БАУЫРЛАС ЕЛДЕРДІҢ БАЙЛАНЫСЫ БАЙЫПТЫ

Алматыда ІІ Қазақстан–Әзербайжан туристік форумы өтті

2019 жылдың 15 сәуірінде Алматыда екі елдің туризмін дамытуға және туристік ағымдардың өсуіне арналған ІІ Қазақ­стан–Әзербайжан туристік форумы өтті.

Нұрлан СҮЙІН

Форумға екі елдің туристік саласының өкілдері, соның ішінде курорт, қонақүйлер өкілдері мен ірі туроператорлар басшылары, сондай-ақ, «Kazakh Tourіsm» ҰК»  АҚ  басшылығы  қатысты.

– Бұл іс-шара Түркітілдес мемлекеттердің Ынтымақ­тас­тық кеңесі аясында, осы кеңеске мүше елдер – Қазақстан мен Әзербайжанның туризм саласындағы мемлекетаралық байланысын күшейтуге бағытталған. Баршаға белгілі қазақстандық әуекомпаниялардың Астана–Баку–Астана, Ақтау–Баку–Ақтау, Алматы–Баку–Алматы бағыттары бойынша тұрақты рейстерімен қоса, осы айдан бастап «Әзербайжан әуелжелілерінің» (AZAL) рейстері Баку мен Алматы арасында аптасына екі рет ұшатын болды. Осыған орай, екі елдің туристік бизнес  өкілдері арасында байланыс  орнату – туризмді дамытудағы келесі логикалық қадам болды, – деді Тимур  Дүйсенғалиев.

Қазақстан мен Әзербайжанның туризм саласындағы ынтымақтастығының келешегі зор. Өткен жылы Түркі кеңесіне  мүше мемле­кет­тердің  туризм  министрлерінің кездесуі барысында  «Түркі кеңесі – Қазіргі заманғы Жібек жолы» бірлескен туристік өнім жобасын іске қосу және коммерциялық жобасын жасау туралы диалог басталды. Сонымен қатар, өзекті мәселенің бірі «SіlkRoadvіza»  бірыңғай визасын енгізу.

Әзербайжан Республикасының Алматыдағы өкілі Рамиль Рзаев Әзербайжан Республи­касының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Рашад Маммадовтың форумға арнаған сөзін оқып берді. Онда біздің елдерімізде туризм саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін барлық жағдайлар жасалғаны туралы және бұндай форумдардың өткізілуі – бірлескен іс-қимылдарды талқылау және өнімді серіктестікті  дамыту үшін тамаша мүмкіндік екені  айтылады.

Соңғы жылдары Әзербайжан және Қазақстан үкіметтері туризм саласын дамытуға үлкен назар аударуда. Сонымен қатар, бүгінгі туристер бір емес, аймақтың бірнеше еліне саяхаттауды қалайды. Осы бағытта Әзербайжан мен Қазақстанның    ынтымақтастығы  мен  бірлескен іс-әрекеті   қажет.

Қорыта айтқанда, бауырлас елдердің туризм саласындағы байланысы байыпты дамып отыр.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *