Басты мақсат – халықаралық ынтымақтастықты дамыту

Маусым айының 11-15 аралығында ҚазҰУ-де әлемнің танымал «Total» мұнай-газ компаниясы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Геоэнергетика» ғылыми-зерттеу орталығының негізінде «Тотал­Энерджи» жазғы мектебін өткізеді.

«TotalEnergy» жазғы мектебі «Мұнай және газ», «Мұнай өңдеу саласы», «Гео­логия және экология» пәндері, сондай-ақ осы салаға қатысты «Халықаралық қаты­настар», «Халықаралық құқық», «Бизнес және менеджмент» пәндері бойынша білім алушы бакалавриат студенттері мен магистранттарды қабылдайды.

«TotalEnergy» жазғы мектебінің негізгі мақсаты — студенттердің теориялық білім­­дері мен тәжірибелік дағдыларын жетіл­діру, сондай-ақ Қазақстан мен Франция арасындағы ғылым мен білім саласындағы халықаралық ынтымақтас­тықты дамыту болып табылады. Дәрістер «Тоталь» мамандарымен кәсіптік тәжірибе негізінде және тәжірибедегі нақты мысал­дарды зерделеу негізінде дайындалған.

ҚазҰУ жанындағы «Геоэнергетика» орталығы Қазақстан мен Франция Прези­денттерінің қолдауымен 2010 жылдың маусым айында құрылған. Орталық екі достас елдердің университеттері арасын­дағы әріптестік пен қосдипломдық бағдар­ламаның көпірі болып саналады. Оның негізгі мақсаты — Францияның жоғары білім жүйесінің қатысуымен энер­гетикалық ресурстар және тұрақты даму саласындағы Қазақстанның ғылыми элитасын қалыптастыру. Ашылғалы бері Орталықты 80 магистрант, 5 ғылым кан­дидаты тәмамдап шықты және 15 ғылыми мақала жарияланып, 35 магистрант өз оқуын және тәжірибесін аяқтау үстінде.

«Total» компаниясы жетекші халық­аралық мұнай-газ компанияларының бірі және төмен көміртекті энергетика сала­сындағы басты көшбасшы болып табы­лады. Компания әлемнің 130-дан астам елінде өз қызметін дамытуда, онда 98 мың қызметкер жұмыс істейді. Қазақстанда «Total» компаниясы Қашаған жобасының (16,81%) акционерлерінің бірі болып табылады және қазақстандық жоғары оқу орындарымен білім беру жобаларында белсенді ынтымақтасып, студенттік және жастар бірлестіктерінің қызметіне қолдау көрсетуде.

«ТотальЭнерджи» жазғы мектебіне тіркелу және қатысу шарттары туралы ақпарат алу үшін centre.geoenergіes @gmaіl.com ғаламторлық мекен-жайына немесе +7 727 377 3522 телефонына хабарласуға болады.

Өтетін уақыты мен орны: Алматы қаласы, ҚазҰУ механика-математика факультеті (қызыл зал, 1-қабат), сағ 09.00.

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *