БАС ШЫРШАНЫҢ ШАМЫ ЖАҒЫЛДЫ

3Айкерiм РАЙЫСҚЫЗЫ

Тұңғыш Президент күнiнде қала әкiмi Ахметжан Есiмовтiң қатысуымен қаланың бас жаңажылдық шыршасының шамы жағылды. Шаһар басшысы жиналған жұртшылықты Тұңғыш Президент күнiмен құттықтап, ағымдағы жылы жасалған жұмыс барысына шолу жасап Aттi.

– Биылғы жыл әлi аяқталған жоқ. Дегенмен, белгiленген жоспарлар орындалды. Қалада жаңа тұрғын үйлер салынды, әлеуметтiк-мәдени және тұрмыстық мақсаттағы нысандар: балабақшалар, ауруханалар, мектептер мен спорт нысандары iске қосылды, – дедi Ахметжан Есiмов.

Қала әкiмi 2013 жылдың қоғамдық көлiктi дамыту жылы деп аталғанын айтты. Соның арқасында көлiктiң инфрақұрылымы дамып, жаңа жолайрықтар мен жолдар салынғанын, сондай-ақ, экологиялық таза қоғамдық көлiктер парктерiнiң саны артқанын жеткiздi. Бүгiнде қалада 2017 жылы өткiзiлуi тиiс Қысқы Универсиада ойындарына дайындық жүргiзiлiп жатқаны да сөз болды.

Мерекелiк кеште қала тұрғындары мен қонақтары 3D-mapping шоуын тамашалап, өнер жұлдыздарының, «X-Factor» жобасы жеңiмпаздарының, балалардан құралған вокал және би ұжымдарының концертiн қызықтады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *