Баспасөздегі басшылық орындарға жастар келді

Қазақ баспасөзінің қабырғалы қос газеті мен бірқатар ресми басылымдарды бірік­тірген «Нұр-Медиа» холдингінің басшылығына журналистиканың танымал буын өкілдері келді.

«Нұр-Медиа» холдингінің бас дирек­торы қыз­метіне теле­ви­дение саласының білікті маманы Ләззат Танысбай тағайын­­далды. Ләззат Танысбай медиа саласын­дағы қызметін «Қазақстан» арнасында бастап, «Хабарда» жалғас­тырған. Қазақстан баспасөз саласында түрлі қызметтер атқарып, елдің Ақпарат және байланыс вице-министрі лауазымына дейін өскен. Соңғы жылдарда «Астана» арнасының директоры қызметінде. Таяуда БАҚ саласындағы ҚР Президенті сыйлығының иегері атанды.

Қара шаңы­рақ – «Қазақ әде­биеті» газе­тінің бас редак­торы қызметіне белгілі журна­лист Дәу­рен Қуат тағайын­далды.

Дәурен Қуат бас­пасөз сала­сын­дағы жұмы­сын 1990 жылы аудан­дық газет тілшісі болып бастаған.

Республикалық «Халық кеңесі», «Жас Алаш», «Қа­зақ елі», «Алтын Орда», «Қазақ әдебиеті», «Жас қазақ» басылымдарында бөлім меңгеру­шісінен бас редакторлық қыз­меттерге дейін атқарған Дәурен Қуатты оқырман жүйрік журналист, сақа сарапшы ретінде жақсы біледі.

М.Әуезов атындағы Әдебиет институ­тының ғылыми қызметкері, «Abaі.kz» порталының бас редакторы, «Абай-ақпарат» Қазақстан интернет кеңістігін дамыту қорының президенті  Д.Қуат ғылым саласы мен заманауи ақпарат кеңестінің маманы ретінде танылды.

Белгілі журналист, публицист Жа­нарбек Әшімжан «Ана тілі» газеті­нің бас редак­торы болып бекі­ді.

Баспасөздегі еңбек жолын «Ал­маты ақ­ша­мы» газетінде бас­таған Жанар­бек Әшімжанның ақпарат саласындағы жолы «Қазақстан» журналында, «Жас Алаш» газетінде жалғасты.

2008–2018 жылдарда Қазақстан Жазушылар одағына қарасты «Жұлдыз», «Сын» журналдары мен «Қазақ әдебиеті» газеттерін біріктірген «Қаламгер Медиа» орталығының директоры қызметін ат­қарды.

Қазақстан Жазу­шылар одағы бас­қарма төрағасының орынбасары, «Қазақ әдебиетінің» Бас редакторы болды.

«Ақшам-ақпарат».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *