Балаңыз 1-сыныпқа бара ма?

Рая ЕСКЕНДІР

 

Биылғы жылы 1-сыныпқа баратын балаларды қабылдауда біршама өзгерістер бар. Осыған орай, ҚР Білім және ғылым министрлігі биылғы бірінші сыныпқа қабылдау ережесіндегі жаңа өзгертулер мен толықтыруларды жариялап отыр. Сонымен бастауыш, негізгі орта және жалпы білім беру ұйымдарының оқуға қабылдау ереже­сіне сәйкес, жалпы білім беретін оқу бағдар­ла­масын іске асыратын білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымдарының қызмет көрсету аумағында тұратын 7 жасқа толған және 6 жасқа тола­тын барлық баланың 1 сыныпқа қабылдауын қамтамасыз ететін болады.

Осы жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында туған балалар 1-сыныпқа бара алады. Өйткені, ол балалар жылдың соңына дейін алты жасқа толады. Сөйтіп, мектепке қабылдану құқығына ие болады. Білім алушы баланың ата-анасы немесе өзге де заңды өкілдері білім алу үшін кез-келген білім беру ұйымын таңдауға құқылы. Егер білім беру ұйымы баланы қабылдаудан бас тарта қалса, білім алушының ата-анасы немесе заңды өкілдері жергілікті Білім басқармаларына шағымдана алады делінген министрліктің хабарламасында.

Сонымен қатар, биылғы жылы 1-сынып­қа баланы қабылдауға қажетті құжаттар тізімінен мекен-жай анықтамасы алынып тасталды. Балаларды 1-сыныпқа қабылдау 1 маусым мен 30 тамыз аралығында жүргізіледі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *