Балаларға арналған шеру өтеді

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында қала тұрғындары мен қонақтарына арналған ерекше мерекелік қойылымдар ұйымдастырылып отыр.

1 маусым күні сағат 10:00-де ҚБТУ-нің алдында, «Астана алаңында Алматы қаласындағы балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдері шеруінің салтанатты ашылуы өтеді. Іс-шараның барысында балалар шеруі, эстрада жұлдыздары мен балаларға арналған ойын-сауықтың шоу-бағдарламасы көрсетіледі.

Іс-шара шеру үлгісінде өткізіледі. Шеру «Астана» алаңынан басталып, онда флэш-моб өткізіліп, концерттік бағдарлама қойылады. Одан әрі жаңартылған Панфилов көшесінің бойымен шеру жалғасып, Жібек Жолы көшесінде аяқталады.

«Арбат» алаңындағы мерекелік бағдарлама аясында интерактивтік ойындар, байқаулар, әртістердің концерт-көрсетілімдері өтеді.

Балаларды қорғау күні мерекесіне орай «Raim и Artur», «Сенім» вокальды-хор студиясы және басқа да отандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.

Өзіндік серпіні бар  музыка өңдеушілері мен би өнері, костюмді театрлық  көріністер мен шоу-бағдарламалар қала тұрғындары мен қала қонақтарына мерекелік жазғы көңіл-күй сыйлап, қаламыздың оркестрлік бірліктерінің өнеріне тамсандырады.

Осыған орай 30, 31 мамыр мен 1 маусым күндері Гоголь, Әйтеке би, Қазыбек би және Төле би көшелерінің Панфилов көшесімен қиылысы  жабылады. Сондай-ақ, мерекелік көрініс қойылатын Назарбаев даңғылы мен Абылай хан даңғылы аралығындағы Төле би көшесі жабылатынын ескертеміз.

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *