Балетпен түрленген «Балбырауын»

Нұржамал ӘЛІШЕВА

 

Жуырда Абай атындағы Қазақ мемлекеттік акаде­миялық опера және балет театрында А.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің есептік концерті өтті. Өнер ұжымы бұл айтулы күнді Астананың 20 жылдығы мен Қазақ КСР-нің Халық артисі Сара Көшербаеваның 85 жылдық мерейтойы құрметіне арнаған болатын.

Қазақ балет өнерінің іргетасын қалаушылардың бірі, өз кезеңінде Абай атындағы Қазақ мемлекеттік акаде­миялық опера және балет театрының прима-балеринасы болған Сара Көшербаева А.Селезнев атындағы Алматы хорео­графиялық училищесін сонау 1975—1986 жылдары басқар­ған тұлға. Ол ой мен мазмұнды музыкалық-хорео­гра­фиялық бейне арқылы ашатын тілсіз, сөзсіз балет сахна­сында түрлі образды дүниеге әкелген өнер майтал­маны. Жеке репертуарында 30-дан астам бас партияны орындаған.

Өнер мамандары Сара Ыдырысқызы басқарған жыл­дары Алматы хореографиялық училищесі нағыз шарық­тау кезеңін бастан өткерді дейді. Училище сахна­сында классикалық нөмірлермен бірге, халықтық билер де қойыла бастаған. Бұл концерттік қойылымдардың бәрі бүгінде Алматы хореографиялық училищесінің «Алтын қорына» түгелдей еніп отыр.

Сара Көшербаева ұстаздық жолында Ресей халық артисі, Үлкен театрдың прима-балеринасы Надежда Грачева, Красноярск опера және балет театрының прима-балеринасы Наталья Чеховская, Загребтегі Хорватия ұлттық театрының прима-балеринасы Сәуле Әшімова, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызмет­керлері Лейла Әлпиева, Алма Асқарбекова және Сәуле Рахмедова сынды дарындарды тәрбиелеп шығарған.

Осындай бірегей тұлғаны еске алу, ұлықтау мақса­тында ұйымдастырылған кеште аталмыш училищенің «Балет артисі», «Би ансамблінің артисі» мамандықтарын игеріп жатқан І-ІІІ курс студенттері өнер көрсетті. Сондай-ақ, кіші және орта сыныптың өрендері де би биледі.

Салтанатты концертте «Grand pas», «Па-де-де» қойылымдары тың жаңалық болып қабылданды.

Бұл кеште халықтық және заманауи билер де үстем­дік құрды. Т.Қажығалиевтің әуенімен үйлесім тапқан «Қазақтың өрнектері» (қоюшы Зәуірбек Райбаев) де, Құрманғазының «Балбырауын» (қоюшы Фарида Әлиева) күйін бимен түрлендірген қойылым да көпті тәнті етті.

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *