Баршамыздың міндетіміз!

Бүгінде сыбайлас жемқорлық қоғам індетіне айналған, мемлекеттің іргесін ыдырататын, біртұтас шаңырағын шайқалтатын зор ғаламдық қасірет. Сыбайлас жемқорлықтың  қандай мемлекеттің болмасын өркендеп дамуына зиян келтірері хақ. Бұл індет мемлекеттің, жалпы қоғамның қарқынды дамуын тежейді, мемлекетіміздің алдына қойған мақсаттарына жету үшін белгіленген міндеттердің орындалу мүмкіндігін  алыстата түседі, әлем мемлекеттері алдында еліміздің бәсекеге қабілеттігін төмендетеді, тиісінше  халықаралық аренада оның беделіне сызат-көлеңке түсіреді. Ең сорақысы, халықтың заңның үстемдігіне деген, қоғамның барлық салаларында әділдіктің орнығып, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық дамудың қалыптасуына деген сеніміне, басқаша айтқанда, халықтың жарқын болашаққа деген үмітіне, сеніміне  сызат түсіреді.   Сыбайлас жемқорлық бүгінгі күнде әлемнің барлық мемлекеттерін алаңдатып отырған ең бір өзекті мәселе болып табылады.

Сыбайлас жемқорлықтың түбіне балта шабу, онымен күресу Қазақстанның ғана емес, әлем елдерінің бүгінгі күнгі күрделі де өзекті мәселесіне айналып отыр. Елбасы атап кеткендей, сыбайлас жемқорлық  бұл ғаламдық мәселе. Одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес. Сон­дықтан  бұл індетке бірлесе қарсы тұруымыз керек.

Халықтың өсіп-өркендеуіне, әлеуметтік жағдайының төмен­демеуіне атсалысамын деген әрбір жанашыр азамат, болашаққа зор сенім артатын әрбір отансүйгіш азамат сыбайлас жемқорлықтың тамырын кесуге, оның алдын-алуға қолдан келгенінше атсалысуы тиіс. Ондай азаматтарды қоғам мүшелері арасынан кездестіруге болады. Олар бүгінде қоғамның әр түрлі саласында бұл кеселді жоюға әрекеттеніп, түрлі шаралар өткізіп жатыр. Қоғамда сыбайлас жемқорлықтың етек жайып бара жатқанына үстіртін қарай алмайтын оқу орындарының бірі – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ. Бұл білім ордасы қоғамның жас буынына тиісті мамандық бойынша білім берумен шектелмей, олардың бойында  жемқорлыққа қарсы құқықтық сана мен мәдениетті қалыптастыру, сол арқылы сыбайлас жемқор­лықтың алдын алу, оны болдырмау бағытында зор жұмыстар атқаруда. Атап айтқанда, ҚазҰУ-де қоғамның түрлі салаларында сыбайлас жемқорлықтың тәуе­келдерін болдырмау мақсатында «Азаматтық бақылау» жобасы жұмыс істейді. Жыл сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Оқытушы студенттер көзімен» (препода­ватель глазами сту­дентов), «Эдвайзер студенттер көзімен» мони­торингі жүргізіліп тұрады. Сондай-ақ, жиі ғылыми-тәжірибелік конферен­циялар, дөңгелек үстелдер, диспуттар өткізіліп тұрады.

Ауыл шаруашылығы секторы ел экономикасының негізгі бір саласы болып табылатындығын назарға ала отырып, ҚазҰУ осы салада  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша және агроөнеркәсіп кешенінде жемқорлыққа қарсы әрекеттерді көтермелеу, қолдау бағытында 28 қыркүйек 2018 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің әлеуметтік тапсырысы бойынша «Азаматтық бақылау» жобасы аясында «Агроөнеркәсіп кешенінде заманауи сыбайлас жемқорлыққа қарсы механизмдер» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізген еді. Тиісті білім ұясында өткізіліп тұратын осындай шара­ларға қоғамның түрлі салаларының өкілдері, мамандары тартылып, олар оқытушылық-профессорлық құрамымен бірлесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресудің жалпыұлттық бағдарламасын талқылайды. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған мұндай жария шаралардың нәтижесінде қоғамдық дамуға тұсау салатын бұл індетті жоюға қатысты ұсыныстар білдіріліп, тиісті шара­ларды ары қарайғы уақытта ынталандыру мәселесі жоспарланады.

«Қазақстан–2050» Стратегиясы сыбайлас жемқорлықты ұлттық қауіпсіздікке төнетін тікелей қауіп-қатер қатарына қояды және мемлекет пен қоғамды осы келеңсіз құбылыспен күресте күш-жігерді біріктіруге бағыттайды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық уни­верситеті мемлекетіміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізі болып табылатын осы стратегиялық құжатты басшылыққа ала отырып, қоғамды бұл келеңсіз құбылыстан қорғауға атсалысуды, онымен күресуді өзінің негізгі  міндеті деп біледі.

 А.ЖАРБОЛОВА,

     «Азаматтық бақылау» қоғамдық қабылдауының мүшесі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close