БАЛАБАҚШАДА ӨТКЕН СЕМИНАР

Жуырда Наурызбай ауданы, №172 бөбекжай-балабақшасында «Оқу  процестеріндегі ойын түрлерінің маңыздылығы» тақырыбында қалалық   семинар өтті.

Семинарға   Алматы  қаласы  «ҚББЖТҒӘО»  мектепке  дейінгі тәрбие  мен  оқыту  бөлімінің  жетекшісі  Ж.Алиакбарова,   әдіскері  Г.Құр­ма­налиева, Наурызбай  аудан­дық  білім  бөлі­мінің  бас  маманы  М.Зеитова  және  мектепке  дейінгі  білім  беру ұйым­дары­ның   әдіскерлері  мен  тәрбиешілері  қатысты.

Семинардың  мақсаты –  педагогтарға  мек­тепке  дейінгі  білім  берудің мемлекеттік  жалпыға  міндетті стандарт  талаптарына сәйкес  балаларды  дамыту  мен тәрбиелеу үшін  оқу  материалдарын  дайындауда  инновациялық  әдіс-тәсілдерді  қолдану арқылы   педагоги­калық шеберліктерін  арттыру, жаңалыққа  құштарлығын  ояту.

Оқу процестерінде  қолданылатын  ойын­дар балалардың таным белсендігін жандан­дыратын, өздігінен ойлауын  дамытатын тәсіл­дердің бірі. Олар кез-келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, балалардың көңіл-күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және өтілген тақырыпты жеңіл меңгеруге көмектеседі. Тақырыпты ашу  барысында ойын арқылы дамытуға арналған тапсырмалар жүйелі қолданылып, ұйымдас­тырылып отырса, сонда ғана  педагогтың   тақырып мақсатын  ашуына мүмкіндік  береді.

Осыған  орай, балабақша  педагогтары  оқу  процестеріндегі  қолданылатын   ойын  түрле­ріне байланысты көрме ұйымдас­тырып,  кәсіби  шеберліктерімен бөлісті.

А. НҰРАСЫЛОВА,

 №172 бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі.

 

Қамқорлыққа бӨленгендер кӨп

Алматы қаласы, Медеу ауданындағы №77 жалпы білім беретін мектепте міндетті оқу айлығы аясында «Қамқорлық – асыл қасиет» атты республикалық қайырым­дылық акциясы ұйымдастырылды. Бір ай бойғы шараның мақсаты – тұрмысы төмен, көпбалалы отбасы балаларын жылы киім-кешекпен және кеңсе заттарымен қамта­масыз ету.

Бастамаға мектеп ұжымы, ата-аналар, оқушылар және мектеп түлектері 400000 теңге көлемінде демеушілік көрсетті. Бұл қаржыға он оқушыға қыстық киім алынды, сонымен қатар, таэквондо секциясына мектебімізден бірнеше оқушының тегін қатысуына мүмкін­дік берілді. Шараға бел­се­не қатысып, көмек қолын созған барлық азаматқа мектеп ұжымы зор алғысын білдірді.

Алмагүл ҚҰДАБАЕВА,

әлеуметтік педагог.

 

«Қайырымдылық – адам жанының  нұры»

Республикалық «Қамқорлық» акциясы   аясында Әуезов ауданындағы  №42 мекте­бінің  директоры  Ләззат Сүлейменова пен  дирек­тор­дың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Айсәуле Қарымбайдың  ұйымдастыруымен, ұжым мүшелерінің белсенді атсалысуымен    ата-аналар, демеушілер,  мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерінің  назарын  қамқорлыққа   аудар­тып, олардың тарапынан  аталған санаттағы  оқушыларға   көмек   көрсетілді.

Ақпараттық  бұрыш  ұйымдастырылып, барлық сынып жетекшілер  акцияның мақсат, міндеттерімен  таныстырылды, мектепшілік  бұйрық  шығып, іс-шара жоспары құрылып, соған  сәйкес  көптеген  жұмыстар  атқарылды. Спорттық  ойын түрлерінен  жарыс  өткізіліп, оған аталған санаттағы  оқушылар  мен ата-аналар қатыстырылды. «Мейірімділік жан шуағы» атты концерт өткізілді. Қорытынды­сында білім ордасында  өткен ауқымды іс-шарада  әлеуметтік жағынан аз қамтылған  оқушылар  киіммен, азық-түлікпен, оқу құрал­­дармен қамтамасыз етілді.     Қазақтың ұлы ақыны Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» деген даналық сөзін  басшы­лыққа ала  отырып, әрқашан ұйымшыл, бауырмашыл болып,  қамқорлық  көрсетуден аянбай қызмет етсек болашақ ұрпақ  жүрегіне ізгілік егетініміз айдан анық.

Айжан ҮСІПХАНОВА,

 №42 мектептің  әлеуметтік  педагогі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *