Балкондағы байрақ алынды («Балкондағы байрақ», «Алматы ақшамы» №48, 24 сәуiр, 2012 жыл.)

«Алматы ақшамы» газетiнiң биылғы 24-сәуiрiндегi санында «Балкондағы байрақ» атты Д.Анаштың мақаласы жарық көрiп, онда мемлекеттiк рәмiздерге қатысты қоғамдағы көзқарастың әрқилы екенi сын тезiне салынған едi.

Мақалада орынды айтылғандай, кез-келген мемлекеттiң бет-бейнесiн танытатын асыл дүниесi оның мемлекеттiк рәмiздерi болып табылады. Ал, сол асылдардың қадiр-қасиетiн өсiретiн де, өшiретiн де адамдар екенi рас. Автор тұрғындар арасында рәмiздерiмiзге деген үлкен құрметтiң кемдiгiн тiлге тиек етiп, нақты мысалдар келтiрiптi. Оның iшiнде қаладағы Желтоқсан көшесi мен Әйтеке би көшесiнiң қиылысындағы №85 үйдiң балконында iлiнiп тұрған көк байрақ пен «Нұр Отан» ХДП-ның туы көзге жайсыз көрiнетiнiн жазыпты.

Бiз, қалалық Iшкi саясат басқармасының қызметкерлерi, Алмалы ауданындағы өкiлдерiмiзбен бiрлесiп, аталмыш үйдiң иесiн тауып алып, жеке сөйлесуге мүмкiндiк сұрадық. Орта жастағы әйел замандасымыз көк байрақ пен халықтық партияның туын жақында өткен сайлаудың алдында iзгi көңiлмен iлгенiн, шет елдерде жұрт өз елiнiң байрақтарын осылайша әспеттейтiнiн айта келiп, көпшiлiктiң терiс түсiнгенiне өкiнiш бiлдiрдi. Өз тарапымыздан бiз мемлекеттiк Туымызды жеке ғимаратқа қадағысы келген азаматтарға орнымен нақты көмек көрсетуге мүмкiндiк барын жеткiздiк. Осыдан кейiн үй иесi күнге желiнiп, әбден ескiрген байрақты балконнан жиыстырып алды.

Мемлекеттiк нышандарды насихаттау, қолдану және дәрiптеу iсi тек мемлекеттiк органдар мен БАҚ-тардың ғана мiндетi емес екенiн көпшiлiктiң ұдайы назарына салып отыратын «Алматы ақшамы» газетiне ризашылығымызды бiлдiре отырып, осынау қадiрлi де қасиеттi парызды әрбiр азаматтың ұдайы назарда ұстағаны жөн деп санаймыз.

Әрқашан рәмiздерiмiз тұғырлы, елiмiздiң мерейi үстем болсын!

Қайым-Мұнар ТАБЕЕВ,

Алматы қалалық Iшкi саясат басқармасының Ақпараттық саясат және БАҚ сараптама бөлiмiнiң бастығы.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *