БАСТЫҚ БОЛУҒА ҰМТЫЛУДЫҢ АҒЗАҒА ПАЙДАСЫ ЗОР ЕКЕН

Біз әдетте жұмыстағы үлкен жауапкершілік пен шаршау ағзаға өте зиян тірлік деп түсінеміз. Маған мансап пен атақтың керегі не, одан да денсаулығымды күтемін деп ойлаймыз. Ал американдық ғалымдар бұл пікірмен мүлдем келіспейді. Мансапқа ұмтылу бұл сіздің иммунитетіңізді күшейтетін көрінеді. Зерттеушілер осы­ған орай жеткілікті мысал­дар келтіреді. Әлеуметтік жағдайы жоғары адамдар көп қиыншылықтардан қиналмай шыға алады. Инсульт пен инфарктан басқаларға қара­ғанда кем зардап шегеді. Тіпті, ересек жасында жас көрінеді. Мәселеге ақшаға, жағдайға байланысты қара­мау керек. Мәселе сол қиын­дықтарды жеңетін күш-қуат, мақсатқа ұмтылу жолындағы табандылық, сол арқылы им­мунитеттің күшті болуында. Қандай күйзеліс жағдайында болсын осындай сапалық деңгейге көтерілген адамдар жеңіп шығады екен.

Ендігі жерде 10 мың еуро­палық мемлекеттік қызмет­шілер қатысқан байқаудың нәтижесіне назар аударайық. Ірі лауазымды тұлғалар ұсақ ше­неуніктерге қарағанда жү­рек және созылмалы дерт­тер­дің, күйзелістердің ауырт­па­лығын аса көп сезінбейді екен.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *