоғамда қарқынды жұмыстардың жүйелілігін қалыптастыру керек.  Ел ішінде атқарылар шаруалар бірізге түсірілуі тиіс. Бірізділік экономикаға, саясатқа ғана емес, біздің әлеуметтік, рухани дамуымызға да зор серпін береді. Бір ізге түспеген тірліктің түбі болмайды. Бұқаралық ақпарат құралдары, компьютер, теледидар, телефондардағы  әлеуметтік желілер жоғарылы-төменді,   оңды-солды, қарама-қайшылықты тәрбиенің қазіргі басты  аспабы болып тұрғандықтан, осы мәселені қаперде мықтап ұстауымызға тура келеді.

Қазір көрерменнің сан алуан талғамына сай ана тілді арна­ларымыз бен  ұлттық тіліміздегі түрлі бағдарламалар жетіп-артылатын кең заманда теледидар уақытының басымын халқы­мыздың әдет-ғұрпынан алшақ Реалити-шоу дегендер алуда. Және оның көрермені көбінесе қыз-келіншектер қауымы. Шір­кін-ай, елді қырқыстырып, қыз бен жігітті шаш жұлыстырғызып, ене мен келінді жауластырып, аузы бардың аузына келгенін оттатқыздырып қойып, жұмыстан шаршап келетін отағасына дәм дайындап, ыстық шай әзірлеп үлгеруге тиіс әйелдердің, жыл­тырақтың бәріне елігіп, жар­қырағанның бәріне желігер жастағы жас қыз-келіншектердің ойын бұзып, санасының пәршек-пәршегін шығарған «Қалаулым­ның» әләуліміне, «Кел, келінім­нің» еркелігіне шығын болған қайран сағаттар-ай!.. Сол шоудың шуына елітіп,  түк бітірмей бір­неше уақытын кетіретін, емізулі баламен декреттік демалыста үйде отырған  жас келіншектердің жұмысбасты күйеулерінен жеп жатқан таяғын санағандар бар ма екен. Эфирге дайындап шығара­тын аутсорингтік компания­лардың айтуынша,  көрермен қауымның басым көпшілігінің «сұранысына ие» ойын-сауықтық, танымдық форматтағы мұндай жобалардың «қолдан айқай-шу ұйымдас­тырып, адамдардың жеке ішкі өмірін талқылап, сары басылым әдістерін қолданбай», ауди­торияны барынша жағымды дүниелермен баурауға күш салып, халыққа мейлінше интеллек­туалды, танымдық-сараптамалық, ақпараттық өнім ұсынатын бағдарлама­ларының да барын жоққа шығару обал болар. Бірақ керісінше,  солардың, өкінішке қарай, кейбірінің ғұмыры жыл, жыл жарымнан ары аспай, қысқарып, тоқтап қалатыны қынжылтады. Ұлттық арнамызда бір кездері жап-жақсы ұйымдас­тырылып, көрермені қалыптасып қалған «Сырғаның» тағдыры осылай болды. «Әйел бақыты» да жаңа камзол киіп, кимешегін ауыстырды. Бір жағынан, түсіне­міз. Меншіктік, зият­керлік құқық жөніндегі заңдылықтарды сақтау, идея авторы, жобаға бөлінген қаржының мөлшері мен оның жұмсалуға тиіс уақытының көле­мі, т.с.с. – бәрі-бәрі жатқан есеп, жатқан жоспар. Оның үстіне бір жыл, екі жылға ғана белгіленген бұлардың қозғар проблемасы «түге­сіліп», тақырыбы «ескіріп қалатыны» тағы бар. Сосын келесі телемаусымға, эфирге тағы бір «тың» жоба «шығарылады». Ол «тың», «жаңа» жобалардың дені­нің, орысшалағанда, «Все, что новое это – хорошо забытое старое» – «Жаңа» дегеніміз – ұмыт қалған ескілер», тек аты мен атауы «азан шақырылып» қайта қойылып, затының ішкі мазмұны мен формасының оңы мен терісі түрлі-түсті бояуға малынып, өңін ғана аударған «бұрынғылар» екенін ел байқамайды деп «ойлай­мыз». Киім үлгілерінің үлкен нақылына айналған осы сөзді айналшықтап жүріп, айналып өтіп кеткісі келетінін өздері де байқамайтын осындай «идея авторларының» кейбіреуі  өздерін тыңнан түрен салып, жаңалық ашып, жоқтан бар жасаған генийге – ұлыға теңейді. Басшы­сы ауыстырылған сайын жұмыс стилі де өзгеріске ұшырап жата­тын әлдебір ұйым, мекемелердің «ішкі кухнясындағыдай» ахуал бастан кешірілген соң, «Бұрын-соңды болмаған!» бұл «жаңа­лықтан» «сенсация» іздеп тауып алғысы келетін де тұратын қоғам мүшелерін «тәрбиелеп» жатқаны­мыз өтірік емес. Ізденімпаздықты, жаңашылдықты «креативті» деген жаңа терминмен алмастыра қол­данғанымызбен, оның нәтижесі сол деңгейге лайық болмай қалу қаупі де бары ескеріліп жатқан жоқ. Неғұрлым жоғары деңгейге, жоғары  рейтингке қол жеткізу шараларын қарастырғанда, со­ғұрлым жалаң жаңашылдықтан аулақ болуға тырысқанымыз аб­зал болар еді. Әйтпесе, қазір не көп – «тұңғыш рет ұйымдасты­рылып жатқан» жоғарыдағыдай тірлік көп.

«Бұл іс-шара енді жыл сайын өткізіліп тұратын болады» деп жаңалық ашқандай жұртты сен­діретін жаңа басшы өзінің келесі жылы осы лауазымдық орнында отырмай қалуы мүмкін екенін қайдан болжап білсін. Оның орнына келген келесі басшы өзі­нен бұрынғының ісін жал­ғас­тырса, қайталаған болып сана­лады. Басталған істің аяғы сиыр­құйымшақтанып, көбінің «одно­разовый» шара болып қалатыны содан. Міне, бірізділік осылай сақталмаған жерде жүйесіздік орнайды. Жүйесіздік – қоршаған орта мүшелерін шаршатады. Жүйкелерін жұқартады.  Бұл дертпен қоғам болып күресетін кез жетті.

Іске қосылғанына бірталай уақыт болған республикалық «Балапан» телеарнасына бала­лары­мыз тәп-тәуір-ақ бауыр басып қалғанына қуанып жүрміз. Жап-жақсы танымдық-тағылым­дық көрсетілімдері де жетерлік. Басқа арналардай бұл «Балапан» да түнгі «жабылуын» (және таңсәрілік «ашылуын») еліміздің Әнұранымен түйіндеп, Әнұраны­мен бастайды. Әнұран ойнала бере-ақ үлкен бөпеміз үйдегі­лер­дің бәрін тік тұрғызады. Қолы­мыз кеудеге қойылып, «Менім еем, менің жеем» («Менің елім, Менің жерім!») деп мақтанышпен, xор­мен айтып шығамыз!

Немерелеріміз  осы арнаның түнгі ұйқы алдындағы бесік жы­рын – «Әлдиін» де мұқият көріп отырып, зейін қоя тыңдай­ды. Телеарна ашылғалы бірнеше рет ауыстырылған «Ана әлдиі» мен бейнебаянын күнде қайталап көргенмен, сол әнді жаттап айта қоюға сәбилер құлықсыздық танытты. Ал Ресейдің «Карусель» телеканалынан берілетін «Спо­кой­ной ночи, малыши!» атты ха­барды да жібермеуге дағды­ланған олар «Спят усталые игрушки, книжки спят, Одеяло и подушки ждут ребят» деп келетін «Баю-бай» әні дәстүрлі түрде бастала бергеннен бар «ісін» «тоқтатып», лезде тынышталып, осы әнге тілі келсін-келмесін, ыңылдай қосыла кетеді. Аяқ­талғанша тапжылмай тыңдап, бірге былдырлап айтып шығады. Біздің «Әлдиіміздің» «Баю-бай» әнінен қай жері осал екенін он ойланып, мың толғанып таба алмай таңданып, үлкендер отырамыз…

Бұдан жиырма бес-отыз жыл бұрын естіп, балаларымыз да жаттап өскен әлгі «Баю-бай» әнінің қазіргі балапандары­мыздың да сүйікті әніне айнал­уының себебі ұрпақтан-ұрпаққа тарап, әлі күнге шейін мүлтіксіз, өзгеріссіз, эфирден түспей келе жатқан жүйелілігінде шығар, бәлкім. Ресейлік «КВН», «Капи­тал-шоу – Поле чудес», «Утрен­няя почта», тағы да басқа теле­бағдарламаларының да тұрақты өмір сүріп келе жатқанына алды жарты ғасырға жуықтап қалды. Көрерменді  көбейтіп, уақыттан ұтқан олар жүйеліліктен  ештеңе жоғалтқан жоқ.

Үміт БИТЕНОВА,

ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

Қаратау қаласы.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *