Бауырсақ, құрт, ірімшік таратылды

2018 жылдың 24 наурызында Алмалы ауданы әкімі аппара­тының және ПИК-тің ұйым­дастыруымен ауданның бірқатар аулаларында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына арналған салтанатты мерекелік іс-шаралар өтті.

Атап айтсақ, «Сенім» және «Алмалы» ПИК-тің ұйымдас­тыруымен Қазыбек би көшесі, 97 (Наурызбай батыр көшесінің қиы­лысы) ауласында; «Арман» ПИК-тің ұйымдастыруымен Мұратбаев көшесі, 127/129 (Қожамқұлов көшесінің киы­лысы) аула­сында; «Нұр2» Мұрат­баев көшесі, 185/183 ауласында; «Жансая» Розы­бакиев көшесі, 72 ауласында Наурыз мейрамы аталып өтті.

Мерекелік алаңда жиналған қауымға ұлттық тағамдар, наурыз көже, бауырсақ, құрт, ірімшік таратылды. Ауданның шығармашылық ұжымының қатысуымен концерттік бағдар­лама ұсынылды, сондай-ақ, ұлттық спорт ойындары ұйым­дас­тырылды.

Одан бұрын, 23 наурызда «Астана» алаңында қазақстандық эстрада жұлдыз­дарының және ауданның шығармашылық ұжымдарының қатысуымен жастарға арналған мерекелік концерттік бағдарлама ұйым­дастырылған болатын.

 

«Ақшам-ақпарат».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *