Балаларға қамқорлық – баршаның ісі

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 9 қаңтарындағы хатын орындау мақсатында 10 қаңтар мен 10 ақпан  аралығында №175 «Жаңа ғасыр» гимназия қабырғасында «Қамқорлық» акциясы өтті.

Акцияның мақсаты – әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған, көпбалалы, тұрмысы қолайсыз отбасылардың балаларына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және басқа санаттағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету.

Акцияның жоғарғы деңгейде өткізілуіне ұжым басшысы мен  ұстаздары  белсенді атсалысуда. Жоспарланған  іс-шараларды уақытында өткізілуін қамтамасыз ету барысында бұйрық шығарылып, іс-шаралардың жоспары жасалып бекітілді. Сондай-ақ, арнайы ақпараттық бұрыштама да ұйымдастырылған.

Гимназияның оқу-тәрбие ісінің орынбасарларының жетекшілігімен Таугүл-3 ықшамауданының аумағындағы түнгі клуб, компьютерлік клубтарда, ойын-сауық орталықтарында кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің кешкі сағат 20.00-ден кейінгі уақытта бей-берекет, қараусыз жүрмеуін алдын алу мақсатында кешкі рейдтер жүргізілді.

Әлеуметтік қорғалмаған отбасы балаларына «ИМРАН»  тігін компаниясы спорттық киімді тегін алуға мүмкіндік жасап отыр және де асхана  арендаторы ИП «Сейльханова» қамқорлыққа алынған төрт оқушының  отбасына қаржылай сыйақы беріп, жыл бойы 20 оқушыны тегін ыстық  тамақпен қамтамасыз етіп отыр. Мектеп ұжымы 17 оқушыны мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті. Алдағы  уақытта да осындай іс-шаралар өткізіліп, жалғасын таба береді.

 

С.БИЖАНОВА, №175 «Жаңа ғасыр» гимназиясы

директорының оқу-тәрбие  ісі жөніндегі орынбасары.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close