Басты ботаникалық бақты абаттандыру концепциясын талқылауға байланысты қоғамдық тыңдау өтеді

ҚР Ботаника және фитоинтродукция институты, Болат Өтемұратов қоры, Алматы қаласы әкімдігі БАҚ өкілдері мен қызығушылық танытушы тұлғаларды Басты ботаникалық бақты абаттандыру концепциясын талқылауға байланысты Алматы қаласының  Қоғамдық Кеңесінде қоғамдық тыңдау өткізілетіндігін хабар­лайды.

Іс-шара 28 маусымда, сағат 15.00-де, Сәтбаев көшесі, 16-18, 18А мекен-жайында   («Тұран» университеті) өтеді.

Іс-шараның спикерлері – Ботаника және фитоинтродукция институтының директоры Гүлнар Ситпаева, Болат Өтемұратов қорының директоры Марат Айтмағамбетов, «Верный Капитал» компаниясы топтарының басқарушы серіктесі әрі Бас директоры Ерлан Оспа­нов, Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының жетекшісі Әсет Масабаев.

Басқосуда спикерлер жұмыстың әдіс-тәсілдерімен және абаттандырудың концепциясымен ой бөліседі. Жиын соңында Алматы қаласы Қоғамдық Кеңесі мен   қала тұрғындарының  ұсы­ныс­тары, талап-тілектері  талқыланатын болады.

Аккредитация үшін   Болат Өтемұ­ратов қорының  коммуникациялар жөнін­дегі менеджері Елизавета Деминамен хабарласыңыздар. Тел.: 8 775 774 3989., Dyomіna@utemuratovfund.org. 

 

 

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close