Барлық балаларға мектепке жол табуға көмектесейік

Бірінші қыркүйек — барлық балалар үшін білім күні. Бұл атаулы күн мектеп жасындағы барлық балалар үшін мереке болуы тиіс. Баланы мектепке дайындау, қажеттінің барлығын сатып алу – көп шығын. Бірнеше бала тәрбиеленіп жатқан отбасыларға, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға ерекше қиын.

Дәстүр бойынша біздің мектепте жыл сайын қайырымдылық марафонын өткізу, демеушілер есебінен жаппай оқу қорынан балаларға материалдық көмек көрсету, қала мектептерінің шағын аудандарын аралау және басқа да іс-шаралар жоспар­ланды. 1 шілдеден бастап 30 қыркүйекке дейін «Мектепке жол» республикалық акциясы өткізіледі.

Мектептің педагогикалық ұжымы өмірде қиын жағдайға тап болған отба­сыларды қолдайды. Жиналған ақша аз қамтылған отбасы балаларына мектепке керек-жарақтарын сатып алуға жұмсалды.

Егер Қазақстанның әрбір тұрғыны аз қамтылған отбасылардың балаларына көмектессе, онда мектепке бару артады, яғни жалпы білім беру деңгейі өседі. Бұл біздің мемлекетке өркендеу мен дамуға мүмкіндік береді. Сондықтан мұндай акциялар бір реттік сипатқа емес, прогреске ие болуы тиіс! Барлық балаларға Мектепке жол табуға көмектесейік!

№155 мектептің әкімшілігі қайырым­дылық пен мейірімділік үшін белсенді қатысқан барлық адамдарға шын жүректен алғысын білдіреді.

Рабия ТУТАДЗЕ,

№155 мектептің әлеуметтік педагогы.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *