Бас дәрiгерлер денсаулық жайында дәрiс оқиды

Нұржамал БАЙСАҚАЛ

1

Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы мен қалалық Салауатты өмiр салтын қалыптастыру орталығы 7 қыркүйек күнi биыл елiмiзде тұңғыш рет аталып өткелi отырған «Отбасы күнi» қарсаңында Денсаулық фестивалiн өткiзудi жоспарлап, 1–7 қыркүйек аралығын «Денсаулық» апталығы деп жариялаған.

Осы апталық аясында дәрiгерлер мен орталық қызмет­керлерi iс-шара жоспарын жасап мектеп оқушылары, студенттер арасында, көпқабатты тұрғын үйлердiң алдындағы аулаларда денсаулық, салауатты өмiр салты жайында дәрiстер оқып, тыңдаушылардың сауалдарына жауап бердi. Апталық барысында емханалардың бас дәрiгерлерi мектептер мен колледждерге де барып оқушылар мен студенттерге денсаулықты сақтап, аурудың алдын-алу жөнiнде дәрiстер оқып, ата-аналар мен мұғалiмдерге үстiмiздегi жылдан бастап қолға алынғалы отырған адам паппиломасы вирусына қарсы екпе егудiң тиiмдi жақтарын түсiндiруде.

Бұл шараға ата-аналарды түсiнiстiкпен қарауға шақырады. Салауатты өмiр салтын ұстанудың денсаулыққа тигiзер пайдасы жөнiнде, қазiргi кезде соның бiр дәлелi ретiнде велосипедке қызығушы жасөспiрiмдер мен жастардың қатарының көбейгендiгiн, тұрғындар арасындағы бұл қызығушылықтың оянуы қала әкiмiнiң үлгi болып отырғанын, бүгiнде велошеру, веложарыстар қала жұртының қызыға тамашалап, белсене қатысатын бұқаралық iс-шаралардың бiрiне айналып кеткенiн де әңгiмелеп бередi.

– Бас дәрiгерлердiң өзi бас болып тұрғындар алдында дәрiс оқуы, ең алдымен, тұрғындардың емдеу мекемелерiнiң басшыларымен бетпе-бет сөйлесiп, өздерiн толғандырып жүрген сауалдарына жауап алуларына мүмкiндiк берсе, екiншiден, емдеу мекемесi басшыларының да тұрғындардың денсаулығы жайында жан-жақты мәлiметтер жинақтауына, учаскелiк дәрiгерлердiң учаскелер бойынша есепте тұратын тұрғындармен жүргiзiлген жұмыстарымен танысуларына мүмкiндiк бередi, – дейдi осы iс-шараны өткiзуге жауапты Алматы қалалық Салауатты өмiр салтын қалыптастыру орталығының директоры Гүлмира Сүлейменова.

Бас дәрiгерлердiң кабинеттерiнен шығып, тұрғындармен араласуы үлкен жаңалық болғалы тұр. Мұндай үрдiс мерекелер аясында ғана емес, тұрақты дәстүрге айналса, халықтың дәрiгерлерге деген сенiмi, ықыластары арта түсер едi…

Тегтер
Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *