БАРЛЫҚ МӘСЕЛЕ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ШЕШІЛЕДІ

Сенбі күні Түрксіб ауданының әкімі Павел Кулагиннің халық алдындағы есеп беру жиыны №6 Оқушылар үйінде өтті. Оған қала әкімдігіне қарасты құрылым басшылары, қоғамдық ұйым өкілдері мен аудан тұрғындары қатысты.

Мәншүк БЕКБОСЫН

Кездесу барысында аудан әкімі Павел Кулагин  2018 жылы атқа­рылған жұмыс қорытындысы мен болашақты бағамдайтын жоспары туралы кең көлемде есепті баянда­ма­сын жасады. Өткен жылдың еліміз үшін табысты бол­ғанын тілге тиек еткен әкім аудан тұрғын­дары­ның да әлеу­меттік жағдайы­ның жыл­­дан-жылға жақ­сарып келе жат­қанын мәлім­деді. Сондай-ақ, ау­дан­ның экономика­лық жағ­дайы­­ның едәуір дамыған­дығы сөз бол­ды.

Елмен етене араласып, халық арасында жиі болған жағдайда билік басын­дағылар тұрғындардың тыныс-тіршілігін, оларды мазалаған мәселелерді жақсырақ түсінетіні белгілі. Жиын барысында аудан тұрғындары ауданды көріктен­діруге байланысты бірқатар ой-пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар, аудан бойынша  көшелерді жарықтандыру мәселесі түйінді болып отырғаны айтылды және газ мәселесіне қатысты сауалдар қойылды. Аудан әкімі П.Кулагин бұл жайлардан хабардар екенін білдіріп, олардың кезең-кезеңімен шешілетінін айтты. Сонымен қатар, аудан тұрғындары қоғам­дық көлік, кесілген ағаштар, аудандағы қар­дың тазалануын да тілге тиек етті. №41 автобус бағыты­ның жүру уақы­­тын жиілетіп, сондай-ақ, осы қоғамдық көлікті «Жұл­дыз» ық­шамауданы арқы­лы жүргізуді сұрады. Жансүгіров көшесі арқы­лы қосымша автобус бағыттарын көбейтсе деген тілектерін білдірді. Ал «Әлмерек» ықшамаудан­дары­ның тұрғындары  №106 автобус­тың маршру­тын мектепке дейін ұзар­туды өтінді. Бұл ауданға емхананың керектігі де тілге тиек етілді.

Биыл Түрксіб ауда­нында 600 орынды мектеп пен 300 бөбекке арналған балабақша ашылады. Сондай-ақ, осы жылы 22 шақырым арық жүйесі салынып, 150 аула жөндеуден өтеді.

– Көлік және автомо­биль жол­дары басқарма­сына 2019 жылы аудандағы 39 көшеге  орташа жөн­деу жүргізу үшін өтінім жіберілді. Оған ұзындығы 25 шақырым жолдардан бөлек, жаңадан қосыл­ған елді-мекендердегі 12,4 шақы­рымды құрайтын 17 көше де кіріп отыр, – деді Түрксіб ауданының әкімі Павел Кулагин.

Көше жарықтарын жаңғыртуға 270 млн. теңге бөлініпті. Бұл  қаржыға балалар саябағы мен үш үлкен демалыс саябағын жөндеу жоспарланған.

Әкімнің кездесуінде күнделікті тірлікте кез­десетін күрделі проб­ле­ма­лар мен ауданның бүгіні мен бо­лашағына қатысты мәселе­лер кеңі­нен айты­лып, ашық талқы­ланды. Мысалы, «Маяк» ықшам­ауданы­ның қарт тұрғыны ауданда дәріхана жетіспейтінін және оның бағасы зейнеткерлерге төмен болуы қарас­тырылса деген ұсыныс тастады. Есептік кездесуде ау­дан таза­лығы және кейбір ПИК-тердің жұмысы да тұрғындар тарапынан сынға алынды. Олардың қатарында «Сей­па», «Райым­бек» ПИК-тері бар.

Павел Кулагин залда отырған­дардан түскен сауалдарға жауап беру барысында бірден әр мәселе­нің мәнісіне үңіліп, мұқият тар­қатып, шешілу мүмкіндігі немесе мүмкін еместігінің жай-жапсарын егжей-тегжейлі түсіндіру арқылы өзінің аудан тірлігін бес саусақтай білетінін тағы бір мәрте байқатты.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *