БАЛАНЫҢ ТІЛІ БАЛАБАҚШАДА ДАМИДЫ

Әуезов ауданындағы Ләйлә Заманбекова басшылық етіп отырған №47 балабақшада ауданның мектепке дейінгі мекеме әдіскерлері мен тәрбиешілерінің қатысуымен «Мектепке дейінгі балалардың қазақ тілін үйрену бағытындағы жаңа бағдарламаның жүзеге асуы» деп аталатын аудандық семинары өткен еді.

Рая ЕСКЕНДІР

Бүгінгі таңда мектепке дейінгі мекеме­лерде өтетін оқу қызметкерлерінің де ауқы­мы кеңейе түскен. Әсіресе, бүлдір­шіндердің ана тілінде еркін сөйлеп, ойын жеткізуі, жан-жағын­дағылармен өз тілінде сөйлесуі балабақшадан бас­­тал­ады. Бала көбіне өлең-тақпақ жаттап, отба­сына ке­ліп үйренгенін айтып, қуантып жатады.

Өткізіліп отырған семинар туралы балабақша меңгеру­шісі Ләйлә Заман­бе­кова жан-жақты айтып берген соң, қазақ тілі оқытушысы Эльмира Төлендиева «Білім беру саласы» бойынша «Маман­дықтың бәрі жақсы» атты көрсетілім көрсетті. Осы бағытта бала­қайлардың ана тілін қанша­лықты меңгер­генін көрсетті. Сабақ бары­сында бүлдір­шіндер қазақ тілінде еркін сөйлеп, өздерінің қызығушы­лықтарын танытып отырды.

Өз саласын жетік меңгерген маманның сабақ берудегі ерекшелігі көпшіліктің қызығушылығын оятып, ой-пікір білдіріп, тәжірибе де алмасып жатты. Осы аудандағы №46 бөбекжай-бала­бақ­шаның қазақ тілі пәні мұға­лімі Шәмшат Нұрма­ха­нованың «Қазақтың ұлттық киімдері» атты сабағы да қызықты өтті. Сабақ бары­сында бала­ларға ұлттық құнды­лықтарды таныс­тырып, олар­дың санасына сәуле құйған пән жетек­шісінің бай тәжіри­бесін де көпшілік жылы қабыл­дады.

Балабақша әдіскері Гүлім Шерма­ханова мен психолог Әсем Ташмұ­ратова жүргізген «Болаша­ғымның жоспары» психо­логиялық тренингі семи­нарға қатысу­шыларға сер­гектік сыйлады. Олар өздерінің ойға алған жоспарлары жайлы сыр шерте келе, міндетті түрде оның орындалатынына сенімділік танытты. Семинар қонақтары Алма Нұрмағамбе­тованың ұйтқы болуымен ұйымдастырыл­ған көрмені тамашалап, көп ой түйді.

Әуезов ауданындағы мектепке дейінгі мекемелердің қазақ тілі бірлестігінің жетекшісі, №33 балабақшаның қазақ тілі оқытушысы Лия Жанбосынова семинарды қорытындылап, жақсы баға берді.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *