Барлық пәндер мемлекеттік тілде оқытылуы керек

Мұрат БАҚТИЯРҰЛЫ, Сенат депутаты:

– Елімізде мынау қазақ мектебі, анау орыс мектебі деген бөлуді қоятын кез келді. Жалпы, орта мектептердің барлық пәндерін мемлекеттік тілде оқытуды қолға алуымыз керек. Тек орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі сол аталған тілдерде берілуі тиіс. Келешекте орыс тілінің сағаттарын қысқарту арқылы әлемдік тіл – ағылшын тілінің сағаттарын көбейтуге болады.

Сонымен қатар, мектеп оқу­шыларына әдеп, қоғамдық орындарда өзін қалай ұстауды, табиғатты, қоршаған ортаны, адамды құрметтеуді, еңбекке баулу және оны қастерлеуді, отбасылық құндылықты қадір­леуді үйретуге барынша көп уақыт бөлген дұрыс деп санаймын.

 

(«Астана ақшамы», 20.08.2019.).

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close