Балаларымыз есейіп қалды

Алмалы ауданы Ш.Смаханұлы атындағы №62 гимназияда оқушылардың ең жас кезінен бастап-ақ өз Отанының өткен тарихын біліп өсуіне жете көңіл бөліп отырады. Жақында бізде 1-сынып оқушы­ларының әрқайсысының есінде қалатын білім алудағы алғашқы кеші Әліппемен қоштасу болды.

Гимназиямыздағы 1 «Б» сынып жетек­шісі Айдана Молданова «Қош бол, кұтты Әліппе!» атты ашық тәрбие сағатын жақсы ұйымдастырып өткізгендердің бірі болды. Әр үйдің еркелерінен тұратын сынып оқушылары өздеріне бекітілген рөлдерді өз дәрежелерінде орындап, ұстаздарды, ең бастысы, өз ата-аналарын сүйсіндіріп таңдандырды.

Балалар білім алудың маңыздылығынан бастап қазақ халқын бірлігі арқасында қол жеткізген Тәуелсіздігіміздің тарихына дейін сахналандырылған көріністер арқылы баяндап берді. Ата-аналар осыдан бірнеше ай бұрын өздерінің сөзін бірде тыңдатып, бірде тыңдата алмайтын «еркелерінің» түрлі образдарға кіріп «үлкен» кісінің парасатты ойларын айтып тұрғандарын көріп ұстазға ризашылықтарын білдірді. Жас ұстазға шәкірттерінің сенімінен асқан қандай сый-құрмет болуы мүмкін.

Сахнадан, жаңа әріп таныған 7 жастағы ұл-қыздарымыздың «»Бірлік түбі – тірлік», «Ынтымағы жарасқан ел болайық!» деп еліміздің қазіргі басты ұранын таза жүректерімен, шынайы айтып тұрғандарын көріп, болашақта Отанымызға адал қызмет ететін азаматтар өсіп жетілетініне көзіміз жетіп, көңіліміз марқайды.

Рената СМАЖАНОВА,

Ш.Смаханұлы атындағы №62 гимназия директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *