Балалар үшін

Нұржамал ТЕГІНБАЙҚЫЗЫ

 

Алматы қаласындағы №4 қалалық кли­никалық аурухана ұжымы  қайырымды бастама көтеріп, 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай  қан тапсырды. Алматы қала­лық Қан орталығымен бірлесіп өткізілген бұл қайырымдылық шарасына   аурухананың 58 қыз­меткері атсалысты.

–  Қазір жазғы демалыс уақыты. Осы кезде балалар арасында жарақаттану жағдайлары жиі орын алып жатады.  Тіпті, кей жағдайларда бала­ларға қан құю қажеттілігі туындайды.  Ал қала­мыздағы балалар ауруханалары мен онкологиялық орталықтарда қан және оның өнімдеріне зәру қаншама балалар бар.  Балаларды жинап алып, тәтті-тұрым беріп, концерт қойып, мерекелік шара өткізуге болар еді, бірақ  бас дәрігеріміз Қанат Мәр­денұлы Тезекбаевтың бастамасымен балалар үшін қан тапсыруды  жөн көрдік, – дейді аурухананың бас дәрігерінің  орынбасары Айман Байзолданова.

Өздері күнделікті жұмыс барысында түрлі жағдайлармен бетпе-бет келетін  ақжелеңді абзал жандардың бұл бастамасын  қалалық Қан орталы­ғының басшылығы қуана қабылдады. Күләш Нәсіре­динова жетекшілік ететін жылыжымалы донорларды қабылдау бригадасы №4 ауруханаға келіп,   балалар үшін қан тапсыруға ниет білдірген дәрігерлерді қабылдады.  Қан тапсыруға бас дәрігер­дің өзі бірінші болып келді. Бұдан кейін  осы баста­маға ұйытқы болған Айман Төлегенқызы бастаған дәрігерлер мен мейірбикелер қан тапсырды. Төртінші аурухананың дәрігерлерінің осы қайырымды шара­ларының нәтижесінде 26 литр қан жинақталды. Ал бұл қаншама адамның өмірін сақтап қалуға  мүм­кіндік береді. Жарайсыңдар, адам  өмірінің араша­шылары.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *