БАРЛЫҚ МӘСЕЛЕ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ШЕШІЛЕДІ

Қаладағы аудан әкімдерінің халық алдындағы есеп беру кездесулері екі аптаға созылды. Соның ішінде Түрксіб ауданының әкімі Бақытжан Ақжаров та аудан тұрғындарымен сегіз рет кездесті. Еркін форматта өткен мұндай жиындарда халық көбіне елді-мекендерді жарықпен, ауызсумен қамтамасыз ету және ішкі көшелерге асфальт төсеу мәселесін көтерді. Газ мәселесін де шешіп беруді өтінген түрксібтіктер аз болмады.

Мәншүк БЕКБОСЫН

 

Көгілдір отын бар

Түрксіб ауданында 25 мыңға жуық жеке меншік үй бар. Оның 24 мыңға жуығы орталық газ жүйесіне қосылған. Қалған 929 үйге магистральды желі тартылды. Соның ішінде бүгінде ішкі жүйе­лерді қосу және монтаждау жұмыстарын жүргізуге 625 үй дайын. Атап айтқанда, «Әлмерек» ықшам­ауданында 354 үй, «Қайратта» 187 үй, Красно­гор­ск көшесінде 14,  Закарпатскаяда 70 үйдің газға қосылу уақыты алыс емес. Қалған 300 үй бойынша құқық белгілейтін құжаттар рәсімдел­геннен кейін газға қосылады.

Сонымен қатар, өткен жылы  «Нұршашқан», «Әлмерек», «Қайрат», «Маяк», Сүйінбай даңғылы, 669-671 мекен-жайларында тұратын әлеуметтік жағынан аз қамтылған 37 отбасының үйіне демеу­шілердің көмегімен көгілдір отын берілді.

 

Су жүйесіне қосу  міндеті тұр

Орталық сумен жабдықтау және кәріз жүйесіне қосылу мәселесі де өзектілігін жоймай тұр. Түрк­сібте 20 мыңға жуық үйде су бұру жүйесі болмаса, 3 мыңнан астам үй су жүйесіне мүлдем қосылмаған. Осы мәселені шешу мақсатында «Қайрат» пен «Әлмерек» ықшамаудандарында қолға алынып, жүргізіліп жатқан инженерлік желілердің құрылысы аяқталуға жақын қалса, «Нұршаш­қанда» жалғасып келеді. Бұл жұмыстар ауданның 10 мыңға жуық тұрғы­нын қам­тыған 2400 үйді орталық коммуни­кациямен қам­тамасыз етуге мүмкіндік береді. Қалған үйлер бойынша құжаттар дайындалып жатыр.

Сонымен қатар, Нижняя Пятилетка елді-мекенінің тұр­ғындарын сумен қам­тамасыз етіп,  кәріз жүйесін жүргізу бойынша жобалық-сме­талық құжат дайында­лып жатыр. Бұл жұмыс­тар 16 мың тұрғыны бар  4 мың үйді қамтиды.

Мемлекеттік сарап­тамадан өткеннен кейін құрылыс-монтаж жұ­мыстары басталады.«Жас қанат» ықшам­ауданында екі мыңнан астам адам тұрады. Биыл мұндағы  530 үйді су мен кә­різ жүйе­сіне қосу үшін жобалық-сметалық құжат­тардың дайындығын аяқтаймыз.

«Алматы-1» вокзалы маңайындағы 76 үйдің тұрғындары орталық ыстық су жүйесіне қосылуды сұрап келген еді. Бұл мәселе бойынша да ЖСҚ әзірленді.

Бұл құжат  қазандықтың қуатын айтарлықтай арттыруға және ыстық су беруге мүмкіндік береді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *