БАС МҮФТИДІҢ САУДИЯҒА САПАРЫ

қажылық кезіндегі қызмет сапасына арналды230

Қазақстан мұсылмандары Діни басқар­масының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы ресми сапармен Сауд Арабиясына барды. Діни басқарма делегациясын бастап барған Бас мүфти Қажылық министрлігінің Жидда қаласындағы басқарма жетекшісі Абдолла Марғұланимен кездесті. Тараптар ресми басқосуда қажылық сапарында қызмет көрсету жұмыстарын талқылап, пысықтады. Өзара келісім-шарт құжатына қол қойды.

ҚМДБ төрағасы сапар барысында Транспорт департаменті бастығының орынбасары Әл Ямани­мен кездесіп, өзара ынтымақтастық құжатына қол қойды. Сонымен қатар, Ержан қажы Малғажыұлы Түркия қажылары мен Еуропа мұсылмандары департаментінің жетекшісі Тарық Анкауи мырзамен жүздесіп, қажылық кезіндегі қызмет сапасын жетілдіру жұмыстарын сөз етті.

www.muftyat.kz

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close