Балалар былғары доптан бақ сынасты

Алмалы ауданына қарасты №62,134 орта мектептердің футбол алаңында аудан әкімі аппаратының ұйытқы болуымен нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күреске үндеген «Біздің жазғы эстафета» акциясы аясында балалар мен жасөспірімдер арасында шағын-футболдан турнир өткізілді.

Айнабай МӘДИ

Аталған турнирге аула клубтарының мүшелері, аудан­дағы әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасынан шыққан жеткіншектер, аудандық ІІБ-ның кәмелетке толмағандар істері жөніндегі бөлімшесінде тіркеуде тұрған балалардан жасақталған құрама командалар қатысты. Бразилиядағы әлемдік дүбірлі доп додасынан соң өтіп отырған аудандағы жас өрендер жарысының мақсаты – балалар мен жасөспірімдерді салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, олардың бойындағы отансүйгіштік, төзімділік пен табандылық қасиетті арттыру.

Доп додасы дәстүрге айналғандықтан, биыл да қатысу­шылар саны көп. Балалардың жас айырмашы­лығына шек қойылмауы да бір ерекшелік. Бұл жолғы былғары доппен басталған салауаттылық сайысы – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауын­дағы салауатты ұрпақты қалыптастыру тармағынан бастау алатын жоспарды жүзеге асыру жолындағы шараның бірі. Турнир жеңімпазы мен жүлде­герлері бағалы сыйлықпен, мақтау қағазы мен арнайы кубокпен марапатталды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *