Балалардың тілегі – бейбітшілік

Рая ЕСКЕНДІР

 

Жаздың алғашқы күні әлем балаларының мерекесіне орай №32 кітапхана бөлімшесінде «Бақытты балалық шақ» атты мерекелік іс-шара өткізді. Іс-шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары №159 гимназия оқушылары қатысты. Мерекелік іс-шараға Медеу ауданы әкімшілігі Мәдениет бөлімінің басшысы Сәкен Аралбаев қатысып, балақайларды төл мерекемен құттықтады. Аудан әкімі атынан балмұздақтар таратты. Кітап­хана меңгерушісі Айша Баймахан­бетқызы кішкентай оқырмандарға арнап жасаған кітап көрмесімен таныстырып, жаз бойы оқуға тиіс жаңа шығармаларды ұсынды. Балалар мерекесімен құттықтап, тұрақты оқырмандарға естелік сый-сияпат тарту етті.

№159 гимназияның бастауыш сыныбында оқитын Ғайса Нәйла, Ғайса Нұрасыл, Тоғжан Сұлтанғалиев, Ерасыл Мұфтулла, Әлинұр Мұфтулла, Едіге Ергөбек, Сабина Алтаева өз армандарын асфальт бетіне түсіріп, ойларындағы суреттерді бормен бейнеледі. Кітапханашы Қуаныш Маймыш «Әлемдегі балалар – бақытты балалар» атты кітап көрмесімен таныстырса, Алтын Әубәкірова балаларға адамның жан серігі, рухани байлығы кітап екендігін жете түсіндіріп, оны оқуға шақырды.

№159 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Жанар Құсайынова осындай танымдық кеш өткізіп, балаларға бос уақытты тиімді пайдалануды үйреткен кітапхана ұжымына алғысын білдірді. Сонау 1950 жылдан бері аталып өтіп келе жатқан балалар мерекесіне үлкендер де өз тараптарынан қолдау көрсетті.

Кітапханаға бас демеуші болған «Hot Dogs Corner» компаниясының басқарушы директоры Виталий Дудков, сондай-ақ, «Ракса» дүкені (иелері А.Хасанов және Ф.Хасанов), «Кореана» корей тауарлары дүкені (директоры Сонг Дже Хо) және «Хачапури Хинкальевич) кафесі балаларға сый-сияпаттар жасап, мерекені бірге өткізді.

 

 

 

Қаламыздағы №32 кі­тапхана бөлімшесі 1978 жылы құрылған. Сол уа­қыттан күні бүгінге дейін есігі бір жабылмайтын бұл үйдің негізгі оқырмандары зейнеткер­лер мен мектеп оқушылары. Сондықтан 1992 жылдың қыр­күйегінде «Ардагер» орталығы ашы­лып, ардагер оқырман­дарға ерекше құрмет көр­сетілген еді. Ал кітапха­наның жас оқырман­дары­ның қатарын Медеу ауда­нындағы №12, 35, 131, 159 гимназия оқушылары құ­рай­ды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *