БАСТЫ БАҒДАР ДӘРІПТЕЛДІ

Алмалы ауданындағы емдеу мекемелерінің қызметкерлері Тұңғыш Президент күніне орай түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, Елбасының Жолдаулары мен  мақалаларын талдауды қолға алды.  Осындай мағыналы да тәлімді іс-шараның бірі  №8 қалалық емханада  болып өтті. 

Емхананың дәрігерлері мен мейір­бикелері, кіші медицина қызметкерлері республикамыздың Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың мемлекетіміздің тәуел­сіздігін баянды етуге, қуатын арттыруға,  халықаралық қоғамдастықта еліміздің абыройының өсуі жолында  атқарған істерін дәріптеу мақсатында бұл жолы оның «Ұлы даланың жеті қыры»  мақа­ласын талқылады.

Сондай-ақ, «Елбасы және  халық ден­саулығы» атты көрме де емделу­ші­лердің көңілінен шықты.  Тіркеу-қабылдау бөлі­міндегі теледидарлар арқылы Елбасы Жолдауларындағы денсаулық сақтау саласын жақсарту, халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру, 2019 жылдан бастап емханалардың  құжат­тарды қағазсыз  цифрлық нұсқада жүргізуге бай­ланысты және тұрғын­дардың электронды төл­құжаттарын жасау жөніндегі тапсыр­малары, айтылған бағыттары, сол бойынша емханада атқарылып жатқан жұмыстар жайлы бейнебаяндар көр­сетіліп, емхана­ның әлеуметтік қызмет­керлері, салауатты өмір салтын қалып­тастыру кабинетінің және профилак­тикалық бөлім қызмет­керлері емханаға келушілердің сауал­дарына жауап беріп,  түсініктеме-насихат жұмыстарын жүр­гізді.

 

Жанар АБЫЗОВА.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *