Баянның баянды тұғыры

1948   жылы 7 маусымда Оң­түстік Қа­зақстан об­лысы, қасиетті Түр­кістан өңі­рінде дүниеге келіп,  сонау 1960 жыл­дар­дың екінші жар­тысында  орта мектепті бітір­геннен кейін бухгал­тер-эко­номист маман­дығы бойынша тех­никумға түсіп, оны үздік дип­лом­мен бітіріп, еңбек жолын «Ачполиметалл» комбинатында бухгалтер-экономист қызметінен бастаған «Қазақ­стан­ның еңбек сіңірген қайраткері» Баян Жүндібайқызы Ермекбаева бүгінде таны­мал ғалым. Экономист мамандығының шыңын бағындыруды мақсат еткен Баян Жүнді­байқызы 1969 жылы Алматы Халық шаруашылығы институтына түсіп, оны үздік дипломмен бітіріп,  жолдамамен Алматы қалалық сауда басқармасының жоспарлау-қаржы бөлімінің бас маманы болып төрт жыл жұмыс істеді. Оның жүрегінің түбінде жатқан білімін ғылыммен ұштастырсам деген арманы 1977 жылы өзі жоғары білім алған оқу орны Қаржы кафедрасына қызметке шақырғанда қайта жанды. Білім-ғылым жолындағы қадамын стажер-зерттеуші, аспиранттан бастап 1986 жылы экономика ғылымының қанди­даттығын қорғап, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде (қазіргі ХАРХОЗ) оқытушы, аға оқытушы, доцент, «Қаржы және несие» факультетінің деканы қызмет баспалдақтарынан өткен еліміздің жоғары білім саласында танымал кәнігі білікті ұстаз-ғалымды  2001 жылы сәуірде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шақырып, жаңадан ашылған Қаржы және аудит кафедрасының меңгерушілігіне тағайындады. Алдымен елімізге танымал ғалым ұстаздарды кеңінен тартып қафедра құрамын қалыптастырды. Қай кезде де, болса да бәсі жоғары қаржы және бухгал­терлік есеп маман­дықтарын  айналдырған үш жылдың ішінде республика бойынша алдыңғы орындарға шығарды. Содан бері Қаржы, Есеп және аудит маман­дықтары республика бойынша рейтингте көш бастап келе жатыр.  әл-Фараби атын­дағы ҚазҰУ-де бұрын-соңды болып көрмеген дүмпу Қаржы және Есеп және аудит мамандығына оқуға түсушілердің санының  мыңнан асып түсуі,  2004 жылы 27 сәуірде Есеп және аудит кафедрасы­ның ашылуын жеделдете түсті. Ерен еңбек үлгісін көрсеткен Баян Жүндібайқызын университет басшылығы 2009 жылы ақпан айында «Экономика және бизнес жоғары мектебі» деканы етіп тағайындады. Өзінің іскерлік қабілетін ұжымды басқарған тоғыз жылдың ішінде  нақты жетістік­терімен көрсете білді. Университет факультеттерінің арасында үнемі соңғы орындардан жоғары көтеріліп көрмеген экономика және бизнес жоғары мектебін алғашқы алтылыққа көтеруге қол жеткізді. Баян Жүндібай­қызы бүкіл ғұмырын, күш-жігерін жастар тәрбиесі мен біліміне жұмсап келе жатқан қайраткер ұстаз, аяулы жар, ардақты ана, білікті басшы. Жұмыс­бас­тылығына қарамас­тан ҚР БҒМ Қазақстанның ЖОО-на ұсын­ған базалық оқулық­тары: «Салықтар және салық салу», «Эконо­миканы мемле­кеттік реттеу» мен 200-ден астам әдістемелік, ғылыми танымдық еңбектері, оның ішінде қазақ, орыс, ағыл­шын тілдерінде жарық көр­ген 15-тен астам оқу құрал­дары, өзі­нің ғылым сала­сындағы еңбек­тері, АҚШ, Ұлы­бри­тания, Австрия, Гер­мания, Швейцария, Италия, Түркия, Үндістан, Жапония, Қытай, Ресей және т.б. елдерде ғы­лы­ми және педагоги­калық тәжірибеден өтуі, халық­ара­лық конференцияларға қа­ты­суы білік­тілігін жетіл­діріп дамытуға ынта-жігер болса бәріне уақыт табуға болатындығын айғақтай түседі. Баян Жүндібайқызына 2008 жылы  «ҚазҰУ-дің ең үздік оқытушысы», 2011 жылы «Жоғар оқу орнының ең үздік  оқыту­­шысы» мем­ле­кеттік гранттың иегері атақтарына ие болуы, «Қазақстан Респуб­ликасының білім саласындағы құрметті қызметкер» және 2009 жылы Ы.Алтынса­рин атындағы төсбелгімен, «Еуразия Халықаралық эконо­микалық академиясы­ның академигі» дәрежесімен, «Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы» медалімен марапатталуы, «Қар­жы» кафедрасының прфессоры, 2001 жылы ҚР Прези­дентінің Жарлы­ғымен «Қа­зақ­станның еңбек сіңірген қайраткері» құр­метті атағының берілуі еліне, білімге,  ғы­лым­ға сіңірген еңбегінің бағасы деп білеміз.

 

Мәди БАЙДАУЛЕТОВ,

«Есеп және аудит»  кафедрасының доценті.

 

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *