Бауыржан БАЙБЕК: ТҰРМЫСЫ ЖАҚСЫ АДАМДАРДЫҢ КӨБІРЕК БОЛУЫ БІЗДІҢ ОРТАҚ МІНДЕТІМІЗ

Алматы қаласының әкімі Бауыржан БАЙБЕКТІҢ тұрғындармен есептік кездесуде жасаған баяндамасы

Ардақты алматылықтар!

Құрметті кездесуге қатысушылар, әріптестер!

 Бүгін Сіздермен қаламыздың өткен жылғы әлеуметтік-эко­номикалық дамуын қорытындылап, әрбір алматылық үшін маңызды мәселелерді талқылау мақсатында жыл сайынғы есептік кездесуде бас қосып отырмыз.

Алматы қаласының жай-күйі қашан да ерекше бақылауда. Бүгінгі кездесуге Премьер-Министрдің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ерболат Досаев алматылықтардың мәселелерімен жеке танысып, сұрақтарыңызға жауап беру үшін Астанадан арнайы келіп отыр.

Елбасының тапсырмасына сәйкес Үкімет жанынан әлеуметтік қолдау тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жұмыс тобы құрылғанын, оның басшысы Ерболат Асқарбекұлы екенін білесіздер. Осы жұмыс шеңберінде көпбалалы аналар мәселесіне ерекше көңіл бөлінбек.

Кездесуімізге осы топтың мүшелері, Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің өкілдері, бірқатар орталық органдар басшыларының орынбасарлары қатысуда. Қазір көтерілетін сұрақтардың басым бөлігі әлеуметтік тұрғыдан ең бір аз қамтылған тұрғындарды қолдауға қатысты болмақ. Табысы аз және көпбалалы отбасылар жағдайы күн тәртібіндегі маңызды мәселе екені баршамызға белгілі.

Жалпы, қазіргі таңда әлеуметтік жіктелу мен табыстың төмендеуі әлемнің көптеген елдеріне тән ахуал екендігін атап өту керек. Жер шарының түкпір-түкпірінде жұмыс орындары қысқаруда. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша 1 миллиардтан астам адам кедейшілікте өмір сүреді. Оның басты себептерінің қатарында бей-берекет көші-қон мен жұмыссыздықты, салықтың көбеюін, жалпы қаржылық дағдарысты атауға болады.

Кейбір елдерде қартаю деңгейі жоғары болса, керісінше, басқа елдерде бала туудың көптігі де өз әсерін тигізуде. Нәтижесінде әдетте жайбарақат жатқан бейбіт мекен болып көрінетін Еуропаны популистік ұрандарды жалаулатқан наразылық акциялары шарпыды. Жалпы, қоғамның әлеуметтік сұранысы артуда. Бұл бүкіл дүние жүзінде болып жатқан үрдіс өкінішке қарай, Қазақстанға ықпал етпей қоймайды.

Бұл жағдай, әсіресе өмір сүру сапасы әдетте жоғары ірі қалаларға тән. Париж, Вена, Брюссель, Афина, Белград қалаларында орын алған жаппай наразылықтар полиция­мен қақтығыс, дүкендер мен банктерді қирату, көліктерді өртеу сияқты бұзақылықтармен қатар жүруде.

«Әр таяқтың екі ұшы болатыны» сияқты, мұндай бассыздықтар жұмыс орындарының, күнделікті салығын төлеп отырған бизнестің тоқтауына, түп аяғында эко­номиканың құлдырауына әкелуде. Осылайша елдің шырқы бұзылып, мемлекеттер өз міндеттерін орындау қабілетін жоғалтып жатқанын көріп отырмыз. Яғни асыра сілтеп, орынсыз айқай-шуға жол беру, шектен шығып, жаға жыртысу мәселені шешпейді, керісінше, ушық­тырады. «Ынтымақты елдің күні шуақты» деп дана халқымыз айтқандай, барлық сұрақтарды бірлесе отырып, сындарлы, салиқалы түрде шешуіміз қажет.

Өздеріңізге белгілі, біздің халқымыз қиын замандарды басынан өткерген. 30-жылдардағы ашаршылықта 2 мил­лион қазақтан айырылдық. Жарты миллионға жуық азаматымыз Екінші дүниежүзілік соғыста опат болды. Бала әкесіз, әйел жарсыз қалған нәубет заман болды.

Біздің аға буын осынау қилы кезеңдерді де, 90-жыл­дардың ауыртпалығын да еңсере білді. Қиыншылыққа мойымай, Елбасының басшылығымен ұрпақты аяқтан тұрғызып, экономиканы дамытты. Сондай замандарда бізді ынтымағымыз бен бірлігіміз, ең алдымен, алтын құрсақ аналарымыздың төзімі сақтады.

Белгілі демограф Мақаш Тәтімовтің сөзіне жүгінсек, «Елді қилы заманнан өткерген батырлар емес, аналар, әйелдер». Бұл әйел азаматтарға тән еңбексүйгіштіктің, елдің ішкі ынтымағының, өзара сыйластықтың арқасында ғана мүмкін болды.

Елбасы Тәуелсіздігімізді алып беріп, бірлік пен келісімнің арқасында барлық қиыншылықтарды ешқандай кикілжіңсіз, қантөгіссіз артта қалдырдық. Ол – Ақиқат! Яғни «Тірлік – тек бірлік бар жерде болады». Сондықтан қазір де барлық қиындықтардан бірлесе өтіп, кез-келген сынақты байыппен ғана еңсере аламыз.

Қазіргі таңда әлеуметтік желілер арқасында қоғамдағы барлық мәселелер, оның ішінде жақсы істер де, қайғылы оқиғалар да, «біреудің тоңып, енді біреудің тойып секіргені» де ел назарында. Ертеректе, интернет атаулы болмаған заман­да халық мұндайды көбіне білмейтін, бұлай жаппай талқы­ламайтын. Бүгінде қай ақпарат болмасын әп-сәтте баршаға аян.

Әлеуметтік желілер халықтың көңіл-күйі мен қоғам­дағы мәселелердің айнасына айналды. Көріп отырғаны­мыздай, мұның жақсылығымен қатар сын-қатерлері де жоқ емес. Біз әлеуметтік желілердің мүмкіндіктерін халықпен жедел «байланыс орнатуда» пайдаланып келеміз.

Өткен жылы интернет арқылы тікелей «Нұр Отан» фракциясына, мәслихат депутаттарына, Қоғамдық кеңеске, «Open Almaty» қоғамдық қабылдауына жалпы 197 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Байыптап қарасақ, олардың барлығы да қаламызда қандай мәселеге көңіл бөлу керектігінен өзінше нақты хабар беруші құрал. Осындай өтініштерді ескерудің арқасында қала бюджеті сарапталып, қажетінше қайта қаралып отырады.

Қаржы тек нақты мәселелерді шешуге бағытталады. Нәтижесінде қоғамдық көлікке қатысты шағымдар осы күндері 5%-ға, көгалдандыру мен көше тазалауға, сондай-ақ пәтер иелері кооперативтеріне қатысты шағымдар 27%-ға азайды. Дегенмен, әлгінде айтқанымыздай, әлі де шешімін таппаған мәселелер жетерлік.

Сондықтан біз тұрғындардың мұқтаж топтарының негізгі мәселелері бойынша нақты іс-шаралар кешенін әзірледік. Бірқатар көпбалалы аналар жергілікті жұмыс тобының құрамына енді. Күні кеше мен олармен кездестім. 2 сағаттай сөйлестік, мазмұнды отырыс болды. Анық ай­тарым – сындарлы ұсыныстардың қайсысы болсын ескерусіз қалмайды. Бүгін сол аналардың бірқатарын – Рәзия Серік­ханқызын, Іңкәр Жанәділқызын, Гүлмира Құдайбергенқызы мен Аида Талғатбекқызын және бас­қаларын осы залдан, алдыңғы қатардан байқап отырмын.

Жалпы, тек соңғы екі аптада қалада ондаған кездесу өтіп, оларға 600-ден астам ана қатысты. Айта кететін жәйт – олардың жартысынан көбі Алматы қаласында тіркеуде жоқ, еліміздің басқа өңірлерінен, әсіресе Жамбыл және Түркістан облыстары мен Шымкент қаласынан келген азаматшалар. Тағы бір бөлігі қала маңының, яғни облыс­тың тұрғындары. Біз іле-шала өңірлердегі әріптестеріміз­бен байланысып, оларға бізге келген аналардың адрестерін, байланыс мәліметтерін жолдадық. Олар да тиісті кездесулер өткізуде.

Жалпы, кездесулер қорытындысы бойынша жүздеген ұсыныс пен өтініш жинақталды. Жергілікті жұмыс тобы оларды сараптап, мағынасына қарай топтастырды. Проб­лемалық мәселелер қатарындағы ең маңыздылары – тұрғын үй, коммуналдық қызметтерді төлеу, жәрдемақы көлемін арттыру, оқу және жұмысқа орналастыру. Барлық ұсыныстар, оның ішінде атаулы әлеуметтік көмек көрсету методикасы мәселесі Үкімет жанындағы жұмыс тобына қарауға жолданды. Жақын уақытта тиісті шешім қабылданбақ.

Дейтұрғанмен, әкімдіктердің де өз мүмкіндіктері жоқ емес. Сондықтан мәселені ысырып қоймай, біз қалалық деңгейде тұрғын үй, жұмысқа орналастыру мен оқыту, балабақша мен бір реттік төлемдерді жергілікті бюджеттен арттыру бойынша жаңа айтылған шаралар кешенінде қамтыдық.

Осыдан тура бір апта бұрын «Нұр Отан» партиясының қалалық конференциясында көпбалалы отбасыларды қолдауға бағытталған нақты бастамалар легі жарияланған болатын. Елбасы тапсырмасына сәйкес, «Нұр Отан» фракция­сының депутаттары тарапынан бюджет қайта қаралды.

Басымдыққа ие емес шығындар – бірқатар нысандар құрылысы, көшелерді көгалдандыру сияқты жұмыстар қысқартылды. Мемлекеттік сатып алуды ашық, жариялы түрде жүргізу есебінен шығындар едәуір азайтылып, нәтижесінде 6 миллиард теңгеге жуық қаражат үнемделді.

Әрине, аспаннан түсіп жатқан ақша жоқ. Бұлардың барлығы алматылық салық төлеушілердің қаржысы. Айналып келгенде, біз қаланы абаттандыруға жұмсалмақ қаржыны әлеуметтің қазіргі қажетіне бұрмақпыз. Тұрғындардың қайбір мұқтаждығына қаржы жұмсайтын болсақ, қоғамның тағы басқа қажеттілігін кейінге қалдыруымызға тура келеді. Мейлі ол мектеп болсын, мейлі басқа да нысан болсын. Бұл – заңдылық.

Өздеріңізге белгілі, осыдан 6 жыл бұрын Елбасының тапсырмасымен партия халықтың барлық топтарын қамту мақсатында арнайы әлеуметтік жобаларды қолға алды. Алматыда жаңа бастамаларды іске асыруда біз осы тәжірибеге сүйенеміз. Мәселен, «Кедергісіз келешек» жобасы бойынша ерекше қажеттілігі бар адамдар кешенді қолдау шараларымен қамтамасыз етіледі.

Өткен жылдың өзінде 1000-нан астам мүмкіндігі шектеулі жандар жұмысқа орналастырылып, шамамен 2,5 мың әлеуметтік нысандар мен көліктер мүгедектер үшін бейімделді. Мүгедек жандардың барлық санаттарына арналған қолдау 2015 жылғы 2,4 млрд. теңгеден биылғы жылғы 4,2 млрд. теңгеге, яғни 1,8 миллиардқа артты. Жас Отандықтар жүріп-тұруы қиын азаматтар үшін жайлы болсын деп 250 мыңнан астам объектіге паспорттау жұмысын жүргізді. Көптеген көшелер мен саябақтар көпбалалы аналар үшін қолайлы демалыс ортасы ретінде жаңғыртылды.

Өткен жылы «Нұр Отан» партиясы қалалық про­куратурамен бірлесіп «Айқын тариф» жобасының аясында коммуналдық тарифтерге тексеру жүргізді. Нәтижесінде монополистер Алматы тұтынушыларының 4,3 млрд. теңге қаржысын қайтарып беретін болды. Қазірдің өзінде 2,7 млрд. теңге қайтарылып, қалған 1,5 млрд. теңге 1 тамызға дейін толық орнына қойылатын болады.

Бүгінгі таңда «Жастар – Отанға!» және «Сәтті қадам» жобалары кеңінен таралған. Базарларда, мешіт маң­дарында, авто және теміржол вокзалдарында «мобильді жұмыспен қамту орталықтарының» жұмысы ұйымдасты­рылды. Уни­верситеттер мен колледждердің 1 мыңнан астам түлектеріне арналып жастар тәжірибесі қаржылан­дырылуда. Нәтижесінде 19 мың жас жұмысқа орналас­тырылып, жастар арасындағы жұмыссыздық алғаш рет 7,4%-дан 6,4%-ға дейін төмендеді.

Елбасы 2019 жылды – Жастар жылы деп жариялады. Ал Алматы – жастар қаласы. Мұнда еліміздегі әрбір үшінші студент білім алады, креативті жастар еңбек етеді. Алматы­ның қолайлылығы еліміздің барлық өңірлерінен жастарды тартуда. Сондықтан да белсенді жастардың сапалы білім алуына, лайықты жұмыс табуына қажетті жағдай жасау бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.

Қазіргі таңда Алматыда 93 мың өзге өңірлердің студенттері білім алса, олардың үштен бір бөлігі жатақханаға зәру. Осыған байланысты Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасы» аясында алдағы 2 жылда 20 мың орынға шақ­талған 42 жатақхана тұрғызуды жоспарлап отырмыз. Бүгіннің өзінде 4 жатақхана пайдалануға берілді.

«Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында партия­лықтар ардагерлерге азық-түлік, дәрі-дәрмекпен көмектесіп, үйлерін жөндеп, тазартып, оларға қолдан келгенше құрмет көрсетуде. Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне және Ауғанстаннан әскердің шығарылуына 30 жыл толуына байланысты ауғандық жауынгерлерге төлемақыға барлығын қосқанда 400 млн. теңге қаражат бөлінді.

Өздеріңіз білесіздер, Алматыда қарт адамдар үлесі 12%-дан астам. Сондықтан өткен жылдан бастап Қазақстанда алғаш рет «Белсенді ұзақ өмір» қалалық бағдарламасы іске қосылды. Бір жылдың ішінде 2 мыңнан астам егде жастағы қала тұрғындары Белсенді ұзақ өмір сүру арнайы орталы­ғында және аудандық клубтарда спортпен шұғылданып, бір-бірімен араласып, компьютерлік сауаттылықтарын ашу үстінде. Бұл тәжірибе өзінің оң нәтижесін көрсетіп отыр.

Енді осыған ұқсас көпбалалы отбасыларға арналған «Бақытты отбасы» қалалық кешенді бағдарламасын партия фракциясының ұсынысы бойынша іске қоспақпыз. Өткенде айтылғандай, бұл бағдарлама аясында 7 бағыт бойынша 13 нақты шара қарастырылған.

 

Бірінші. Институционалдық шаралар

Бүгінгі таңда қаламызда 14,5 мың көпбалалы отбасы тіркелген, оның үштен бір бөлігі, яғни 5561-і – әлеуметтік аз қамтылғандар. Көптеген аналар қиын жағдайларда кімнен көмек сұрарын білмей дал болатыны рас. Бір бөлігінің туған-туысқандары жанында болмаса, енді бірінің қасында сүйенер ер-азаматтары да жоқ.

Осыған байланысты заңгерлік және психологиялық кеңес беретін, жәрдемақы алу бойынша өтініш толтыруға, жұмысқа орналасуға және қосымша оқуға көмек беретін «бір терезе» қағидаты бойынша арнайы орталық ашпақ­пыз.

Орталықта жұмыс жасауға көпбалалы аналардың өздері тартылмақ. Мысалы, кеше менімен кездескен көпбалалы аналардың қатарынан Танашева Гаухарды атап өтуге болады. Тәрбиелеп отырған 8 баласының 5-еуін асырап алған Гаухар замандасымыз мемлекеттік емес ұйымды басқарып, қоғамдық салада да белсенді қызмет етіп отырған жан. Осындай аналарға ыңғайлы ету үшін орталықта шағын балабақша да ұйымдастырылатын болады. Біз қажетті ғимаратты қала орталығынан тауып қойдық. Демеушілерді тартып, шұғыл арада шағын жөндеу жұмыстарын жүргізсек, Ана орталығының жұмысын тез бастап кетуге болады.

Жалпы, айта кететін жәйт – Алматы еліміздегі үкі­мет­тік емес ұйымдардың басым бөлігі орналасқан, аза­мат­тардың белсенділігі жоғары қала. Қоғамдық ұйым­дардың қызметін қаржыландыру көлемі жағынан да Алматы алғашқы орында. Тек өткен жылдың өзінде 2 миллиардқа жуық қаржыға 90-нан астам түрлі әлеуметтік маңызды жобалар іске асырылған.

«Ана орталығының» қызметі «Белсенді ұзақ өмір» орталығы сияқты нақты тәжірибеге сүйене отырып жолға қойылатын болады.

Екінші. Тұрғын үй көмегі

«Үйі бардың, күйі бар» дегендей, баспана, шаңырақ дегеніміз отбасымен тығыз байланысты ұғым. Өткен жылы қалада 2 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынды, бұл 2017 жылға қарағанда 100 мыңға артық. Бұл еліміз бойынша пайдалануға берілетін тұрғын үй көлемі жағынан Астанадан кейінгі үлкен көрсеткіш.

Осы ретте Елбасы бастамасымен жүзеге асырылып келе жатқан мемлекеттік бағдарламалар аса маңызды рөл ат­қаруда. Мәселен, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша өт­­кен жылы 4725 пәтер үлестірілді. Оның ішінде 1400 пәтер 7-ден 13 млн. теңге көлемінде жеңілдетілген несие­мен ке­зек­те тұрғандарға берілді. «7-20-25» бағдарламасы аясын­да Алматы қаласында 2 мың өтініш қабылданған. Бұл  Қазақстан бойынша келіп түскен өтініштердің 4-тен 1-ін құрайды. Қазіргі уақытта олардың жартысы мақұлданды.

Жалпы, 3 жылда өз кезегімен 10 мыңнан астам отбасы баспаналы болды. Оның ішінде 1356 пәтер қалалық тұрғын үй қорынан бөлінген. 8 мыңнан астам пәтер жеңілдетілген несие бойынша берілді. Пәтер алғандардың 40%-ға жуығы әлеуметтік аз қамтылған жандар, яғни 2375 пәтер көп­балалы және жалғызбасты отбасыларға, 564-і мүмкіндігі шектеулі жандарға, 345-і жетім балаларға, 165 пәтер зейнеткерлер мен ардагерлерге берілді.

Соған қарамастан, үйге кезек күткен алматылықтардың саны 22 мыңнан астам. Олардың жартысы әлеуметтік мұқтаж топқа жатады. Сондықтан да біз, ең алдымен, халықтың осы бөлігіне көмектесетін боламыз. Біз барлық тізімге тағы да талдау жүргіздік.

Бүгінгі күні кезекте көбісі тіпті алғашқы жарнаны төлей алмайтын 1276 көпбалалы және жалғызбасты отбасы тұр. Осындай жанұялар үшін Алматыда «Бақытты отбасы» атты арнайы әлеуметтік тұрғын үй бағдарламасын іске қосуды ұйғардық. Яғни бұл санаттағы тұрғындарды жалпы кезектен бөліп алып, жеке көмектесетін боламыз.

Нақты айтсақ, алғашқы жарна пәтер құнының 10%-ын құрайды, несие 2%-бен 18 жылға берілетін болады. Ал алғашқы жарнаны төлеу үшін 1 млн. теңге сомасында тұрғын үй сертификатын қала бюджеті есебінен бермекпіз.

Мұндай қаржыға құны 15 млн. теңгеден аспайтын, жаңадан салынған үйлердің шағын көлемді пәтерлерін сатып алуға болады. Ағымдағы жылы осындай 500-ден астам пәтерді Алатау және Наурызбай аудандарында пайдалануға беру күтілуде. Барлығы 1276 отбасыға осындай пәтер алу үшін 12 млрд. теңге қажет.

Өздеріңіз білетіндей, соңғы екі жылда «Алматы Жас­тары» тұрғын үй бағдарламасын сәтті іске асырдық. Жас отба­сыларға 5%-дық мөлшерлемемен құны 10 млн. теңгеге дейін 238 пәтер берілді. Яғни бізде нақты тәжірибе бар.

Қазіргі уақытта «Бақытты отбасы» бағдарламасын қар­жыландыру үшін 12 млрд. теңгенің жартысы – 6 мил­лиардты бөлу бойынша Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен жұмыс жүргізілуде. Нақты айтқанда, осы жылы тек пәтерлерді беруге ғана жергілікті бюджеттен 3,6 млрд. теңге қарастырып отырмыз.

Ескі, жарамсыз тұрғын үйлердің орнына жаңа үй салу бағытында қосымша мүмкіндіктер де бар. Осы жолмен мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында бес жылдың ішінде шаршы метрі 250–300 мың теңге болатын 23 мың пәтер салу жоспарлануда. Әкімдік тарапынан инженерлік желі мен жолдарды жүргізсек, мұндай бағаға қол жеткізу әбден мүмкін.

Тұрғын үй – өте күрделі мәселе, барлық мұқтаж азаматтарға әкімдік бірден көмектесе алмайды. Оны түсіну керек. Сондықтан заң шеңберінде, ең алдымен, аса мұқтаж жандарға қолдау көрсетілетін болады.

 

Үшінші. Жұмысқа орналастыруға көмек беру

Жұмыстың болуы – кез-келген отбасының игілігі үшін маңызды мәселе. Егер адамның жұмысы мен жақын­дары­ның қолдауы болса, ол өмірдің кез-келген қиындығын жеңеді.

Елбасының тапсырмасымен елімізде 2017 жылдан бастап «Еңбек» бағдарламасы іске асырылуда. Жұмыс таба алмай жүрген, мамандығы мен тәжірибесі жоқ адамдарға Жұмыспен қамту орталығы көмектеседі. Өткен жылы қала­да барлығын есептегенде 32 мың адам жұмысқа орналас­тырылды. Жұмыс берушілерге бюджеттен жалақы төлеуге адам басына 63 мың теңге мөлшерінде субсидия бөлінеді.

Өткен жылы осылайша қоғамдық және әлеуметтік жұмыстарға 4200 адам, жастар іс-тәжірибесіне 1300 адам жіберілді. Ал осы жылы «Бақытты отбасы» бағдарлама­сының шеңберінде көпбалалы отбасыларға басымдық бере отырып, қаражат көлемін 30%-ға, адам санын 2300-ге көбейтеміз. Олардың 1200-і жоғары оқу орындары мен колледждердің түлектері.

Сонымен қатар, әйелдер кәсіпкерлігі сияқты бағытты да қолдау маңызды. Кеше кездесу барысында көпбалалы аналар бұл сұрақты көтерді. Осы тұста «Еңбек» бағдар­ла­масы аясында былтырғы жылы берілген микронесие­лердің 40%-ы әйел азаматтарға тиесілі екенін айта кеткен жөн.

Кейбір көпбалалы аналар, атап айтсам, Ақмарал Бакирова, Рәзия Бақыбекова сияқты азаматшалар кәсіп­керлікпен шұғылданады, айтарлықтай тәжірибеге ие. Осыған байланысты мен қалалық «Жібек жолы» бағдарла­масы аясында әйелдер кәсіпкерлігін қолдау тетіктерін қарастыру­ды тапсырамын.

Бұл бағдарламаға біз жыл сайын 4 млрд. теңге қаржы бөліп отырмыз.

 

Төртінші. Білім алуға көмек беру

Жұмыспен қамту орталықтары жоғары білімі мен кәсібі жоқ азаматтарды оқуға жібереді. Өткен жылы оқумен қамтыла­тындар саны 1000 адамды құраған болса, биылғы жылы «Бақытты отбасы» бағдар­ламасының аясында бұл көрсеткішті 2 есе арттырамыз. Олар тегін оқып, 16 мың теңге көлемінде шәкіртақы алатын болады.

Қаламызда ата-аналар мемлекеттік бақшаларға бала­ларын тегін жіберіп, тек 18 мың теңгені тағамдану үшін төлейтінін білесіздер. Қалған 27 мың теңгені мемлекет қаржыландырады. Өткен жылдың өзінде балабақша­лардағы  51 мың орынға мемлекеттік тапсырыс бойынша 16 млрд. теңге бөлінді. Биыл бұл сома өткен жылмен салыс­тырғанда 1,8 млрд. теңгеге артпақ.

Дегенмен, табысы төмен көпбалалы отбасында екі немесе одан да көп бала бақшаға баратын болса – бұл ондай отба­сына ауыр тиетіні белгілі. Осыған байла­нысты «Бақытты отбасы» бағдарлама­сының аясында мұқтаж жанұялар екінші баладан бастап балабақшаға мүлдем тегін апару мүмкіндігіне ие болмақ. Ұзын саны – 710 бала.

Бүгінгі күні аз қамтылған отбасыларда тәрбиеленетін 14 254 балаға мектептерде ыстық ас, 3475 балаға – мектеп формасы мемлекет есебінен төленсе, 2333 балаға қаржылай көмек және 1050 балаға жазғы лагерьлерге жолдама беріледі.

Бұған қоса, біз «Бақытты отбасы» бағдарламасының аясында әлеуметтік аз қамтылған отбасылардағы үздік оқитын балаларға стипендия төлеуді ұйғардық. Бұл баланы білім алуға талпындырады. Университеттер мен кол­ледждердің студенттеріне – айына 10 мың теңгеден, мек­тепте оқитын балаларға көмек ретінде 5 мыңнан төленбек.

Айта кетсек, биылғы оқу жылында елімізде бөлінген бүкіл гранттың 40%-ы, яғни 27 мыңы Алматыға бұйырды. Грантпен оқитындардың барлығы стипендия алатыны белгілі. Ал біздің айтып отырғанымыз – көпбалалы отбасынан шыққан, ақылы негізде оқыса да үлгерімі үздік студенттерге берілетін үстеме ақы. Бұл отбасы үшін қосымша табыс көзі екені сөзсіз.

 

Бесінші. Жыл сайынғы әлеуметтік төлемдер

Тұрмысы төмен азаматтар бюджеттен бүгінде тұрақты түрде төлемдер мен жәрдемақылар алады. Мәселен, Алматы қаласының бюджетінде 2019 жылға 2 млрд. теңгеге 24 мың адамды қамтитын тұрақты сипаттағы 11 әлеуметтік жәрдемақы қарастырылған.

Ай сайын тұрмысы төмен отбасыларға коммуналдық қызметтерді төлеу үшін тұрғын үй көмегі көрсетіледі. Егер бұрын бұл көмекті 2600-ден астам отбасы алып келсе, «Бақытты отбасы» бағдарламасының аясында биыл төлемақының жалпы мөлшері 2 есеге дейін ұлғаймақ.

Осылайша біз бұрынғыға қарағанда адам санын 30%-ға көбейтіп, 3 мың отбасына дейін қамти аламыз. Үйде білім алатын 800 ерекше қажеттілігі бар балаға мектеп оқулық­тарын сатып алуға жыл сайын 22 мың теңгеден төленеді.  Бұл  төлем  осы  жылдан  бастап  30%-ға, яғни 30 мыңға дейін көбейетін болады.

 

Алтыншы. Біржолғы төлемдер

Алматыда өмірдің қиын жағдайына тап болған адам­дарға біржолғы жәрдемақылар төленеді. Бұл асыраушы­сынан айырылған, мүгедек болған, зорлық-зомбылықтан, өрттен, су басудан, басқа да төтенше жағдайлардан зардап шеккен адамдар үшін. Былтыр 4,3 мың адам осындай көмек алды.

Осы жылдан бастап төлемдер мөлшері 2 есеге – 25 мың­­­нан 50,5 мың теңгеге дейін артатын болады. Сондай-ақ, бағаның өсуіне байланысты коммуналдық есеп­теуіштер орнату үшін тұрмысы төмен отбасыларға төлемдер мөлшері 70%-ға, яғни 8,5 мың теңгеге дейін көбейді.

 

Жетінші. Алматылықтардың қайырымдылық көмегі

Алматыда қайырымды жандар өте көп. Әкімдікке хабарласып, әсіресе мерекелер қарсаңында мұқтаж жандардың мекен-жайын сұрайтындар бар. Көптеген бизнес­мендер, мәслихат депутаттары мен қала тұрғындары мұқтаждарға материалдық көмек көрсетеді, көбіне осы әрекетін жария етпеуге тырысады.

Өздеріңіз хабардар болғандай, бір апта бұрын өткен «Нұр Отан» партиясының қалалық фракциясының бастамасымен көпбалалы отбасыларға көмектесу үшін «Бақытты отбасы – Алматы» қоғамдық қоры құрылды. Бір күн ішінде Алматының кәсіпкерлері тарапынан қорға 35 млн. теңге жиналды.

Ең алғаш болып осы қордың қоржы­нына қаржы бөлген белгілі кәсіпкерлердің қатарында Мәслихаттағы «Нұр Отан» фракциясының төрағасы Мұрат Әділха­новты, Қайрат Құдайбергенді, Зиядин Касановты, Вячеслав Банщиковты, Мұхит Әзірбаевты, Долкунтай Абдулхалилді, Ерболат Қасымовты, Мұрат Алчимбаевты және басқа да азаматтарды атап өтуге болады.

Күні кеше Вячеслав Банщиков Атания­зова Жанат есімді алты баланың анасына көмектесіп, қатерлі ісікпен ауырған баланы емдеуге алған 1,7 миллион теңге қарызын өтеді. Мен осы азаматтарға үлкен алғыс білдіре отырып, олардың қатары күн сайын артатынына күмәнім жоқ дегім келеді.

Бұдан өзге, Алматы қаласы әкімдігі, полиция, Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті, Төтенше жағдайлар департаментінің және көптеген мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері біркүндік еңбекақысын аудару туралы шешім қабылдады.

Мемлекет заң бойынша көмектесе алмайтын жағдай­лар болады. Оны бәріңіз білесіздер. Мысалы, несие алып, уақы­тында төлей алмаған, сондықтан қолайсыз несие тарихы барлар тұрғын үй бағдарла­маларына қатыса алмай­ды. Немесе күтпе­ген жерден туындаған өмірдің қиындық­тарына байланысты уақытша жұмысқа жарамсыз, отбасын асырай алмай жүрген жандар да жоқ емес. Осындай әрбір қиын жағдай нақты және ашық қаралып, қор тарапынан мүмкіндігінше көмек көрсетілетін болады.

Қордың жұмысы көпбалалы аналар өкілдерінің, жур­налистер мен «Нұр Отан» партиясы депутаттарының, бүгін осы залда алдыңғы қатарда отырған Сәуле Әбіл­даханқызы сияқты әлеуметтік қорғау мәселесіндегі бел­сенділігімен танымал жандардың қатысуымен Қадағалау кеңесінің тұрақты бақылауымен бір жүйеге қойылатын болады.

Қорытындылай айтсақ, «Бақытты отбасы» бағдарла­масы аясында қаламызда жалпы саны 7 мыңнан астам адам әлеуметтік қолдаумен қамтылмақ. Яғни 1276 отбасы жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама бойынша пәтер алу мүмкіндігіне ие болады. 2 мың адам оқытылып, қосымша 2300 тұрғын жұмысқа орналасады. Кемінде 710 бала бақшаға тегін барады. 1950 мектеп оқушысы, 385 колледж студенті, 1461 жоғары оқу орындарының студенті үстеме шәкіртақы мен көмек алатын болады.

13 шараның 8-іне ертең өтетін Мәслихат отырысында 3,5 млрд. қаржы қарастырылатын болады. Ал қалған 5 ша­ра­ға заң шеңберінде алдағы бір ай ішінде тиісті қаржы бөлінбек. Жалпы, барлығына бюджеттен қосымша 5,5 мил­лиард теңгеден астам қаржы қарастыру көзделген.

Мұқият ескеретін бір мәселе – көпбалалылар мен әлеуметтік мұқтаждарға арналған шаралардың қайсысы болсын, кіріс мөлшері адам басына шаққанда айына 30 мың теңгеден төмен жандарға ғана арналатынын атап өту керек!

Бәзбіреулер үлгі тұтатын батыстың бірқатар елдерінде көпбалалы отбасыларды мемлекеттік қолдау шаралары мүлдем қарастырылмаған. Әлдекім өмір бойы үй-күйсіз өтуі мүмкін. Әрине, «бес саусақ бірдей емес». Әркімнің өз тағдыры бар. Ал біздің ел Елбасы айқындап бергендей, әлеуметтік сипаттағы мемлекет.

Ел болған соң, кейбір мәселелерде күнделікті күйбең тірлікпен кенже қалып жататынымыз жоқ емес. Бірақ ең бастысы, біз ел мұқтажын шешуге, оның қажетін бірлесе отырып, оңтайлы қанағаттандыруға дайынбыз. Бұл ретте, әлеуметтік масылдыққа ұмтылу – құпталатын, кімнің де болсын тарапынан қолдау табатын шаруа емес.

Кеше менімен кездескен бірқатар көпбалалы аналар да мемлекетке масылдық болмау қажеттігін айтты. Әрбір жанұя құ­ратын адам өзінің мүмкіндігі мен қабілетіне сүйенуі, азамат ретіндегі жауапкершілігін сезінуі қажет. Бүгінде кім болса да өз баласының болашағы үшін табыс деңгейін арттыру мақсатында оқып, мамандық алып, адал еңбек ете алады. «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегің мен ақылың екі жақтап» деп Ұлы Абай айтпақшы, әрбір адам, ең алдымен, өзіне сенуі тиіс. Бұл – ізденсе, талпынса қол жеткізуге болатын жағдай.

Тұрмысы жақсы адамдардың мейлінше көбірек болуы біздің ортақ міндетіміз. Олар бизнес ашса жұмыс орындарын құрады, салық төлейді. Осының арқасында мемле­кет зейнетақы, жәрдемақы, дәрігерлер мен мұғалімдерге еңбекақы төлей алады. Әлеу­меттік саясат тек осындай принциптерден құралады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей: «Қазір – ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған шағын қадамның өзі даңғаза ұран­шылдық пен үдере үндеушіліктен әлдеқайда маңызды».

Осыған сәйкес, біз шынымен алаңдаушылық танытып, нақты іске, өзара түсіністікке ниет білдірген азаматтармен бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз.

Алайда, босқа байбалам жасап, жұртты билікке қарсы айдап салып, жағдайды ушықтырғысы келетін алаяқ адамдар да бар. Олар азаматтардың тұрмыстық қиындық­тарын, сенімін пайдалана отырып, өзінің жеке мәселелерін шешкісі, кем дегенде интернетте танымалдығын арттыр­ғысы келеді. Дәлел ретінде Наурызбай ауданында 150 гек­тардағы 61 жер телімін заңсыз сатқан Мәдина Даданова­ның ісін еске түсірсек жеткілікті. Ол қарапайым халықтан алаяқтықпен миллиондаған ақша жинаған. Олардың арасында көпбалалы аналар да бар. Қаншама айқай-шу болды, билік кәсіпкерге күн бермей жатыр, қарапайым халықтың жерін тартып алып жатыр деген сияқты.

Аяғында ол азаматша алаяқтығы үшін 6,5 жылға сотталып тынды. Көпбалалы отбасылардың жағдайына шын жанашыр жандар бар. Олармен біз жұмыс істейміз. Сонымен қатар, мәселені өз пайдасына шешкісі келетіндер де жетерлік. Ал олардың арасында бұрын алаяқтық, жала жабу және айдап салу секілді қылмыстары үшін сотталғандар да бар. Құқық қорғау органдары олармен заң бойынша жұмыс жасайтын болады.

«Атың шықпаса – жер өрте» дегендей, популистік ұрандарды жамылып, арзан беделге ие болғысы келетін­дердің мақсаты біреу ғана – жеңіл ақша табу! Сондықтан да екі ортада делдалдықпен айналысып, сан соқтырып кететін алаяқтарға емес, мәселені заң жүзінде қарайтын қабылдау бөлімдеріне, Open Almatyға, әлгінде атап өткен арнайы құрылған қорға, оның Қадағалау кеңесінің мүшелеріне жүгінуге шақырамын.

Құрметті алматылықтар!

Осындай қолдау шараларымен қатар, кірістің өсімі мен деңгейіне қарамастан тұрғындардың бюджетіне салмақ түсірмеу үшін қала әлеуметтік маңызы бар салаларды субсидиялауға дайын.

Өздеріңіз білетіндей, отынның, қосалқы бөлшектердің қымбаттағанына, еңбек­ақының артқанына, жаңа автобус­тардың сатып алынғанына қарамастан, қоғамдық көлік­тердің тарифі осымен жеті жыл бойы өзгермей келеді. Іс жүзінде қоғамдық көліктің барлық жолаушылары жолақысын өзіндік құнынан әлдеқайда аз төлейді. Айырмашылығын әкімдік субсидиялайды.

Санап қарасақ, бұл күніне бір миллионнан астам транзакция. Бұдан басқа қосымша жеңілдіктер де қарас­тырылған. Мысалы, оқушылар, студенттер, 75 жасқа дейінгі зейнеткерлер мен көпбалалы аналар қоғамдық көліктің барлық түрінде 50%-дық жеңілдікті пайдаланып 40 теңгеге жүреді. Бұл жалпы алғанда жылына 400 мыңдай адам және шамамен 8 млрд.-тан астам теңге.

Жалпы, жыл сайын түрлі әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыны өтеуге тең жартысы әлеуметтік шығын болып табылатын қала бюджетінің жыл сайын 76 млрд.-тан астамы жұмсалады, ал осы «Бақытты отбасыны» қоссақ 80 млрд. теңгеден аспақ.

Жыл басынан бері Елбасының тапсырмасы бойынша коммуналдық қызметтердің тарифі төмендетілді. Жылу – 18%-ға, газ – 16%-ға, су мен қоқысты шығару – 10%-ға, лифт қызметі – 8,5%-ға, ПИК қызметі – 6%-ға төмендеді.

Жылумен қамтамасыз етуде тариф пен тұрғындардың сатып алатын баға айырмашылығын субсидиялауға жақын арада қала резервінен 1,6 млрд. теңге бөлінеді. Бұдан басқа, бюджет есебінен үш жылда екі мың шақырымнан  астам инженерлік желі жүргізіліп, жөнделді. Ол үшін 126,7 млрд. теңге бөлінді. 2,3 мың су есептеу құралдары орнатылды.

Тұрғындар мүддесі үшін дер кезінде тиісті шаралар қабылдаудың арқасында осындай шығындар тарифтің өсуіне әсер еткен жоқ. Нәтижесінде 260 мыңнан астам адам сенімді түрде коммуналдық қызметпен қамтылып отыр. Оның ішінде 60%-ы Наурызбай және Алатау аудан­дарында.

Коммуналдық сектор нысандарын салу және қайта жаң­ғырту кезінде 12 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Осылардың барлығы біздің азаматтарымызға, анала­рымызға арналған.

 

Қадірлі қауым!

 Бәріміз анадан тудық. «Жұмақ – ананың аяғының астында» дейтін халықтың баласымыз. Бәріміз де бала асырап отырмыз, жақсы күн мен жарқын болашаққа үміт артамыз! Сондықтан кім не десе де, өз аналарымыздың проблема­ларын өзіміз ғана ақылдаса отырып шешеміз.

Шет   елден әлдебір ағатай келіп шешіп бермейді бізге! «Жанайқайға айтақ қосатын» көлденең білгіштерге айтатыны­мыз сол. Қазақтың елдігі, келешегі бәрімізге ортақ, ұрпағымызға керек. Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарсақ, алқаласақ, біз алмайтын қамал жоқ.

 

Құрметті  алматылықтар!

Елбасымыз: «тұрғындардың табысы мен өмір сүру са­пасы – мемлекеттің тиімділігінің басты көрсеткіші болып табылады» деп атап айтқандай,  әрбір адамға қамқорлық  – «Алматы–2020» бағдарламасының  негізгі қағидаты. Біздің бүкіл жұмысымыз алматылықтардың өмір сүру сапасын көтеруге бағытталған. Ал өмір сүрудің биік деңгейі дегеніміз не? Қарапайым тілмен айтқанда,  бұл ең дамыған 30 елдің өмір сүру өлшемдері. Ол – сапалы білім мен денсаулық, лайықты жалақы, дамыған қоғамдық көлік, жайлы қоғамдық орта, қауіпсіздік және экология.

 

Бірінші. Баршаға сапалы білім

Әрбір адам  өз баласының жақсы өмір сүргенін қалай­ды.  Білім – келешекке салған инвестиция мен әлеуметтік лифтің кепілдігі. Алматыда  жыл сайын білімге 100 млрд.-тан астам қаржы бөлінеді. Бұл 32 мыңнан артық мұғалімдер мен тәрбиешілердің жалақысына, 221 мектепті, 182 балалар бақшасын, 20 колледжді  ұстап тұруға және білім беру нысандарының құрылысына  жұмсалатын шығын. Өткен 3 жылдың ішінде  бюджеттің есебінен 11 жаңа мектеп және 8 мың бала үшін  9 балалар бақшасы салынды. Осы мекемелерде  850 адамға жұмыс орны ашылды.  Әйтсе де, әлі де  мектептер мен балабақшаларда орындар жетіспейді. Жылына қаланың тұрғындар саны орта есеппен: 50 мың адамға,  оқушылар саны 10–12 мыңға, бақшаға баратындар саны 5–7 мыңға өсіп отырады.  Сондықтан кейбір мектептерде орын тапшы. Мысалы, «Рахат» ықшамауда­нындағы 90 орынды мектепте  500 бала оқиды. Осы сияқты «Трудовик» ықшамауданында  900 оқушы болса, ондағы мектеп небәрі 100 оқушыға лайықталып салынған. Ал «Дархан» ықшамауданында бірде-бір мектеп жоқ. Тұратын оқушылар саны  1800-дей.

Осыған орай,  Президент Жолдауының аясында  2022 жылға дейін  8 ірі мектеп, оның 6-уы Алатау ауданында, қалған 2-уі  – Әуезов пен Наурызбай аудандарында салы­нады. Ол мектептердің жобалық құжат-қағаздары жаса­лынуда.  Балаларды орындармен қамтамасыз ету үшін жекеменшік балабақшаларға  мемлекеттік тапсырыстар беріледі. Осының арқасында өткен 4 жылда  18 мың балаға арналған 539 жеке балабақша  ашылып, балалардың 83 пайызы қамтылды.  Нәтижесінде негізінен әйелдер қызмет ететін 3,5 мың жұмыс орны ашылды. Бұл орайда  қалаға ірі құрылыс компаниялары көмек қолын созуда. Мәселен, биылғы жылы «BІ Group» 270 орынды екі балабақшасын пайдалануға бермек.  «Базис-A» төрт мектептің жанынан қосымша ғимараттар салып, олардың  әрқайсысын 300 орынға кеңейтіп береді. Сөйтіп, бюджетке 3,5 млрд. теңге қаржы үнемделеді. Осындай орын жетпейтін қиындық­тарына қарамастан Алматы білім беру сапасы жөнінен  еліміз бойынша алда келеді.

Оқушыларымыз  заманауи  мультимедиалық контент пен технологияларды пайда­лануға мүмкіндік алған. Қаланың барлық мектептерінде  жоғары жылдамдықтағы интернет,  Wі-Fі  жұмыс істейді. Олардағы 7304 кабинет­терде проектор, экран, ноутбук сияқты мультимедиалық үштік орнатылған. Оқушылардың 80 пайызы үйірмелер мен секцияларға қатысады, оларда тұрмысы төмен отбасының балаларына қызметтер тегін көрсетіледі.

Осының бәрі өзінің жемісін беруде. ҰБТ сынағынан біздің оқушыларымыз  жеті жыл қатарынан еліміз бойынша  алдыңғы орында. Мектеп бітіру­шілердің жартысынан астамы өткен жылы гранттарға ие болды. Ол 27 мың студент, яғни алдыңғы  жылмен салыстырғанда 51%-ға көп дегенді білдіреді.

 

Екінші.  Медициналық қызмет

Денсаулық – басты байлық. Оның 15–20%  меди­цинаға байланысты. Қалған  80–85% – салауатты өмір сүру салты, спорт, дұрыс тамақтанудан.  Тұрғындарымыз уақытылы  скринингтен өтіп,  денсаулық жағдайын біліп отыруы үшін  соңғы үш жылда барлық денсаулық меке­мелері  80%  осы заманғы МРТ, УЗИ, жаңа рентген аппа­раттарымен  қам­тамасыз етілді.  Қала халқының өсуі ескеріліп, кейінгі үш жылда 12 жаңа аурухана мен емханалар салынды. Пре­зиденттің тапсырмасымен  жаңа емдеу тәсілдерімен жұмыс істейтін учаскелік дәрігер­лердің жалақылары 20%-ға  өсірілді. Бұл 3,5 дәрігер мен мейірбикелерді құрайды. Алайда, қаланың медициналық ұйымдарында әлі де  дәрігерлердің өз қызметіне салғырт қарауы, бүркемелеу, жемқорлық тәрізді  келеңсіздіктер кездеседі. Көп кемші­ліктер дәрі-дәрмекті жазып беру, оларды есепке алу, медициналық қызмет көрсету сапасына, менеджментке қатысты. Мысалы, өткен жылғы есеп беру кездесуінде  бір кісі қалалық онкологиялық орталыққа барғаны, үш күн қатарынан қабылдауға кіре алмағаны  және қолында ескіре қоймаған анализ нәти­желері бола тұра, бір ай бойына қайта тапсырып, сандал­ғаны туралы қинала айтқан еді. Осыған байланысты  арнаулы комиссия тексеру жүргізіп, нәти­жесінде  Алматы онкологиялық орталығының бас дә­рігері жұмысынан босатылды. Жалпы, өткен жылда  29 ме­ди­ци­налық мекеме басшыларына  тәртіптік жаза қолда­нылды. 12 басшы,  оны ішінде екеуі теріс себептермен қыз­мет­­тері­нен босатылды. Қалалық денсаулық  сақтау жүйесін рефор­малау мақса­тында  Жол картасы  жасалын­ды. Оған негізгі көрсеткіш  етіп: жұмыстың ашық­тығы мен  қызмет көрсетудің сапасын  көтеру  алынды. Аурухана­лардағы Бақы­­лау кеңестеріне бас дәрігерлер мен олардың орын­басарлары енгізілмейді. Ол кеңестердің құрамында осы іске жаны ашитын:  НПО (Үкіметтік емес ұйымдар)  мен сараптама орталығының өкілдері,  журналис­тер, белгілі блогерлер және қарапайым адамдар болу керек.

Қоғамдық денсалық  басқармасының бастығы Сізге ескертемін,  Жол картасының  орындалуына тікелей  Сіз жауаптысыз! Барлық  НПО-ларды  жол картасының мони­торингіне белсене қатысуға шақырамын.  Ашықтық және жұмыстардың ықшамдығы үшін бүкіл медициналық мекемелер  интернетпен, компьютерлермен және медици­налық ақпараттық жүйелермен қамтылған. Емханаларда тіркелген  барлық алматылықтардың 1,7 млн. электрондық төлқұжаттары жасалынған. Бұл нені білдіреді? Мәселен, балаға бақшаға, не лагерьге баруы үшін жасалынған екпе­лер туралы  анықтама қажет дейік. Ондай шаруаға бұрын екі-үш күн уақыт кететін.  Медбикелер  ар­хивті  ақтарып, қолмен жазып, дәрігердің қолын қойды­рып, мөр басып әуреге түсіп  жататын. Мұндай анықтама­лар ендігі жерде  ақпараттық жүйе арқылы  бірнеше минут­тың ішінде беріледі. Бұрынғыдай жұртты әр кабинетке жүгіртіп, әуре-сарсаңға салатын қызметкерлер қажет емес. Барлық жазбалар электронды түрде  жүргізіледі.  Дәрігер­лерді үйге шақыртудың жартысынан астамы және дәрігердің қабылдауына жазылу  интернет арқылы жасалады.

Үшінші. Баршаға жайлы қала

Жайлы қалада бақытты адамдар тұрады. Біз бүгінде қалалықтар үшін ортақ қолайлы жағдайлар жасаудамыз. Алматылықтар тапқан табыстарына қарамай  парктер мен гүлзарларда, әдемі аллеяларда, көше мен аулалардағы алаң­дарда емін-еркін серуендейді.  Осындай  қолайлылық үшін 3 жылда 1487 аула, оның ішінде: 59-ы жаңадан қосыл­ған аудандарда жөнделіп, жабдықталды. Тұрғындар бұлар үшін қаржы шығындаған жоқ, негізінде  оларды ПИК-тер  жа­сауы тиіс. Бүгінде 690 мың адам өз аула­ларында, 270 мың бала  (оның ішінде аз қамтылған отбасы­ның  балалары да), балалар алаңдарында  спортпен шұғыл­дана алады. Биылғы  жылы  370 мың қалалыққа арнап  682  аула алаң­дарын жасап, 160 үйді, 40 мың адамға қызмет көрсететін 300 лифті жөндемекшіміз. Мұнымен қаладағы аулалардың жартысы қамтылады. Аулаларға қосымша үйлер де жөндеуден өтеді. Кейінгі үш жылда 98 мың тұрғын тұратын 334 үйге толық жөндеу жасалынды. 71 мың тұрғынға қыз­мет көрсететін 512 жаңа лифт салынды. ПИК-тердің жұмысы тұрғындардың көңілін көншітпейді. Олардың жұмысы үнемі біздің бақы­лауымызда. Өткен жылы  309 тексеру жүргізіліп, 78 әкімшілік хаттамалар толтырылды. Тұрғындар үшін электрондық жүйе арқылы  ПИК-тердің жұмысын  мониторинг жасайтын мүмкіндік туғызылған.  6 парк пен гүлзар халықаралық талапқа сай келетіндей  етіп  жабдықталды.  Қазіргі таңда оларда  120 мың алматылық қыдырып, демалады.  Наурызбай мен Бостандық аудан­дары­ның тұрғындары үшін  Қарғалы мен Есентай өзен­дерінің жағалаулары абаттандырылды. Қалалық инфра­құрылым жүйелі түрде дамытылу үстінде. Тарихи орта­лықтың  60%-ы қайта жөнделіп, жақсартылды. Кейбір аудандарда  жаңа алаңдар  ашылды.  Бұл ретте  Алатау ауда­нындағы  «Әткеншектер паркін», Түрксіб пен Жеті­судағы  вокзал  алаңдарын, Орталық парк пен  Айна­бұлақ­тағы парктің қайта жөнделгенін, жасөспірімдер үшін рампалар қойылып, балақайларға арнап алаңдар жасалын­ғанын   айтуға болады.  Биылғы жылы Түрксіб ауданында  «Шұғыла»  мен «Балалар» гүлзарлары, аэро­порт жақтағы көлдің айналасы  қайта реконструк­цияланады.  Медеу ауда­нындағы 28 панфиловшылар паркі түгелдей жаңар­тылып, жақсартылады. Осы жылы әр аудандағы  бір-бір айтулы көшені  толықтай қайта жөндеуден өткізіп, жиегіндегі тротуарларды ретке келтіріп, демалып отыратын орындықтар орнатамыз. Мысалға айтсақ, Алатау ауда­нын­дағы – Рысқұлов көшесінің  Мо­мыш­ұлынан – Шәріпов көшесіне дейінгі аралығы, Нау­рызбай ауданын­дағы – Сәбденов көшесінің  Әші­мовтен – Құрылысшы көшесіне дейінгі  аралығы, Түрксіб ауда­нындағы – Шолохов көшесінің  Сүйінбай даңғылынан – Ержанов көшесіне дейінгі аралығы жөнделіп, абаттан­дырылады.  Кәсіпкерлер де  қаланы абаттандыру ісіне  үлкен үлес қосуда. Сондай жекеменшік қаржының есе­бінен  Рес­публика алаңындағы  «Алмалы» сауда орталығы­ның  құры­лысы биылғы жылы аяқталып, тапсырылмақ. Өздеріңіз білетіндей, өткен жылы  барлық жерасты өткел­дері жөн­деу­ден өткізіліп, жарық­танды­рылып, бақылау камералары орнатылды. Ол жер­лерден жұртшылық  енді еш алаңсыз, қауіптенбей өте­тін болды. Әрі олар заңсыз, стихиялы  саудадан тазар­тылды. Тазалық қалпына кел­ті­рілді. Әдетте  жөндеу  жұ­мыс­тары­ның жүргізілуіне, қауіп­сіздік талап­тарының сақ­талмауына көп шағымдар  айты­лады. Осындай олқылық­тарды барын­ша азайту мақсатында жөндеу мен құрылыс жұмыстары­ның  инте­рак­тивтік картасы  жасалы­нып отырады. Ол карталарда  жүргізілетін барлық жөндеу және құрылыс жұмыстары жайында  ашық ақпарат беріледі.  Жұртшылық  қалалық тиісті басқармалармен бірігіп, жүргізілетін жұ­мыстардың сапасын және мерзімін бақылай алады. Барлық мердігерлер  жөндеу жұмыстарын жүргізуде  қауіпсіздік пен қолайлылық талап­тарын  қатаң  сақтаулары тиіс. Әрбір  құрылыс ныса­нында  жүргіншілер үшін белгі­лер, уақытша өткелдер, пандус­тар, көлік аялдамалары орнатылуы керек. Жұмысымызды осылай ғана жақсарта аламыз. Қалалық­тарды  үнемі бізбен байланыста болуға шақырамын.

 

Төртінші. Қолжетімді қоғамдық көлік

Тұрғыны көп үлкен қалалардағы өмір сапасының басты критерийі – қалалық шапшаңдық (мобильность). Бұл білім алуға да, еңбек етуге де, демалысқа да керек. Межелі жерге тез жету арқылы біз уақыт үнемдеп қана қоймаймыз, көтеріңкі көңіл күй кешеміз. Бұрын қаладағы қоғамдық көлікке байланысты көп шағым айтылатын. Міне, үшінші жыл, қала халықаралық сарапшылардың қолдауымен кешенді қоғамдық көлік реформасын жүзеге асырып келеді. Биыл қоғамдық көлікке қатысты шағымдар едәуір азайды. Субсидиялау арқасында қалалық автопарк 86 пайызға дейін жаңаланды. «Үшінші буынды электро­авто­бустарын құрастыратын, 300 орынды автопаркі бар Қазақ­стан–Германия–Гонконг «Falcon Eurobus» зауыты ашыл­ды. Жүрдек көлік (БРТ) желісінің іске қосылуы жолау­шылардың жолда жүру уақытын 40 пайызға азайтуға мүм­кіндік берді. Жаңа автобус жолымен күніне 100 мыңнан астам жолаушы қатынайды. Адамдар қоғамдық көлікті олардың қызметіне қарай таңдайды. Сараптама нәтижесі «қауырт сағат (часпик) кезінде Тимирязев көше­сіндегі автобустардың жылдамдығы аялдамаларды қос­қанда, жеңіл көліктерден 3 есе жылдам екенін көрсетіп отыр.

Мысалы, студенттер жеңіл көлікте емес, автобуста жылдам келе жатқанына қуанады. Бұрынғы, адам өміріне қауіп төндіретін ескі трамвайлар орнына жаңасы болады. Жеңіл рельсті көлік (ЛРТ) – біздің ірі көлік жобамыз. Жоба жүзеге асқанда күніне 100 мың жолаушы тасымал­данады деп күтілуде. Жоба байқауының бірінші кезеңі аяқталып қалды. Биыл ЖРК желісін салу бойынша жұмыстар басталады. Күнделікті жолаушы тасымалын 86 мың адамға көбейтуге тиіс екі метро бекетінің құрылысы жалғасуда. Метро пойыздарының жүру интервалын қыс­қарту мақсатында 8 жаңа құрам сатып алынды. Оларды құрастыру жұмысы жүріп жатыр. Автобустардың жүру кес­тесінің бұзылуы үшін диспетчерлік басқарманың жұмысы күшейтілді. Сонда да қолданылған шараларға, айтарлықтай бюджеттік субсидия­ларға қарамастан, жо­лаушы тасымалдау сапасы әлі де төмен. Біз қатаң шаралар қолданып жатырмыз. Жазалап жатырмыз.

Мысалы, тасымалдаушы компаниялардан 560 млн. теңге субсидия ұсталып қалды. «Автобаза Достранс» ЖШС, «Тегіс-Транс» ЖШС, «Сант» ЖШС, «Нұржас Транс» ЖШС және «Таксомоторный парк» ЖШС-мен келісім-шарттар үзілді. Тағы да қайталап айтқым келеді, кімде-кім қойылған талаптар мен жұмыс сапасын сақтамаса, жолаушы тасымалында жұмыс істемейді! Өте көп ақша бөлініп отыр, ендеше сапа беру керек қой.

Автомобилистер үшін де көптеген жұмыс жасалуда. Жолдардың сапасы артып, жолайрықтар салынып, жолдар ұзартылуда. Үш жылда 42 шақырым жаңа жол салынды, 6,6 шақырым жолға күрделі жөндеу, жалпы ұзындығы 460 шақырымдық 539 көшеге жөндеу жұмыстары жасалды. Бір жерасты жолы, 10 көпір іске қосылды. Соңғы 10 жылда 30 жолайрық салынды. Жақында тағы біреуі берілді. Өз­де­ріңіз білетіндей, Үлкен Алматы айналма жолын (БАКАД) салу жұмыстары басталды. Бұл жобаға 500 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды. Жоба қаланы қалааралық көлік қатынасынан 10 пайызға жеңілдетеді. ҮААЖ қаланы айналып өтетіндіктен,  жылдам жүретін жол болады. Ал қалада жылдамдық шектеулі – 60 ш/сағ. Бұл – қауіпсіздік талабы. Алматыда жол-көлік апаты (ДТП) 100 мың тұр­ғынға шаққанда, орташа деңгейден 3 есе көп болып тұр. Яғни республика тұрғындарының 10 пайызы тұратын қалада республика бойынша жол көлік апатының (ДТП) 30 пайызы орын алып отыр.

Сол себепті, жол апатын азайту үшін жүйелі шаралар қолданылуда. Біріншіден, екі жыл бұрын екі көшені бір­бағытты жасадық. Бұл жылдам нәтиже берді. Құрман­ғазы көшесінде  жол  апаты  41 пайызға, Шевченко көше­сінде 4 есеге азайды. Былтыр тағы да 8 көшеде бірбағытты қоз­ғалыс енгіздік. Қала жолдарында жылдамдықты шектедік. Әл-Фараби даңғылында да. Бұл даңғыл жылдам­ жүретін жол емес, қала ішіндегі көлік жолы. Әл-Фараби даңғылы­мен жылдамдықты 60 шақырымға дейін түсір­геннен соң жол-көлік апаты 2,7 есеге азайды. Жолдағы өлім мен жарақатты нөлдік деңгейге жеткізу мақсатында биыл «Vіsіon Zero» жол қауіпсіздігі бағдарламасы қолға алынады. Бұл бағдарлама бірден бірнеше кешенді мәселені шешуі тиіс. Олар – жылдамдықты шектеу, жол-көлік апатынан соң медициналық көмек, көлік жүргізушілердің жылдамдығын шектеу мақсатында жолда қолдан жасалған кедір-бұдырлар, т.б.

Бұдан өзге, басты қала «қақпалары» – Сайран, Саяхат автобекеттерінде, Алматы-1,2» теміржол бекеттерінде қайта құрылымдау жұмыстары қолға алынды. Теміржол бекет­тері бойынша 2021 жылға жолаушы жіберу мүмкіндігі 4 есе көбейту жоспарланып отыр. Орташа және төмен табыс деңгейлі жолаушыларға қолайлы жағдай жасалды.

Алматы  әуежайын  жолаушы  жіберу мүмкіндігін 2,5 есеге, жылына 13 млн. жолаушыға жететіндей етіп модер­низациялау жоспарланып отыр.

 

Бесінші. Экологияны жақсарту

Алматы қауымы қаладағы ауа сапасына алаңдаулы. Бұл негізсіз емес. Бұл көптен бері күн тәртібінен түспей келе жатқан мәселе. Біз, Алматы тұрғындары, тұрмыс жағдайы­мызға қарамастан бәріміз бір ауаны жұтып отырмыз. Мен жекеменшік көліктерді қолдануды азайту мақсатында жасалған жұмыстарды айтып өттім. Жекеменшік көліктер «ЭКОСЕРВИС-С» сараптама орталығының зерттеуі бойын­ша қаладағы ауаның ластануының 70 пайызын құрайды екен. Ел үкіметі де қаламен бірігіп, Алматыдағы Жылу Электр стансаларының (ЖЭС), өндіріс орын­дарының және жекеменшік сектордың ауаны ластануына қатысты жүйелі шараларды қолға алып отыр. Кейбіреулер қала экологиясы мәселесін саудаға салып, абырой жина­ғысы келіп жүр. Әкімдікті сотқа бергендер де бар. Олар мәселенің төркінін түсінбейді, заңнамалардан бей­хабар, республикалық, жергілікті бюджет пен мүмкін­шіліктердің не екенін білмейді.

Мысалы, ЖЭО-2 «Самұрық-Энерго» меншігі. Осы Жылу энерго орталығын көмірден газға көшіру үшін Технико-экономикалық негіздеме (ТЭО) жасалып жатыр. Энергетика министрі айтқандай, бұл жобаға шамамен 500 млрд. теңге кетеді. Сонымен қатар, қаланың жекеменшік тұрғын үй секторының 99 пайызы газбен қамтылды. Қалғаны 2017 жеке үйлер. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда үш есе аз. Қалған үйлердің жартысына газ бөлу желісі жүр­гізілген. Үшінші тоқсанның аяғына дейін қалған үйлерге де газ жеткізіледі. Алып шаһардың кеңейіп, салынып жат­қанын да ескеру керек. 2021 жылға 4 мыңнан астам қала маңындағы үйлерге де газ жеткізу жоспар­лан­­ған. Алматы­да газ кіргізіп алуға мүмкіндігі жоқ жандарға көмек беру де қолға алынған. Ұлы Отан соғысы ардагер­леріне газ кіргізу тегін болса, аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға 50 пайыз, І, ІІ топтағы мүгедектерге 30 пайыз жеңілдік қарастырылған.

2018 жылы бұндай көмек 288, биыл 339 аз қамтылған отбасына, 60 млн. теңгеге көрсетілді. Мен жаңадан құрыл­ған «Бақытты отбасы – Алматы» қоғамдық қоры да осы жұмыстарға араласады деп ойлаймын. Өздеріңіз білетіндей, Алматыда «Қоқыс сұрыптау зауыты» жұмысын бастады. Зауыт қоқыстың 8 пайызын жаратып отыр, екінші кезеңде бұдан да көп нәтиже шығаруды жоспарлауда.

Бүгінде Алматыда қайта өңделетін шикізатты қабыл­дайтын 70 қабылдау орны жұмыс істеуде. Саналы алма­ты­лықтар қазірдің өзінде тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап жүр. Жаңа буын қалалықтардың экологиялық санасының қалыптасуы қуантады. Бүгінде қаладағы 2,2 млн. жасыл желектің барлығы паспортталып, цифрланды. Қалалықтар Almtree мобильді қосымшасы арқылы Алматыдағы әрбір талдың инвентарлық нөмірі, түрі, ахуалы жайлы біле алады. Бұл жасалғандар ауқымды жұмыс және ол жалғасын табады.

Алтыншы. Қауіпсіз қала

Қауіпсіздік – әрбір адамның өмірі үшін ең маңызды қажеттіліктердің бірі. Қала қауіпсіз болса, ол жерде кәсіпкерлікті дамытуға жақсы мүмкіндіктер болады, талантты жастар көбірек келеді. Бүгінде полиция қызмет­керлерінің жұмысына, кейбір полиция қызметкерлерінің заңға қайшы теріс әрекеттерге жол беретіні жөнінде және Мамандан­дырылған халыққа қызмет көрсету орталық­тарының жұмысына байланысты шағымдар көп түседі. Бұл мәселелерді шешу мақсатында қоғаммен бірлесе отырып, «Қауіпсіз қалаға 17 қадам жақындау» атты бағдарлама қолға алынды. Бағдарламаның алғашқы нәтижелері жаман емес. Қала тұрғындарының айтуынша, осы бағдарламаның арқасында бірінші кезекте, полиция бөлімдеріндегі опе­раторлардың санын арттыру мен бағдарламалық қамта­масыз ету бойынша жіберілген кемшіліктерді қалыпқа келтірудің нәтижесінде 102 қызметінің жұмысы жақсарып, операторларға хабарласу уақыты 2 минуттан 15 секундқа дейін қысқарған. Екінші кезекте, полиция жұмысына сервистік қызмет ендірілуде. Бүгінде қаламызда келушілер мен іс жүргізуші прокурорларға арналған арнайы орын әрі тәулік бойы жұмыс істеуге мүмкіндік беретін барлық қолай­лы жағдайлар қарастырылған 12 фронт-офистің құрылысы салынуда. Жақында осындай офис Түрксіб ауданында ашылды. Онда полиция ғимаратының ішіне кіру міндетті емес, келушілерді кезекші консультант, тергеуші және жедел өкілдер қабылдайды. Фронт-офисте балаларға арналған алаң, санитарлық жүйелер және жүк сақтайтын орын бар. Осы негізде бүгінде тергеу изоляторының жұмысы да оңтайланды­рылуда. Тергеу изоляторына тәулігіне 160-қа жуық адам, адвокаттар, қоғамдық қорғаушылар, тергеушілер мен сотталушылардың туған-туыстары келеді. Олардың барлығы түрлі кедергілерге кез болып, далада күтуге, үш тексеру постынан өтуге мәжбүр болатын. Жүк сақтайтын орындар, санитарлық жүйелері жоқ болатын. Ал қазір мұндағы жағдай мүлде басқаша, тексеру бір сағаттан жиырма минутқа дейін қысқарып, қауіпсіздік шараларына қатысты талаптар қысқартылған. Бақылау жүйелері, бейнебақылау қондырғылары қойыл­ған. Қызметкерлер ғана емес, келушілердің өзі қазір тергеу мекемелеріндегі қолайлы жағдайларға көңілдері толады. Енді көпшілік тарапынан көбірек сынға ұшырап, шағымы көп болып отырған саланың бірі – Мамандан­дырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары болып отыр. Өткен жылы Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орта­лықтары 9 мың қызметті мерзімінен кешік­тіріп орындаған. Талдау нәтижелері мұндай кемшіліктердің орын алуының 90 пайызына «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы мен Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйелерінің дұрыс жұмыс істемеуі себеп болғанын көрсетті.

Сонымен қатар, олардың жүктемесінің де көптігі бай­қалады. Сол себепті, бүгінде Жетісу, Түрксіб, Наурызбай аудандарында мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының филиалдары ашылды. Үшіншіден, соңғы үш жылда полицияның материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында қала бюдже­тінен 14 миллиард теңге бөлініп, қажетті құрал-жабдық­тармен 87 пайыз қамтамасыз етілді. Бұл еліміздегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Жол-патрульдік полиция қызметкерлері толығымен бейнетіркеу құралдармен, басқа да тиісті байланыс құралдарымен және GPS навигаторлар­мен қамтамасыз етілді. Ал биыл учас­келік полиция бөлімшелерін жабдықтауды қолға алмақпыз. Қала қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыс­тарында сандық технологиялар кеңінен қолданылуда. Бүгінде қаламыздағы адамдар көп шоғырланған жерлерге 119-ға жуық бейне­бақылау камерлары орнатылған. Ал 2020 жылы қосымша тағы мың бейнебақылау қондырғыларын орнату көзделуде. Осы бейнебақылау қондырғыларының көмегімен бір жарым мыңдай қылмыс ашылды. Қала басшылығы мен қала тұрғындары қала полицейлерінен қашан да халық сеніміне лайықты сапалы қызмет пен ашықтықты күтеді, тергеу ісінен де осындай ашықтық пен сапалы қызметті күтері анық. Сондықтан халықтың сол сеніміне лайықты қызмет ету полиция қызметкерлерінің ең басты міндет-парызы болуы керек. Әрине, полицияда жұмыс істеу қиын екендігін жақсы түсінеміз. Күндіз-түні дамыл көрмей жұ­мыс істегенмен, табатын табыстарының да төмен екендігін білеміз. Дегенмен, халық сеніміне лайықты қызмет атқара алмаған, өз жұмысына салғырт қараған полиция қызмет­керлерімен қоштасуымызға тура келеді. Полиция қатарын біртіндеп өз ісіне салғырт қарай­тын ондай адамдардан жүйелі түрде тазалап отыратын боламыз. Осы соңғы үш жылда өз қызметіне жауапсыз қараған 170 полиция қызметкері жұмыстарынан босатылды.

 

Жетінші. Төтенше жағдайлардың алдын алу

Өздеріңіз білесіздер, Алматы сел және жер сілкінісі қаупі бар аймақта орналасқан. Сондықтан төтенше жағдайларды ескерту аса маңызды болмақ. Өткен 3 жылда төтенше жағдай мен оны жою және құтқарушыларды материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етуге бюджеттен 23 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. Осы қаржының есебінен «Мыңжылқы», «Қарғалы» плотина­лары салынып, қайта жарақтандырылды. 35 шақырым өзен бойы күшейтіліп және абаттандырылып, 228 шақырым арық жүйесі, 7 көшкін қаупі бар бұрылыстар жөнделді. 347 дауыс және дабыл беретін құрылғылар орнатылды. 65 пайыз білім беру, 53 пайыз денсаулық сақтау нысандары жер сілкінісіне қарсы күшейтілді. Сел қауіптілігінің алдын алу үшін 9 тау өзені ағытылды. Сел қауіптілігін болдырмау жөнінде күшейтілген жобалау мониторингі жасалды. 2020 жылға қарсы сел болу қаупі бар 31 нысанға 150-ден астам қабылдау қондырғылары орнатылады. Осы жылы «Ақсай» және «Аюсай» шатқалында 2 плотинаның құрылыс жұмыстары басталады. Жылу беру маусымына орай адамдардың өрт кезінде қайғылы қазаға ұшырауы мен олардың жарақат алуын азайту мақсаты бойынша іс-жоспар шаралары бекітілді. Осы уақытқа дейін 145 жеке үй тексеруден өткізілді. Қауіпті деген 858 отбасы тұрақты бақылауға алынды. Халықпен түсіндіру жұмыстары жүр­гізілуде. БАҚ-да күн сайын бірнеше мақалалар жария­ланып, түрлі брифингтер, конференциялар өткізілуде, ПИК-тің басшылары оқытылуда. Төтенше жағдайлар мен өрт қауіпсіздігін болдырмаудың алдын алу бағытында мектептерде, колледждерде және жоғары оқу орындарында интерактивті сабақтар өткізілуде.

 

Сегізінші. Қосылған аудандарды дамыту

Қосылған аудандарда 380 мыңнан астам алматылықтар тұрады. Олардың басым бөліктерінің табыс көзі төмен. 10 жылда Алатау ауданына 430 млрд. теңгеге жуық қаржы құйылды. 30 мың жұмыс орны ашылып, 2,7 млн. шаршы метр тұрғын үй салынды, сондай-ақ, 98 мемлекеттік және жеке балабақшалар салынды. Оған Үкімет тарапынан айрықша көмек көрсетілді. Бір орталыққа шоғырландыр­мау саясаты принципімен ауданда бүгінгі заманауи мәдени және спорт нысандары ашылды. Олардың арасында Универсиада мұрасы – «Алматы Арена», «Алатау» дәстүрлі өнер театры және басқа да мәдени ошақтары бар. Мұнда арнайы Индустриалдық аймақ құрылып, оған Жапон, Ресей, Қытай және Италья елдерінің инвестициясы тартылып, жоғары технологиялық зауыт салынды.

Соңғы 5 жылда Наурызбай ауданын дамытуға 77 млрд. теңге бөлінді. 19 шақырым жол салынып, 200 шақырымнан астам аймаққа жарық жүргізілді. 5 медициналық мекеме, 2 мемлекеттік мектеп, 2 мемлекеттік және 65 жеке бала­бақша пайдалануға берілді. Ауданның әкімшілік-іскерлік орталығы ашылып, оған әкімшілік, ХҚО, АҚАЖ, про­куратура, сот және тағы басқа да мекемелер орналас­ты­рыл­ды. Бұл аудан мемлекеттік бағдарлама бойынша салы­нып жатқан тұрғын үй қорының 62 пайызын құрап отыр.

 

Қымбатты  алматылықтар!

Біз әлеуметтік көмек шараларын қалай ұйымдастырып тырыссақ та, қалалықтар қажетінің небәрі бір  бөлігін ғана қанағаттандыра аламыз. Табысты көтеруге, жаңа өндіріс пен жұмыс орындарын ашуға, салықтың өсімін қалыптастыруға жағдай жасау керек.

Елбасы өзінің қазандағы Жолдауында  «…қазақстан­дықтардың тұрмыс сапасының артуы бірінші кезекте табыстың тұрақты өсуіне және өмір сапасына байла­нысты» деп айтқан болатын. Сондықтан Президенттің тап­сырмасына орай 1 қаң­тардан бастап төменгі еңбекақы 1,5 есеге көтеріліп, 42 мың теңгеге дейін жетті.

Кері байланыс пен заңдылықты сақтау үшін «жедел желі» құрылды. Еңбек инспекциясы әрбір оқиғаға, болған іске мән беретін болады. Жаңа жұмыс орны құрылады. 3 жылда Алматыда жұмыспен қамтылғандар саны 72 мың адамға өсті. Соның нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі тұңғыш рет 0,1 пайыздан 5,2 пайызға дейін, жастар арасындағы жұмыс­сыздық 1 пайыздан 6,4 пайызға төмендеді. Еңбекақыны көтеру мен жұмыс орнын құру кәсіпкерлердің қолында.

Бизнес – экономиканың негізі әрі қозғаушы күші. Президентіміз атап айтқандай: «Жаңа жұмыс орнын құратын және қазақстандықтардың үлкен бөлігін табыспен қамтамасыз ететін тек қана бизнес». Сондықтан біздің міндетіміз – оларды инвестия тарту, әділ бәсекелестікті ұйымдастыру сияқты кәсіпкерлікке қажет көмекпен жүйелі қамтамасыз ету. Өздеріңіз білетіндей, Алматыда бизнесті жүргізудің еліміздегі ең озық жағдайы жасалған. Әлемдік банк Doіng Busіness жүргізген рейтингтің қорытындысымен Қазақстан 2015 жылғы 77-орыннан 28-орынға көтерілді.

Үкіметтің жүйелі шаралар пакеті Алматыда тәжірибеден өтті. Мысалы, қалада 3D-картасын құру арқылы әр түрлі құрылыстарға рұқсат алу 3–7 есеге жылдамдатылды. Президенттің тапсырмасы бойынша салық жүгін төмендету мақсатында 19 мың салық төлеушіге рақымшылық жасалды. Нәтижеде 154 млрд.теңгенің өсімі мен айыппұлы есептен шығарылды. Бүгінгі таңда 5 мыңнан астам кәсіпкердің 5 млрд. теңгені қамтитын өсімі мен айыппұлы есептен шығаруды күтіп тұр.

Ұзақ кредиттік ресурстарға қол жеткізу қамтамасыз етілді. Бірінші кезекте бұл несие 7 пайыздық мөлшермен «Жібек жолы» аймақтық бағдарламасы аясына, сондай-ақ, бизнестің Жол картасы бойынша пайыздық ставканы субсидиялауға жұмсалады.  Инвесторларды «бір терезе» бойынша ақпаратпен қамтамасыз етуге, түрлі қызмет көрсетуге лайықталған, барлық жағдай жасалынған «Инвестициялар үйі» бұл жұмысты бастап та кетті. «Урбанистика Орталығы» ашылды. Ол жерден құрылысқа рұқсат беріледі және қала құрылысының алдағы жоспарымен таныстырады. 490 гектарға созылған Индустриялық аймақ жұмыс істейді. Онда мемлекеттің есебінен 27 млрд. теңгеге салынған инженерлік-транспорттық инфрақұрылым бар.

Құны 155 млрд. теңге тұратын 41 жоба салу қарас­тырылған. Онда тұрақты 5 мың жұмыс орны болады. Қыз­меткерлердің 90 пайызға дейіні білікті мамандардан құралады. Қазірдің өзінде 800 тұрақты жұмыс орны бар 5 жоба іске қосылды. Биылғы жылы 520 жұмыс орны бар 4 жобаны іске қосу жоспарлануда. Бұған қосымша 100 млн. доллар тұратын болат құбырлар шығаратын Asіa Steel Pіpe зауыты құрылысы да осы жылдың еншісінде.

Сол сияқты, 80 пайызы дайын тұрған 5 жобаны  пай­да­лануға беру де жоспарда бар. Сандық жүйенің көмегін пайдалана отырып, ақшасыз төлеммен, көлеңкелі экономи­камен дәйекті күрес жүргізіліп отыр. Дүңгіршектер мен базарлардың орнына кассалық аппараттары бар өркениетті павильондар орнатылады. Қазір сатушылардың жартысында олар бар.

24 заманауи сауда орталықтары ашылды. Олардың ішінде халықаралық «OBІ», «Леруа Мерлен» сауда жүйе­лері бар. Екі жылда бизнестен 240 млрд. теңге жиналды. 30 мыңнан астам адам заңды жұмыспен қамтылды. Өз бетінше жұмыспен айналысушылардың әлеуметтік мәрте­бесін анықтау бойынша жұмыстар жалғасуда. Бүгінде өзінің жылжымайтын мүлкін жалға берген, жеке жүктасу­шылықпен және репетитор­лықпен айналысқан 22 мың тұлға салық төлеуші есебіне қойылды. Мамырдан бастап экобекеттерде қолма-қол ақшасыз есептесу қолға алынады (ОҢАЙ картасы арқылы). Осылайша бұл ақшалар «сұрқай» нарықтық аймақтан шығатын болады. Жүйелік жұмыстың арқасында Алматы іскерлік белсенділігі артқан, экономикасы тұрақты елдік ЖІӨ-нің бесінші бөлігін жасаған қала болып қала береді.

Біз 5 жылдың даму индикаторларына талдау жүргіздік. Қанекей, бірге көрейік. Егер 2014 жылы инвестицияның тө­мендеуі 5 пайыз болса, өткен жылы 10,5 пайызға жет­кен. Жалпы көлемі 732 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде 100 млрд. теңге – шетелдік. Бүгінде 1 теңге мемле­кет­тік  ин­вес­тиция жеке 4 теңгедей. Егер 2015 жылы өнер­кәсіп бойын­ша төмендеу 5 пайызға жетсе, 2018 жылы өндіріс қар­қыны 4,5 пайызға артып отыр. Құрылыс қарқыны 2016 жы­лғы 1 пайыз төмендіктен 2018 жылы 4,7 пайызға көтерілді. Қала экономикасының үлесі МСБ-да 42,4 пайызға, салықтағы үлесі 64 пайызға жетті. МСБ субъектісінің өндірістік өнімдері 21,2 пайызға, көлемі 2,7 пайызға артты. Қолма-қол есептің нәтижесінде және салықтық әкімшілендіруді жетілдірудің нәтижесінде бюджет 8,5 пайызға 1,9 трлн. теңгеге жетті.

Өткен жылы бізге экономикалық қарқынды халық өсуінің озық деңгейіне (2,9 пайыз) жеткізу мүмкін болды. Бұл тұрғыдағы көрсеткішіміз – 3,9 пайызға жетті. Жан басына шаққандағы ЖӨӨ өсті. Өмір сапасын тек осылай жақсартуға болады. Дегенмен, өмір сапасын жақсарту үшін біз экономикалық  өсімді 5 пайызға  арттыруымыз керек. Бұл үшін инвестиция көлемін арттырып, әлемдік тәжірибелер мен технологияларды пайдалануымыз қажет. Содықтан да біз халықаралық қаржы институттарымен, атап айтқанда Бүкіләлемдік Банкпен, Халықаралық Қаржы Корпорация­сымен, Еуропалық банкпен бірлесе жұмыс жүргізудеміз. Кейбір мәселеде жетістігіміз де жоқ емес. Алматының несиелік рейтингін жақсартуға, қала  бюджетіне ұзақ мерзімді займдарды, инвестицияларды тартуға жол ашылды. Бұл келешек түрлі бастамаларды жүзеге асыруымызға көмегін тигізуде.

Ескі үйлерді инвестициялық әлеуеттің күшімен жаңғырту жүргізіліп отыр. 410 млрд. теңгенің құрылысы, 1,2 млн. шаршы метр тұрғын үй салынды. Бұл 16 мың адамды баспанамен қамтыды деген сөз. Елбасының импортты алмастыру «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы тапсырмасы бойынша да жұмыстар атқарылуда. Біз көптеген тауарларды өзімізде өндіре аламыз және солай жасауымыз да керек. Қазір оларды шет елдерден тасып жеткізіп жатырмыз.

Әлеует үлкен: Сырттан келген заттар Алматыда 2018 жылдың 11 айында 3,7 трлн. теңгеге жетті. Бұл көлемнің тіпті 10-бөлігін алмастырудың өзі  50 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік берер еді. 2030 жылға дейін арналған қаланың мастер-жоспары жүзеге асуда. Әкімдік транспорттық, инженерлік және әлеуметтік инфрақұры­лымды жасап отыр. Бұл аймақ инвесторлар мен қалалық­тардың көңіл көтеретін «адамдар – инфра­құрылымға» деген мақсатпен атқарылуда. Біздің қаламыз сапалы өмір мен үлкен еңбек рыногы үшін жаңа адамдарды көптеп тартып келеді.

Алматы тұрғыны жыл сайын орташа есеппен 50 мың адамға өсіп отыр. Шет ел эксперттерінің болжамынша, шамамен енді 15 жылдан кейін шаһар тұрғындарының саны 3 миллионнан асатын көрінеді. Бұл 700-ден астам жұмыс орны керек деген сөз. Бұл барлық халыққа білім, денсаулық, сауда, т.б. қызмет көрсететін салалардың жұмысын заманауи талаптарға сай  атқару керектігін білдіреді. Мысал ретінде айтар болсақ, сауда жүйелері автоматтандырылған, соның салдарынан базарлар мен шағын сауда орындарында жұмыс орындары қысқарған.

Бұл адамдар қайда барады? Оларды табысы көп, еңбекті көп қажет ететін өзге мамандықтарға қайта оқы­туды осы бастан ойлауымыз керек. Біз сондықтан қар­жының көзі болып табылатын туризмді дамытуды қолға алудамыз. Әлемде туризм әрбір оныншы жұмыс орнын иеленеді. Әлемдік  ЖІӨ-нің 10%-дан астамы және экс­порттық табыстың 6,5%-ы туризмнен түседі. 2025 жылға дейін Алматыда туризмнің үлесін 6 пайызға дейін жет­кізуді жоспарлап отырмыз.

Үлкен әлеует – тау кластері. Австриямен және француз  эксперттерімен бірлесіп тау лакацияларының шебер-жоспары жасалды. Ол жүзеге асырылса, 1 млрд. доллар жеке инвестициялар тартуға болады. 200 шақырым шаңғы жолы жасалып, 30 мың жаңа жұмыс орнын ашамыз. Сол сияқты, аралас салалардан 45 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік туады. Осылайша жыл сайын 50-ден астам халықаралық шара ұйымдастырамыз.

 

Құрметті алматылықтар!

Тиімді мемлекет таза ауа сияқты, бәрі жақсы жұмыс істегенде, оны сезінбейсің.

Бес институционалдық реформа аясында мемлекеттік қызметтердің сапасын және мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігі мен ашықтығын арттыру үшін сандық технологиялар енгізілуде. Open Almaty және әлеуметтік желілердегі аккаунттар арқылы тікелей байланыс бар. Ақпараттық жүйелер арқылы әрбір мемлекеттік қызметшінің жұмысын бақылауға болады. Дер кезінде жауап берді ме, шешім қабылдады ма, уақытылы жауап берді ме.

Өткен жылы 85 мың өтініштің 70%-дан астамы қаралып, 2-3 күн ішінде шешілді. Бүгінде қалалық саясат Алматы қаласының Ахуалдық орталығының шынайы мәліметтері негізінде құрылады. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында Bіg Data қалыптасады. 20-дан астам ақпараттық жүйе интеграцияланған. Нақты уақыт тәртібінде көлік, жаяу жүргіншілер ағыны, салық жинау және құралдарды игеру, қауіпсіздік, мектептер мен балабақшалардың жүктелуі туралы деректер түседі.

Өздеріңіз білетіндей, жыл басында әкімдіктің ауқымды трансформациясы жүргізілді. Жұмысқа корпоративтік басқару стандарттары енгізілуде, тиімділіктің жаңа міндеттері, функциялары мен негізгі көрсеткіштері анықталды. Оңтай­ландыру басқармалардың басшылық құрамын қысқартуға және осының есебінен халықпен тікелей жұмыс істейтін қызметкерлердің штатын 13%-ға арттыруға мүмкіндік берді. Бұл жағдайда әрбір мемлекеттік қызметшіден толық қайтарым, жауапкершілік және парасаттылық талап етіледі. Жұмыс тепе-тең жауапкершілік және қоғаммен тең құқылы диалог қағидаттарында құрылуы тиіс.

Өздеріңіз білетіндей, жыл басында әкімдіктің ауқымды трансформациясы жүргізілді. Жұмысқа корпоративтік басқару стандарттары енгізілуде, тиімділіктің жаңа міндеттері, функциялары мен негізгі көрсеткіштері анықталды. Оңтайландыру басқармалардың басшылық құрамын қысқартуға және осының есебінен халықпен тікелей жұмыс істейтін қызметкерлердің штатын 13%-ға арттыруға мүмкіндік берді. Бұл жағдайда әрбір мемлекеттік қызметшіден толық қайтарым, жауапкершілік және парасаттылық талап етіледі. Жұмыс тепе-тең жауапкершілік және қоғаммен тең құқылы диалог қағидаттарында құрылуы тиіс.

 

Құрметті алматылықтар!

Мен еліміздің ірі мегаполисі – Алматының негізгі көрсет­кіштері мен даму жоспарлары, ежелгі Алатаудың етегінде орналасқан мың бояулы қала туралы айтып бердім. Өткен жылы осы залда 25 сұрақ қойылды. Олардың әрқайсысы бойынша нақты шешімдер мен шаралар қабылданды.

Соңғы айда аудан әкімдері аптасына екі рет халықпен есеп беру кездесулерін өткізді. Оған 17 мыңнан астам адам қатысты. Аудан әкімдері атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Нәтижесі ретінде 1 мыңнан астам өтініш қабылданды. Олардың барлығы бақылауға алынып, егжей-тегжейлі қаралатын болады. Бүгін мен қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық маңызды мәселелерін қамтуға тырыстым. Енді мен барлық сұрақтарға жауап беруге дайынмын. Соңында, біздің қаламыздың мәселелерін шешуге жан-жақты қатысатын белсенді азаматтарға алғысымды білдіргім келеді.

Назарларыңызға рахмет!

 

Керек дерек

Өткен жылы интернет арқылы тікелей «Нұр Отан» фракциясына, мәслихат депутаттарына, Қоғамдық кеңеске, «Open Almaty» қоғамдық қабылдауына жалпы 197 мыңнан астам өтініш келіп түскен.

Жалпы, 3 жылда өз кезегімен 10 мыңнан астам отбасы баспаналы болды. Оның ішінде 1356 пәтер қалалық тұрғын үй қорынан бөлінген. 8 мыңнан астам пәтер жеңілдетілген несие бойынша берілді. Пәтер алғандардың 40%-ға жуығы әлеуметтік аз қамтылған жандар, яғни 2375 пәтер көпбалалы және жалғызбасты отбасыларға, 564-і мүмкіндігі шектеулі жандарға, 345-і жетім балаларға, 165 пәтер зейнеткерлер мен ардагерлерге берілді.

Соған қарамастан, үйге кезек күткен алматылықтардың саны 22 мыңнан астам. Олардың жартысы әлеуметтік мұқтаж топқа жатады. Сондықтан да біз, ең алдымен, халықтың осы бөлігіне көмектесетін боламыз. Біз барлық тізімге тағы да талдау жүргіздік.

Бүгінгі күні кезекте көбісі тіпті алғашқы жарнаны төлей алмайтын 1276 көпбалалы және жалғызбасты отбасы тұр. Осындай жанұялар үшін Алматыда «Бақытты отбасы» атты арнайы әлеуметтік тұрғын үй бағдарламасын іске қосуды ұйғардық. Яғни бұл санаттағы тұрғындарды жалпы кезектен бөліп алып, жеке көмектесетін боламыз.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *