БАРШАМЫЗДЫҢ БОРЫШЫМЫЗ

Мемлекеттік қызмет­шілер­дің сыбайлас жемқорлық қыл­мыстар және осы тұрғыдағы құқықбұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Оған, ең алдымен, қызметшілердің білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының төмен болуы болса керек. Кей мемлекеттік қызметшілер жеке басының қамын ойлап, парақорлыққа ұрынады. Парақорлық тек мемлекеттік қызметте ғана емес, барлық сала өкілдерінде де кездеседі. Ол заңды қағида­ларды теріске шығарып, аза­маттардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдде­лерінің бұзылуына түрткі бола­ды. Сонымен қатар, халықтың өз мүмкіндіктері мен  құқық­тарын заңға сәйкес білмеуі де осы жемқорлыққа әкеліп соғады.

Әрине, жемқорлық дәрі беріп емдейтін ауру емес. Оған республикамыздың әрбір азаматы өз мүддесін қорғай ала­тындай саналы және білімді болса жеткілікті. Мем­лекет басшысы Н.Назар­баев көрсетіп бергендей, «Қазақ­стан үшін сыбайлас жемқор­лықты жеңу – мемлекет сая­сатының басты бағыттарының бірі».

Кешегі Елбасымыздың соңғы 2018 жылдың 5 қаза­нындағы Жолдауында тағы да сыбайлас жемқорлыққа көңіл бөлді. Сыбайлас жемқор­лық­пен белсенді күрес жалға­сатын болады. Мемлекеттік қызметтер аясында мемле­кеттік қызметшілердің тұрғын­дармен тікелей қарым-қаты­насын азайтуға қол жеткізген жөн. Жер қатынастары мен құрылыс саласындағы бюро­краттық рәсімдер жұртшы­лықты мазалайтын мәселелер­дің бірі болып саналады. Бұл салада ашықтық жоқ, халық пен бизнес ақпаратқа толық қол жеткізе алмай отыр. Жер қоры мен жылжымайтын мү­лік нысандары туралы мәлі­меттердің бірыңғай ақпарат­тық базасын жасауды тапсыр­ды.

Жалпы, 2019 жылы мем­лекеттік қызмет­тердің 80 пайызы, 2020 жылы 90 пайызы электронды форматқа көші­рілуі тиіс. Сол үшін мемле­кеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңды жаңарту қажет. Қарамағындағы қызмет­керлер сыбайлас жемқорлыққа қа­тыс­ты құқық­бұзушылық жа­са­ған жағдайда бірінші бас­шылардың жеке тәртіптік жауапкершілігін күшейту мәселесін пысықтау қажет. Сонымен қатар, адал жұмыс істейтін қызметкер тексеру­шілерден қорықпауы тиіс делінді.

Сыбайлас жемқорлық бір күнде жойылатын және бір ғана органның немесе бір ғана адам­ның қолынан келетін нәрсе емес. Сондықтан сы­бай­лас жемқорлықпен бүкіл қоғам болып күресу қажет.

Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін бірік­тіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауына барлық амал­дар­ды қолдану арқылы бұл құбы­лысқа тиімді түрде қарсы тұру­ға болады. Бүгінгі бала ертеңгі еліміздің азаматы ретінде – сана­лы, білім­ді, жігерлі, қоғам­да өз мүддесін қорғай алатын ұрпақ тәрбиелеп, өсіру әр отбасының міндеті деп білемін. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген дана қазақ халқы­ның сөзі осыған дәлел. Сон­дықтан сыбайлас жемқор­лықпен күресу – барлық Қа­зақстан Республикасы аза­мат­тарының азаматтық борышы деп білу керек.

 

Г.БЕКІШЕВА, Алмалы аудандық Қазынашылық басқармасының  бас маман қазынашысы.

 

Әрбір азамат күресуі тиіс

Алматы қаласы бойынша қазынашылық департаментінің Түрксіб аудандық қазынашылық басқармасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық органы мемлекеттік бюджеттің атқарылуын, яғни республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалуын, мемлекеттік мекемелердің бюджеттік бағдарламаларды іске асыруын қадағалайды. Басқарма мемлекеттік бюджеттің сапалы түрде орындалуын, құжаттардың уақытылы және қауіпсіз түрде өткізілуін қамтамасыз етеді.

Басқармада сыбайлас жемқорлық­ты болдырмау мақсатында алдын-ала іс-шаралар жүргізіліп тұрады. Жоспар бойынша басқар­ма қызметшілерімен эконо­микалық сабақтар, Қа­зақ­стан Рес­публикасының «Жемқорлыққа қар­сы кү­рес» заңын жиі талқылап отыра­мыз. Мемлекеттік мекемелермен іс жүргізу құжаттары электронды түрде қабылданады. Құжат­тарды қабылдау, қайтару шаралары 2018 жылдан бастап 6 сағаттан аспайды, ал 2019 жылдан бастап бұл мерзім 5 сағат­тан аспайтын болып жоспарла­нуда. Сондай-ақ, басқарманың ресми сай­тында және мекеме ғима­ратында сенім телефоны­ның нөмірі көрсетілген.

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі заманның өзекті мәселесі. Бұл басқаша тіл­мен айтқанда, бүкіл мем­лекетіміздің, халқымыздың ауыр дерті. Жемқорлықпен еліміздегі әрбір азамат кү­ресуі тиіс. «Тәрбие – отба­сынан басталады» демекші, әрбір жанұяда бала тәр­биесіне туылған күннен бас­тап назар аударылуы керек. Еліміздегі балабақшаларда, орта мектептерде сыбайлас жемқорлықтың қанша­лықты зиян екендігін бала санасына лайық­тап түсін­діру сағаттары өткізілсе, жас ұрпақ бала күнінен жем­қорлықтың салдар­ла­рын, қоғамға кері әсерлерін санасына бекітіп өссе, бола­шақта таза ұрпақ тәр­биеленуі әбден ықтимал.

Ал қазіргі таңда мем­лекеттік меке­мелер, заңды және жеке тұлғалар сыбай­­лас жемқорлықпен бірігіп күре­сулері керек. Қазақ­станның әр азама­ты заңды жақсы меңгеріп, саяси, рухани сауатты болуға ұмтылуы керек. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін мемлекеттің қолданып жатқан іс-шараларын одан да әрі дамытып, Елба­сының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қа­зақ­стан­дықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен жұмыс сапасын арттыру» Жол­дауында айтылғандай:

– Біріншіден, мемлекет­тік қыз­меттер аясында мем­лекеттік қызметші­лердің тұрғындармен тікелей қа­рым-қатынасын азайтуға қол жеткізуді;

– Екіншіден, қарама­ғындағы қыз­меткерлер сы­байлас жемқорлыққа қа­тыс­ты құқықбұзушылық жасаған жағдай­да, бірінші басшылардың жеке тәр­тіптік жауапкершілігін күшей­ту мәселесі;

– Үшіншіден, «Сыбай­лас жемқор­лық­тан ада өңірлер» жобалары аясында елорданың жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру жөніндегі тәжіри­бесін тарату керектігі.

Заңды және жеке тұл­ғалар өз мүд­делерін сауатты түрде қорғай алатын болса, жалпы халықтың рухани мәде­ниеті жоғарыласа, әрбір адам сыбайлас жем­қорлыққа төзбеушілікпен қарай­тын көзқарас ұстан­са, сонда ғана бір нәтижеге жетуге болары сөзсіз.

 

Е.ӘКІМБЕКОВ,

Алматы қаласы бойынша

Қазынашылық департаменті

Түрксіб аудандық қазынашылық

басқармасының басшысы.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *