БАТЫРЛАР ЕРЛІГІ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ

 

Ұлы Отан соғысында Кеңес Одағының жеңіске жеткеніне биыл 75 жыл толады. Бұл тарихқа өшпес із қалдырған, мәңгілік тақырып. 1418 күн мен түнге жалғасқан бұл соғысқа кеңес әскері қатарына 1119164 қазақстандық, яғни отанымыздың әр бір бесінші тұрғыны шақырылды. Қазақстаннан барған әскерлер майдан даласында ерлікпен шайқасты. Олардың қатарында менің атам Таипов Мурдин Таипұлы да болған.

Атам 1918-жылы маусым айының 14-жұлдызында Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Үлкен Дихан ауылында дүниеге келген. Әкесі Құдайбердиев Таип 1931 – жылы, шешесі Құдайбердиева Хурсумахан 1945 – жылы қайтыс болған. Мурдин Таипов 1930- жылы Үлкен Дихан бастауыш мектебін, 1940 жылы Қалжат орта мектебін бітірген. 1941 жылы желтоқсан айында әскерге шақырылып, алты ай дайындықтан өтеді. Мәскеу түбіндегі шайқастарға қатысады. Одан кейін Белоруссия, Латвия,Литва,Эстония, Польша,Чехословакия, Румынияны азат ету жолындағы ұрыстардың нақ ортасында болады. 1945 жылы9 мамыр Жеңіс күнін Берлинде қарсы алған атамыз, 1945 жылы тамыз айында жапондарға қарсы соғысқа аттанады. 1946 жылы тамыз айында ауылына қайта оралып 1951 жылға дейін Үлкен Дихан, Кіші Дихан ауылдарында кеңестің төрағасы болып жұмыс істейді.1951 жылы КазПИдің география факультетіне сырттан оқуға түсіп, Октябрь орта мектебінде мұғалім болып  1987 жылға дейін 46 жыл ұстаздық етіп зейнетақыға шығады. Зайыбы Баратова Бувимарияммен бес бала тәрбиелеп, ұлын ұяға қызын қияға қондырады.

Ұлы Отан соғысындағы ерліктері мен елдегі ерен еңбегі оннан астам орден медальдармен марапатталган атамызга1995 жылы  жеңістің 50 жылдығына  орай Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен “Халық Каһарманы” атағы берілді.

Атамыз 1998-жылы 80 жасында қайтыс болды, бірақ ерлік еш қашан ұмытылмайды. 2019 жылы батырдың 100 жылдығы облыс көлемінде тойланып, батыр атындығы мектепке ескерткіш орнатылды.“Ер есімі – ел есінде демекші” – бізге жарқын болашақ сыйлаған аталарымыздың  саны күннен күнге азайсада, ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Мен атаммен мақтанамын және де аталарымыздың жауынгерлік жолын, Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігін  есте сақтау, келешек ұрпаққа жеткізу біздің парызымыз деп білемін!

Мурдинова Дильфайруз,

Алатау ауданы №184 ЖББМ

ағылшын тілі пәні мұғалімі

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *