Балық майының пайдасы бар ма?

Омега-3 халық ұғымында балық майы деп аталады. Кейінгі уақытта ол адамның интеллектісін дамытуға пай­дасы зор делінетін.

Испан ғалымдары таяу күнде осы мәселе бойынша 51 мегаталдау (ке­ңейтілген, жан-жақты ғылыми-зерт­теу) жүргізді. Онда  мидың ақыл-ойды дамытудағы жолдары қарастырылған. Оның ішінде бала­лардың, орта жастағы, қария кісі­лердің интеллек­тісіне әсері сүзгіден өткен. Сайып келгенде, оның адам ой-өрісіне айтарлықтай әсері анық­талмады. Жағымсыз әсері де дәлел­денбеді. Ғалымдар дені сау адамдар және Альцгеймер дертіне шалдық­қандарды да зерттеді. Бұл екеуінен де айтар­лықтай өзгерістер байқалмаған.

Әрине, мұның бәрі Омега-3 балық майынан бас тарту қажет деуге келмейді. Оның белгілі мөлшері нерв жүйесін дамытуға әбден қажет. Бірақ мөлшерден тыс пайдалану зиянды.

Кейбір мәліметтерге сүйенсек, бұл тағам түрі қан айналымын жақ­сар­тады, диабеттен қорғайды. Мәселен, осы тағам түрін ұдайы қолданатын солтүстіктің халқы ешқашан жүрек қан-тамырлары ауруын білмейді. Бұл сайып келгенде, Омега-3 балық майының арқасында делінеді. Алайда, ғылымда бұл жан-жақты зерттелмей, біржақты шешім шығару қиын.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *