Батыстықтар 1 млн. теңгеден аса айлық алады

Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап республика көлемінде патент негізіндегі кейбір салық түрлері қайсыбір кәсіпкерлер үшін де қолжетімсіз бола бастайтын секілді. Атап айтқанда, бұл тізімдегі бояу-сылақ  жұмыстары (отделка), такси қызметі, аударма ісі, спорттық тәрбие  және бос уақытты арнайы ұйымдастыратын  мамандарды дайындау жұмысы, шаштараз қызметі секілді көптеген жұмыстармен айналысатындар өз мүмкіндіктерін әлі де біраз уақыт пайдалана алатын болады.

Дегенмен де, олар алдағы жаңа жылдан бастап өздерінің ақшалай есептерін кассалық-бақылау машинасы арқылы жасауға міндетті болады екен. Ал енді басқалары салық төлеудің оңтайландырылған деларациясы негізіндегі арнайы немесе жалпыға бірдей салық салу тәртібі бойынша төлем төлеуге тиіс көрінеді. Бұл ретте әркім өзіне ыңғайлы болатын үрдісті өзінің тұрғылықты тіркелген және тұратын жеріндегі салық органдарына  қағаз жүзінде хабарлама жіберу немесе электронды үкімет қызметі арқылы таңдай алады. Ал енді беріліп отырған бұл  мүмкіндікті жіберіп алған кәсіпкерлер автоматты түрде жалпыға ортақ салық тәртібіне ауыстырылатын болады.

Жасыратыны жоқ, қазіргі таңда жаңа әрі қымбат автомобильге ақшаны көп алатындардың ғана қолдары жететіні белгілі. Осы тұрғыда, бүгінде еліміздің тау-кен өнеркәсібі мен мұнай-газ саласында еңбек ететін азаматтар ең жоғарғы еңбекақы алады екен. Мысалы, олардың орташа көлемдегі айлық ақылары 400 мың теңгеден асып жығылатын көрінеді. Ал бұл өткен жылмен салыстырғанда 4 пайызға көп айлық саналады. Осы ретте сарапшылардың зерттеуіне жүгінсек, шикі мұнай мен газды игерумен айналысатындар бір алғанда 785 теңгеден пайда табады екен. Бұл қаржы орташа республикалық деңгейдегі айлықтан бес есеге дейін көп еңбекақы көрінеді.

Ал енді жалпы сала бойынша, ең жоғары жалақы алатындар Батыс Қазақстан өңіріне тиесілі көрінеді. Өйткені, мұндағы қызметкерлердің әрқайсы айына 1 млн. 200 теңгеден жалақы алады екен.

Демек, елімізде қымбат көлік мініп жүргендер негізінен республиканың батыс өңірлерінде жұмыс істеп келгендер немесе сол жақтағылармен байланыс жасайтындар болып табылады деуге негіз бар. Сонымен қатар, еліміздегі биік лауазымды қызметтерде отырғандардың да қымбат көліктерге мініп, шіренулерін де жоққа шығара алмаймыз.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *